Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


Тәрбие беру – аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Тәрбие әдісі



бет45/46
Дата20.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#192181
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Тәрбие беру – аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі.
Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Тәрбие құралдары – арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.
Тәрбие принциптері – тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің, мазмұнына, әдістеріне, оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері, алғы шарты .
Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.
Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекеттерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды:
Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы.
Типтік оқу жоспары - білім министрлігінде жасалынып бекітіледі, барлық мектептерге ортақ, ал оқу жоспары мектептің түрлеріне орай жасалынады.
Түйсік - сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуі.
Ұғымдар (категориялар) – объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы, санамыздың сатылары.
Ұғыну бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғыну, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару.
Факультативтік жұмыс оқушылардың сұранысы және қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылып, оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді.
Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз, байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды.
Халықтық педагогика – ұлттық мәдени мұралары мен тәлім-тәрбиесі негізінде қоғамдық сананы қалыптастыру мәселелерін зерттейтін, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет