Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


-семинар. Дидактикалық зерттеу әдістеріндегі инновациялар



бет69/103
Дата19.09.2023
өлшемі0,81 Mb.
#181613
түріСеминар
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
Байланысты:
СЕМИНАРЛАР-1

10-семинар. Дидактикалық зерттеу әдістеріндегі инновациялар

Инновациялық білім беру мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін жоғары мектеп оқытушысының инновациялық әрекетке даярлығын қалыптастыру алғы шартын зерттеу мысалында қарастырдық. Инновациялық қабілеттілік оқытушыға өз педагогикалық іс-әрекетін зерттеу үшін және білім алушыға өзінің оқу іс-әрекетін жетілдіру үшін қажет. Инновациялық ЖОО-дар жаңа білім беру үлгілерін құрып, жаңа технологияларды өңдеу арқылы жаңа педагогикалық жүйеде әлі пайда болмаған мәдени білімді қалыптастыра бастайды.


Оқытушының инновациялық мәдениетін арттыру жағдайына ғылыми-әдістемелік жұмыс жатады (кафедрадағы, зерттеу топтары және т.б.), озық педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық инновацияның ғылыми талдауы, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін кешенді түрде ендіру; психологиялық-педагогикалық түрлі теориялардың өзара әрекетін жүзеге асыру, мына сызба бойынша: «теория – тәжірибе – теория», педагогикалық инновациялық әрекет, зерттеу жұмыстары. Құрастырылған үлгінің оқу үдерісінде жүзеге асыру тетіктері магистрлерді инновациялық іс-әрекетке даярлау тиімділігін арттырудың дидактикалық жағдайларымен анықталады (10-сурет ЖОО оқытушысының инновациялық әрекетке даярлығы үлгісі). Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын диагностикалау тәжірибелік-педагогикалық жұмысты бастамас бұрын және аяқталған соң анықталып отырды. Инновациялық іс-әрекетке даярлығын анықтау өлшемдері ретінде келесі көрсеткіштерді анықтадық:

  • инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін түсіну;

  • ЖОО-ның тәжірибелік жұмысына жаңаны ендіру бойынша шығармашылық іс-әрекетке даярлығы;

  • инновацияны ендіруге бағытталған әрекетінің жемісі болатынына сенімділік;

  • жеке мақсаттары мен инновациялық іс-әрекет мақсаттарының сәйкестігі;

  • шығармашылық сәтсіздіктерді жеңуге дайындығы;

  • инновациялық іс-әрекеттің кәсіби және жеке тұлғалық мәдениетте негізделуі;

  • инновациялық іс-әрекетті орындауға технологиялық дайындық деңгейі;

  • өткен тәжірибесін инновациялық іс-әрекетте қолдану;

  • инновациялық іс-әрекеттің кәсіби дербестілігіне әсері;

  • кәсіби рефлексияға қабілеттілік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет