Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет29/46
Дата20.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#192181
түріСеминар
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Зерттеушілік оқыту технологиясы жеке тұлғаның шығармашылықпен жұмыс істеп, зерттеушілік іскерліктер мен дағдыларды меңгеруін қалыптастыруда маңызды болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Шығармашылық зерттеушілік – ізденіс кез келген кәсіптің ажырамас бөлігі, сондықтан мектеп оқушысын төменгі сыныптан бастап зерттеу әрекетіне дйындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып саналады. Қоршаған ортаны зерттеуге ұмтылу тірі жан психикасының тамаша ерекшеліктерінің бірінен саналады. Табиғат мұндай ерекшелікті тек адамдарға ғана емес, жануарларға да берген.
Зерттеу, іздеу белсенділігі – баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс, білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін үдеріс. Зерттеушілік әрекетті адамның интеллектуалдық – шығармашылық тәжірибесінің ерекше түрі ретінде қарастыру керек. Зерттеушілік әрекеттің жемісті жүзеге асуы үшін субъектіден арнайы тұлғалық білім – зерттеушілік қабілет талап етіледі. Зерттеушілік қабілет отандық психология дәстүрлерімен сәйкес, тұлғаның зерттеушілік әрекеттің жемісті жүзеге асуының субъективтік шарттары ретіндегі жеке психологиялық ерекшелігі болып табылады [19].
Зерттеу қызметінің әдістері мен амалдары ретінде оны жүзеге асыруға қажетті мәселені көре білу, болжам жасай білу, бақылай білу, эксперимент жасай білу, ұғымдарға және басқаларға анықтама бере білу сияқты әдістер мен амалдарды түсіну керек. Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы – ол белгісізді, жаңа білімді іздеу үдерісі. Бұл - адамның танымдық әрекеттерінің бірі.
А.К. Маркованың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Жалпы кәсіптік жұмыста мұғалім үшін зерттеушілік іскерліктер мен дағдыларды меңгеру маңызды орын алады. Ол кез келшен әдіс – тәсілді оқу – тәрбие үдерісінде кәсіби тұрғыдан жүзеге асырумен қатар әрбір оқушыны, оның құрдастарымен, ата – аналарымен қарым – қатынасын анықтап отыру, мұғалімнің педагогикалық – психологиялық тұрғыдан білімінің зеректігін көрсетеді [20].
Бүгінгі күн талабы – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі үш бағытты алады. Олар: оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып, жеке даралық бағытта оқыту; оқушының әлеуеттік мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жеке даралық бағытта оқыту; ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы керек: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру [20].
Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу үдерісінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының азаматтық мәдениеттің қай саласында болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс - әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Осындай мақсат, міндеттерді жүзеге асыру үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімі зерттеушілік әрекетке жоғары оқу орнында дайындалуы керек. Ол үшін студенттердің белгілі бір тақырыптар төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар орындауы қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет