ОЖСӨЖ №22
ОЖСӨЖ мазмұны: Аңызға айналған Алып Ер тоңа батыр немесе Афрасиаб.
ОЖСӨЖ мақсаты: Топ студенттерін кішігірім топтарға бөліп, талқылауға қатыстыру арқылы Алып Ер тоңа батыр немесе Афрасиаб туралы ой қозғауына, қозғалысқа сыни баға беруіне түрткі болу.
Әдістемелік нұсқау: «Кішігірім топтар» әдісі.
«Кішігірім топтар».
Топ студенттері арасынан өздерінің қалауы бойынша кішігірім топтар құрылады. Әр топта «лидер» - топ басшысы анықталады. Әр кішігірім топтың ОЖСӨЖ сабағындағы ролі бөлінеді. Мәселен, «баяндамашы-топ», «оппонент-қорғаушы-топ», «оппонент-сынаушы-топ» болып бөлінеді.
«Баяндамашы-топ» - аудитория алдына қарастырып отырған мәселенің нақты, алдын-ала ойланған, аргументтелген негізгі мазмұнын береді, нақты мысалдармен және фактілермен ойларын дәлелдейді.
«Оппонент-сынаушы-топ» - «баяндамашы-топқа» сұрақтар қояды, олардың берген мәліметтеріндегі аргументтерді, мысалдарды, фактілерді, ой-қорытындыларын сынға алады.
«Оппонент-қорғаушы-топ» - «баяндамашы-топтың» позициясын қолдайтын және нақтылай түсетін жаңа фактілер береді.
Әдебиеттер: Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең).-Алматы: «Білім», 2002.; Асан Бахти. Шумерлер, скифтер, қазақтар. – А.: Көшпенділер, 2003.; Геродот. Страна скифов: Алматы: ИД «Кочевники», 2003. – 168 с.; Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар – Алматы: Жалын – К. 1 – 1994 – 368 бет (38-79; 166-190; 200-209 беттер); Ирмуханов Б.Б. Усунь и этногенез казахского народа. – Алматы: «Наш Мир», 2006 – 124 с.; Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. – Алматы, 2006.42-89 беттер; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. - А., 1996.; Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - А., 1992.; Ұлы Дала мемлекеттері. – Алматы: «Адамдар» баспасы, 2006. – 216 бет. Ғылыми кеңесші Зардыхан Қинаятұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Достарыңызбен бөлісу: |