Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет41/46
Дата20.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#192181
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Нәтижелік қойылған мақсатқа байланысты қол жеткен жетістіктердің әсерлілігін және сапасын көрсету.
Ғылым әдіснамасы бұл – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау, идеялар жиынтығы.
Ойлау – талдау (анализ), жинақтау (синтез), дерексіздендіру (абстракция), жалпылау сияқты операциялардан тұрады.
Оқу алдын ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырады.
Оқушылардың бірлестігі – ұжымдық еңбек әрекеті барысында – қарым-қатынасты қолданудың шарты болады;
Оқушылардың танымдық белсенділігі – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеруге және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге оқушының істейтін саналы әрекеті.
Оқыту - ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, ақыл-ой қаблеті мен танымдық қызығушылығын дамытуға білім, біліктілік, дағды жүйесін саналы берік меңгеруге бағытталған мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің екі жақты процесі.
Оқыту білім алудың маңызды жолы, ол оқушыларды біліммен, іскерлік және дағдымен қаруландырып, олардың санасы мен мінез-құлқына әсер ететін педагогикалық процесс.
Оқыту әдістері оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушының қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Оқыту құралы – бұл материалдық немесе нақты нысана, оқушылар мен оқытушының арасында білімді игеру үшін пайдаланады.
Оқыту принциптері – оқу жұмыстарының формасы мен әдістерін оқу мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес ұйымдастырудың мазмұнын анықтайтын бастапқы ереже.
Оқыту процесі мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет