Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет32/46
Дата20.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#192181
түріСеминар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Жүргізуші:
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы.
Сайысымыздың келесі бөлімі бойынша, информатиканың даму тарихы бойынша әр кезеңіне сұрақтарға жауап беру.
Информатиканың даму тарихының І-кезеңімен жүргізуші таныстырып өтеді.
Информатиканың даму тарихының І-кезеңінде 1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын.
І-кезең: Алдын ала дайындалған флипчарттың 5-бетіндегі тапсырмалардағы сұрақтарға жауап беріп, бірінші болып «Компьютер» суретін құрастыру (флипчарттың 6-беті, флипчарт бетіндегі әр тапсырманы дұрыс орындағанда компьютердің бір бөлігі шығып отырады. Осылайша барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған кезде «Компьютер» суреті экранға шығады. Жұмыс бетке сілтеме жасау арқылы орындалады).
1-топ. «Компьютер» суретін құрастыруға арналған сұрақтар:

  1. Информатика дегеніміз не?

  2. Таңбаша дегеніміз не? Жұмыс үстелінде таңбашаны қалай құрады? (Таңбаша дегеніміз файлға нұсқайтын арнайы белгіше. Маустың оң жағын басу: Создать – Ярлык)

  3. Файл дегеніміз не? (Файл бұл байттар тізбегі)

  4. Терезе дегеніміз не және оның түрлері (Қапшық терезесі, қолданба терезесі, сұхбат терезесі, анықтама терезесі)

5) Paint графикалық редакторында сақталған файлдың типін ата. ( .bmp)
2-топ. «Компьютер» суретін құрастыруға арналған сұрақтар:
1) Ақпарат дегеніміз не?
2) Себет дегеніміз не? (Себет – бұл өшірілген объектілер, қапшықтар, файлдар, таңбашалар)
3) Қапшық дегеніміз не? Қапшықты жасау жолдарын айт.
(Қапшық – бұл объектілер бірлестігі. Маустың оң жағын басу – Создать –Папка )

  1. Windows операциялық жүйесі дегеніміз не?

(Операциялық жүйе компьютердің барлық жүйелерінің, бағдарламалық жабдықтаманың жұмыстарын басқару үшін және адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін керек)
5) Paint графикалық редакторы терезесінің элементтерін ата. (Тақырып қатары, меню қатары, сурет салу аймағы, құралдар жиыны, түстер палитрасы)
Жүргізуші:
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – қиын жерге сүрінбе,
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт,
Мықты болсаң заманыңды көктеп өт!
Информатиканың даму тарихына саяхат бойынша
ІІ-кезеңмен таныстыру:
1948 жылы электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен –транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.
ІІ-кезең бойынша сұрақтар қойылады.
Үй тапсырмасы бойынша «Сөзжұмбақ шешу» (флипчарттың 7-беті)
Жүргізуші:
Шақырамыз, келіңдер жарысуға.
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Ал кәне кім шығады сайысуға.
Көрермендермен сайыс.
Сайыстың екінші кезеңі бойынша қорытындысын шығару.
Жүргізуші:
Информатиканың даму тарихына саяхат бойынша ІІІ-кезеңімен таныстырады.1970 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини ЭЕМ-дер шыға бастады. Осындай микропроцессорлардың шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды. Осы жылдары «тұрмыстық компьютерлер» деп аталатын микрокомпьютерлер шықты.
ІІІ-кезең бойынша тапсырма: «Компьютер әлемі» тақырыбы бойынша сурет салу, шығарма жазу (флипчарттың 8-беті).
Музыкалық үзіліс.
Жүргізуші: Ән-көңілдің ажары дегендей әнге кезек берелік.
ІІІ кезеңнің қорытындысын шығару.
Жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап тұру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талаптыға.
Информатиканың даму тарихы картасы бойынша IV-кезеңмен таныстыру: 1981 жылы ІВМ фирмасы жасаған, кейіннен «Дербес компьютер» деп аталатын шағын компьютерлер шықты.
IV-кезең бойынша тапсырма: Компьютермен жұмыс істеуде пайдалы және зиянды жағын айту (флипчарттың бос бетіне «Қалам» құралын қолданып жазу).
Үзіліс кезеңі: «Компьютер» сән әлемінде. Оқушылар сән үлгілерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет