Жүргізуші: «Компьютер әлеміне қош келдіңіз!». Жеңген топтың капитаны «Компьютер әлеміне» кіру үшін сандықшадағы кілттегі сөзді оқиды. «Компьютер – ХХІ ғасырдың ең басты құралы».Кешті қорытындылап, сайысқа белсене қатысқан оқушыларды марапаттап, сыйлықтарын ұсыну.Бұл сабақта әдістемелік материалдар флипчартта алдын-ала дайындалып қойылған. Интерактивті тақтаның негізгі және арнайы құрал-саймандары, кітапхана ресурстары, беттерге, файлдарға сілтемелер еркін қолданылды.
Қорытындылай келе, сабақ интерактивті тақта көмегімен жеңіл түсіндіріледі. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.
Мысалы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде қолданудың тиімділігіне тоқталайық. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөнінде ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген.
ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары білім беру саласындағы түрлі зерттеулердің нәтижесінде “ білім беру технологиясы” ұғымының орнына “педагогикалық технология” термині қолданыла бастады. Сөздікте «Технология дегеніміз - өнімді өндіру үдерісінде шикізаттың немесе материалдық формасын, қасиетін, күйін өзгертетін, оларды өңдеу мен дайындаудың әдістерінің жиынтығы», - деп көрсетілген [2]. М.В.Кларин: “Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді”,- деп анықтама берсе, белгілі ғалым В.М. Монахов: “технология оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі”,- деген түсініктеме береді. Ал қазақстандық ғалым – педагог М. М.Жанпейісова: “Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңында оқушының дамуына жағымды жағдай жасайды” - деп көрсетті. Мемлекеттік бағдарламада «оқу үдерісіде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі», -делінген [1]. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, оқу үдерісіндегі пайдалану ерекше қарқынмен дамып келе жатыр. Соның нәтижесі ретінде бүгінгі күнгі бүкіл әлемді бір-бірімен еркін байланыстырып отырған, білім беруді-ақпараттандырудың маңызды факторы интернет желісін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқу құралы ретінде қолданылатын электронды оқулықты, сонымен қатар интерактивті тақтаны алуымызға болады.
Интернет кез-келген компьютермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы [3]. Интернетке кіруде телефон байланысы немесе технология тілінде «шлюз», «гейт» деп аталып жүрген трансмұхиттық талшықты-оптикалық желілер мен ғарыштық арналар пайдаланылады. Қызметтері дербес жүргізілетін мұндай жүйелер арқылы бүкіл жер шарын қамтитын біртұтас жаһандық желі құрылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда интернет әлемнің барлық елдерін түгел қамтып, оның қызметін 500 миллионнан астам адам пайдаланады, және ай сайынғы көрсеткіш 7-10 пайызға өсіп отыр екен. Ең алғаш интернет АҚШ-та 1969 жылы 29 қазан күні ARPAnet арқылы Стондфорт ғылыми-зерттеу институтынан Лос-Анжелестегі Калифорния университетіне ақпарат жолдаған. 1991 жылы сәуір айынан бастап интернет еліміздің аумағында еркін тарала бастады. 1994 жылы 19 қыркүйекте Халықаралық желілік ақпарат орталығында отандық сайттар шоғырын жоғары деңгейлі топтастырған kz домені тіркелді. Нәтижесінде қазақстандық сайттар өндірісі аса серпінді күшпен өрістей бастады [4]. Оқушы немесе студент т.б. жас ұрпақтың жаңа дәуір көрсетіп отырған талаптар биігінен көріну үшін, ақпарат құралы интернетті қолдануымыздың маңызы зор. Негізгі себептерін атап өтер болсақ: жаңа технологияларды жақсы меңгерген оқушының бойында жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады; интернеттің қазіргі мүмкіндігіне аса мол ақпарат қамтылу мүмкіндіктері кеңейеді; қажет материалды тез әрі жылдам, қажетті мөлшерде ұсынады.
Интернеттің негізгі қызметтерін атап өтер болсақ Ол: телекомуникациялық жүйе; бұқаралық ақпарат құралы; сауда қызметіне дәнекер болады; орасан ойын және демалыс индустриясы. Оқушыларға білім негіздері ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы түсіндірілсе, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артып, ынталанады. Мұғалімнің де сабақ берудегі әдістері жан-жақты болады. Оқушылар үшін электронды оқулық мектеп қабырғасында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызығып, еркін, және шаршамай орындайды. Бір сарынды сабақ пен оқулықтан аса алмаған мұғалімнің сабақтары оқушыларды жалықтырады және белсенділігін төмендетеді.
Электронды оқулық оқушы үшін өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беруімен қатар, білімін тереңдете түсу үшін қосымша материалдар алуға мүмкіндігі мол. Компьютерге негізделген электронды оқу құралы - ғылыми курс бойынша типтік бағдар-ламаға негізделген бірізді жүйеге құрылған гипермәтіні, анимациялары (көрнекіліктері) әр түрлі деңгейлі, интерактивті жаттығулар мен оқу және тест тапсырмалары бар, мультемедиялық элементтер араласқан оқу дискісі. Электронды оқулықты қолданудағы басты ұстанымдар: оқу материалының ғылыми жүйелігі, бірізділігі; ғылыми ақпараттың (теориялық білімнің) молдығы, басымдығы; жаттығу-тапсырмалардың білім, білік, дағды қалыптастыруға мүмкіндігі; бақылаудың үздіксіздігі; білімнің нәтижелігі; интерактивтілігі; икемділігі; жағымды мотив, ынталандыру; жеке және ұжымдық әрекеттесу бірлігі; белсенділік, сапалылық; ізгілік [5]. Электронды оқу құралы мазмұндық, әрекеттік, бақылау, бағалау және қосымша бөліктерден тұрады. Мазмұндық бөлігі білім, операциялық-әрекеттік бөлігі білік, дағдылар, кәсіби біліктілік, бақылау бөлігі білімді игеру сапасының анықтауға бағытталады. Сонымен, электронды оқу құралындағы басты бөліктер өзіндік мазмұндық сипаттармен ерекшеленеді.
Интерактивті тақта оның басты жетістігі – компьютерлік үдерістер сол тақтаның бетінде көрсетілуінде; оқушылар мен тақта, сабақты жүргізіп тұрған мұғалім үштігінің тығыз қарым-қатынасында интерактивті сабақтың тұтастығында, бүтіндігінде. Егер осыған дейін сабақ өткізген мұғалім компьютер тетігіне тығылып, байланып қалатын болса, интерактивті тақта жағдайында ол биіктік пен кеңістікте самғап шыға келгендей әсер қалдырады. Интерактивті тақта арқылы мультимедиялық мәтін жазылған бейне материалдар, слайдтар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар т.б. қолданып, мұғалімдер өз пәні бойынша түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсете алады. Тақтаның бетіне асығыс сыза салған сызбалар, (үш бұрыш, төрт бұрыш т.б.) не әріп, жазбалар әдемі қалпында жазылады. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері: 1) уақыт үнемділігі; 2) аз уақытта көп білім беріледі; 3) көрнекілік кестелер, кеспелер әдемі қалпында түседі; 4) мәтіндерді оқып, талдауға мүмкіндігі мол; 5) оқушылар өз бетінше де жұмыс істей алады; 6) барлық оқушы тақтадағы білімді ықыласымен меңгереді. Міне осылайша интерактивті оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де өте тиімді, ыңғайлы болуымен ерекшеленеді [6].
Қорытындылай келгенде, еліміздің кепілі, болашақ тірегі мектептердің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру әрбір педагогтің міндеті деп ойлаймыз. Ағартушы Д.Пойаның мынадай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек». Сондықтан ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үдерісіне жан-жақты пайдалана білуіміз керек. Егер оқушыларға ақпараттық-технологияларды өз деңгейінде меңгерте білсек, дамыған 50 елдің қатарына үлкен жетістіктермен жетеріміз анық.
Әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы, 2002
Совет энциклопедиялық сөздігі. М., 1977
Айтбаева А.Б. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы, 2006
Бораш Қ. «Интернеттен именбе» // «Егемен Қазақстан» 2008.
Сүлейменова Ж.Н. Қазіргі қазақ морфологиясын жоғарғы мектептерде оқыту әдістемесі. Алматы, 2005.
Интернет материалы-www coogle.kz.
«Информатика негіздері», 2006. - №4.
Мұхамбетжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивтік жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері: Әдістемелік құрал. Алматы, 2009. 52-бет.
9. Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану //Информатика негіздері. 2008.- №5.
Достарыңызбен бөлісу: |