Семинарлық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат

Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің басты ерекшелігі?

бет8/12
Дата12.11.2016
өлшемі1,92 Mb.
#1593
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің басты ерекшелігі?

4. Орталық Қазақстанның «мұртты» обалардың неше түрі кездеседі?

5. Тасмола мәдениетінің бірінші кезеңі?

6. Тасмола мәдениетінің екінші кезеңі?

7. Тасмола мәдениетінің үшінші кезеңі?

8. Ұлыбай-Тасмола мәдениетінің үш кезеңі?

Дәріс №17, 18

Тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:1. Жетісу сақтарының екерткіші – Бесшатыр қорғаны. 2. Оңтүстік Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер – Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге Бесшатыр, Түгіскен, Ұйғарақ археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер беру.

Дәрісте Бесшатыр, Түгіскен, Ұйғарақ ескерткіштері жөнінде мәліметтер беріледі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Бесшатыр қорғанының уақыты?

2. Бесшатыр қорғаны неше обадан тұрады?

3. Түгіскен, Ұйғарақ ескерткіштері орналасқан аймақ?

Дәріс №19, 20

Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ғұндар, этникалық тегі.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Қазақстан аумағындағы ғұндар. 2. Қазақ халқының этносоциогенезіндегі ғұндардың алатын орны. 3. Қытай жазбаларындағы ғұндардың этникалық тегі туралы мәселенің тарихнамасы. 4. Хундар мекендеген аумақ. 5. Азиядағы хундар құрған мемлекет. 6. Шығыс Еуропадағы хундар империясы.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге “хунну”, “усун” атауларына түсініктеме бере отырып, саяси тарихы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы туралы мәліметтер беру.

Б.з.б. І мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке және Ордосқа дейін созылып жатқан дала мен шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ-Сюнну және Дунху бірлестіктері еді.

Сюннулар(хунну немесе ғұндар деп аталады), әсіресе, б.з.б. ІІІ ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. “Ғұн” деген атаудың өзі кейінірек сюнну(хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды.

Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың құдыреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан “Ғұн” атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде қытайлықтар ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғұн тайпалардың бірігіп топтасуы б.з.б. 174 жыл.

Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғұндар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, оларды өзіне қаратты. Мөде батыста юечжей тайпаларына жорық жасап оны бағындырды. Б.з.б. 200 жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды. Ал б.з.б. 200 жылы қытай Хань әулетінің негізін салушы Лю Баньмен соғысып, оны жеңді. Ұлы Қытай қорғаны салынуының бір себебі осы ғұндардың шабуылынан қорғану амалы еді. Б.з.б.188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры “тыныштық және туыстық” жайлы шартқа қол қойды. Мөде қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, ал Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиісті болды. Соғыстың нәтижесінде Байкал сыртынан Тибетке және шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі ғұндардың қол астына көшті. Ғұн империясы орасан болғанымен ішкі талас-тартысқа толы болды. Мұның өзі б.з.б. 59 жылы өз ішінде соғысқа алып келді.

Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өз тәуелсіздігін сақтап қалып, Солтүстік Монғолия және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарына көшіп-қонып жүрді.

Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне тұңғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны б.з. І ғасырында басталды. 93 жылы Хань империясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулермен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды.

Олар Тарбағатайға дейін келіп, Балқаш өңірінің оңтүстік шығысын жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бұлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, аландар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.

Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Ү ғасырдың 30-шы жылдары ғұндардың басшысы Аттила Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді.

Ғұндардың басты шаруашылығы мал өсіру, соның ішінде жылқы және қой бағу. Оларда сонымен бірге отырықшылық пен егін шаруашылығы, қолөнер де дамыған.

Батыс үйсіндердің шекарасы Шу мен Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс бөліктеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндердің қол басқарушысы гуньмо деп аталған. Ордасы Ыстық көлдің жағалауындағы Чигучен(Қызыл Аңғар) қаласы болған.

Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.б. ІІ ғасырдың аяқ шенінде белгілі бола бастады. Хань император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, “Батыс өлкесіне” б.з.б. 138ж. Чжан Цзянь бастаған елшілік жібергенде ол Жетісуда болып, үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжань Цзяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.

Б.з.б. 73-ші жылға дейінгі үйсіндердің жері үш бөлікке:сол(шығыс), оң(батыс) және гуньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген.

Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егіншілік кәсіпті де білген. Жүн тоқып, тері илеп, киім киген.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. “Хунну”, “сюнну”, “усун” ұғымдарына түсінік беріңіз?

2. Б.з.б. ІІІ ғ. үйсіндер мекен еткен территория?

3. Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің лауазымы?

4. Үйсіндердің астанасы?

5. Ғұндар Қазақстан жеріне қай жерден және қашан келді?

6. Ғұн билеушісі Модэ батыста кімдерге қарсы жорық жасады?

7. Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы қай жылы басталды?

8. Қай ғасырда ғұндар Еуропа жеріне қоныстанды?

9. Ғұндар мен үйсіндердің негізгі шаруашылығы?

10. Ғұндар мен үйсіндердің қоғамдық құрылысы?

11. Ғұндар мен үйсіндердің рухани және материалдық мәдениеті?

Дәріс №21, 22

Тақырыбы: Жазба деректер мен тарихи еңбектерде үйсіндер мәселесі.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Жазба деректер мен тарихи еңбектерде «үйсін» этнониміне берілген түсініктеме. 2. Қытай жазбаларындағы (Сыма Цянь мен Бань Гудың) үйсіндер. 3. Үйсіндердің шығу тегі мәселесі. 4. Үйсіндердің аумағы. 5. Үйсіндердің мемлекеті, әскери – саяси ұйымдасуы. 6. Қазақ халқының этносоциогенезіндегі үйсіндердің алатын орны.

Дәрісте «асман», «усунь» теминдеріне түсінік беріледі, үйсіндер жөнінде құнды мәліметтер беретін қытай деректері сипатталынады, үйсіндер территориясы, үйсіндер мемлекеті, әскери – саяси ұйымдасуы жөнінде мәліметтер беріледі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. «Асман» термині қандай деректер кездеседі?

2. «Асман» терминінің мағынасы?

3. Гуньмо мағынасы?

4. Үйсіндер астанасы?

5. Қашан үйсіндер екіге бөлінді?

Дәріс №23, 24

Тақырыбы: Жазба деректер мен тарихи еңбектерде қаңлылар мәселесі.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Жазба деректер мен тарихи еңбектерде «қаңлы», «кангюй» этнониміне берілген түсініктеме. 2. Жазба деректер мен еңбектерде қаңлылардың тілі мен жазуы. 3. Қаңлылардың орналасу мәселелері және саяси тарихы. 4. Мемлекеттегі шаруашылық-экономикалық қатынастар, сауда.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге қаңлы туралы жазба деректер негізінде орналасу мекені, саяси тарихы, археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер беру.

Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырда “Кангют” деген атпен қытайға белгілі қаңлы түрік тұқымдас тайпалар да өмір сүрген. Сырдария және Талас өзендерінің бойында мекендеген қаңлылардың астанасы Битянь деген қала. Жаңа заман шегінде Кангюй княздігінен 600 мың адамның 120 мыңы соғысқа шығатын жауынгерлер екен. Қаңлылар үйсіндер тарапынан қысым көріп, ғұндардың жәрдем сұрап, көмек алып отырған. Қаңлы тайпасы өзінің сауда, әскери және саяси қызметінде ешқашан шығысқа ұмтылған емес, өз байланыстарын олар батыс бағытта дамытқан.

Қаңлы тайпасының қандай кәсіппен шұғылданғаны жөнінде мағлұмат аз. Бірақ оларда мал шаруашылығы кеңінен дамыған, егіншілік кәсібімен айналысқан, қолөнер ісінде олар алтын, күміс және темірден бұйым жасауды білген. Үйсіндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және экономикалық байланыс жасап тұрған. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни таным көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған.

Бертін келе үйсіндер мен қаңлылардың алғашқы қауымдық құрылысының ыдырай бастағаны байқалады, қоғам байлар мен кедейлерге, еркін жандар мен құлдарға бөлінеді. Бай көсемдер тобы шұрайлы жайылымдарды пайдаланады, оны өзінің меншігі деп есептеді. Үйсіндер мен қаңлылардың бай қожайындары өлсе, онда олардың құлдарын да өлтіріп бірге көметін болған. Мұның өзі сол кезде қоғамның таптық жікке бөлінгенін айқын дәлелдейді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Қаңлы тайпалық бірлестігінің территориясы?

2. Қаңлы тайпалық бірлестігінің астанасы болған қай қала?

3. Б.з.б. І ғ. Қандай тайпалар арасында қырқыстар басталған?

4. Қаңлы тайпалық бірлестігі қандай шаруашылық түрімен айналысты?

Дәріс №25, 26

Тақырыбы: Тіл және жазу, әдебиет, дін.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге ерте ортағасырдағы жазба ескерткіштер мен әдебиет туындылары жөнінде теориялық білім беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:.Көне түрік жазба ескерткіштері және оның маңызы. 2. «Құтаду білік» - түрік халықтарының зайырлы әдебиетінің тұңғыш ескерткіші. 3. Махмуд Қашғари және оның «Диуан лұғат ат - түрік» еңбегі.

Дәрісте әл-Фараби трактаттары, Ж.Баласағұнидың әдеби туындысының, М.Қашғаридың сөздігінің тәрбиелік мәні ашылады, мазмұны сипатталынады, түркі ғұламаларының өмірбаяны, қызметі баяндалады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Әл-Фарабиді не себепті «адамзаттың екінші ұстазы» деп атайды?

2. М.Қашғаридың «Диуан лұғат ат - түрік» еңбегін жазу мақсаты?

3. «Құтаду білік» әдеби шығармасының тәрбиелік маңызы?

Дәріс №27, 28

Тақырып: Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге Ұлы Жібек жолының тарихы жөнінде теориялық білім беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. 2. Ұлы Жібек жолындағы мәдениеттердің өзара ықпалы мен бірін-бірі байытуы.

Дәрісте Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының тармақтары, Ұлы Жібек жолы бойымен Қазақстанға таралған дін тармақтары, рухани және материалдық мәдениеттердің жергілікті халыққа ықпалы сипатталынады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы тармақтары?

2. Ұлы Жібек жолы бойымен Қазақстанға тарлаған дін тармақтары?

3. Ұлы Жібек жолындағы мәдениеттердің өзара ықпалы қандай?

Дәріс №29, 30

6. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.

Тақырыбы

Семинар сабақтарының мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1.

Тарих ғылымының пәні, қалыптасуы.

1. Қазақстан тарихын оқытудағы мақсат-міндеттер, кезеңдері және тарихи маңызы. 2. Қазақстанның ежелгі дәуіріндегі тарихының зерттелуі.

1

Ақышев К. “Қазақ мемлекеті: қайнар көзі, даму кезеңдері, тұрақтануы”. / Қазақ тарихы, 1995 ж., №2; «Қазақстан тарихы» очерктер. - Алматы, 1994 ж.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. – А., 1996 ж.; Назарбаев Н.Ә. «Қазақтың бүкіл тарихы, бірігу тарихы, тұтастану тарихы». \ Ақиқат журналы, 1998 ж.

2.

Қазақстан тарихындағы ежелгі және орта тас ғасыры дәуірі.

1. Тас дәуірінің ерекшеліктері мен кезеңдері. 2. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары.

2

Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы. – А.: «Білім», 2001.; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана. - А., 1993.; Қазақстан тарихы очерктер. – Алматы, 1994.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. А., 1996.; Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита южного Казахстана. - А., 1989.; Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. - А., 1989.; По следам древних культур Казахстана. - А., 1970.; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана. - А., 1993.; Таймагамбетов Ж.К. Палеолитическая стоянка им. Ч. Валиханова. - А-А., 1990.; Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана. – А.-А., 1982.

3.

Жаңа тас ғасырындағы Қазақстан.

1. Неолит дәуірінің ерекшелігі. 2. Неолиттік мәдениеттер.

3

Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. - А., 1989.; По следам древних культур Казахстана. - А., 1970ю; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстанаю - А., 1993.

4.

Мысты тас дәуірі.

1. Энеолит дәуіріне жалпы сипаттама. 2. Энеолиттік Ботай мәдениеті.

4

Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең).-Алматы: «Білім», 2002.; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана. - А:1993.; Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. - А., 1989.; По следам древних культур Казахстана. - А., 1970.; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана. - А., 1993.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. “Казахстан. Летопись трех тысячилетий” А-А., 1992; Көркемсуретті Қазақстан тарихы». Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. – Алматы, 2006.42-89 беттер; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. А: 1996.

5.

Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері.

1. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу аймағы қола дәуірінде. 2. Орталық Қазақстан қола дәуірінде.

5

Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең).-Алматы: «Білім», 2002.; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана. - А:1993.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. “Казахстан. Летопись трех тысячилетий” А-А., 1992; Көркемсуретті Қазақстан тарихы». Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. – Алматы, 2006.42-89 беттер; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. А: 1996.

6.

Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері.

1. Солтүстік Қазақстан қола дәуірінде. 2. Шығыс және Батыс Қазақстан қола дәуірінде.

6

Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең).-Алматы: «Білім», 2002.; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана.- А., 1993.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. – А.-А., 1992; Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. – Алматы, 2006. - 42-89 беттер; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. - А., 1996.

7.

Сақ-сармат дәуірі.

1. Сақ тайпаларының негізгі үш тобы: тиграхауда, парадараиа, хаомаварга. 2. Сақ қоғамының сипати: әскери – демократиялық. 3. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Қолөнер және зергерлік бұйымдар жасау. 4. Сақтардың мәдениеті, діні мен өнері.

7

Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долина реки Или.- А: 1963.; Акишев К.А. Курган “Иссык” Искусство саков Казахстана. - М., 1978.; Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең).-Алматы: «Білім», 2002.; Асан Бахти. Шумерлер, скифтер, қазақтар. – А.: Көшпенділер, 2003.; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана. - А., 1993.; Геродот. Страна скифов: Алматы: ИД «Кочевники», 2003. – 168 с.; Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар – Алматы: Жалын – К. 1 – 1994 – 368 бет (38-79; 166-190; 200-209 беттер); Ирмуханов Б.Б. Усунь и этногенез казахского народа. – Алматы: «Наш Мир», 2006 – 124 с.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. – А.-А., 1992; Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. – Алматы, 2006.42-89 беттер; Кушаев Г.А. Этюды древней истории степного Приуралья.- У: 1993.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. - А., 1996.; Қазақтар: тарихи-этнографиялық анықтамалық. 9-томдық. – А., 1998.; М.Ш. Өмірбекова. Сақ (скиф) тарихы мен мәдениеті. – Алматы: «Зият Пресс», 2004ж. – 112 б.; Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - А., 1992.; Ұлы Дала мемлекеттері. – Алматы: «Адамдар» баспасы, 2006. – 216 бет. Ғылыми кеңесші Зардыхан Қинаятұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

8.

Сақтар, скифтер: «алтын адам».

1. Қазақстанның Жетісу жерінен табылған Есік обасы. 2. «Алтын адам» киіміндегі аңдық стиль. 3. Күміс тостаған мен ақинақ. 4. Сақ тайпалар одағының материалдық және рухани мәдениеті дамуында, атап айтқанда, жерлеу рәсімінде, «скиф - сібірлік аң стилі» деп аталатын өнерінде, тастағы таңбаларда, діни - наным түсініктерінде жергілікті табиғи және әлеуметтік - экономикалық жағдайларға және этно - мәдени алмасуларға байланысты кейбір аймақтық ерекшеліктері.

8

Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долина реки Или.- А: 1963.; Акишев К.А. Курган “Иссык” Искусство саков Казахстана. - М., 1978.; Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең).-Алматы: «Білім», 2002.; Асан Бахти. Шумерлер, скифтер, қазақтар. – А.: Көшпенділер, 2003.; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана. - А., 1993.; Геродот. Страна скифов: Алматы: ИД «Кочевники», 2003. – 168 с.; Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар – Алматы: Жалын – К. 1 – 1994 – 368 бет (38-79; 166-190; 200-209 беттер); Ирмуханов Б.Б. Усунь и этногенез казахского народа. – Алматы: «Наш Мир», 2006 – 124 с.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. – А.-А., 1992; Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. – Алматы, 2006.42-89 беттер; Кушаев Г.А. Этюды древней истории степного Приуралья.- У: 1993.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. - А., 1996.; Қазақтар: тарихи-этнографиялық анықтамалық. 9-томдық. – А., 1998.; М.Ш. Өмірбекова. Сақ (скиф) тарихы мен мәдениеті. – Алматы: «Зият Пресс», 2004ж. – 112 б.; Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - А., 1992.; Ұлы Дала мемлекеттері. – Алматы: «Адамдар» баспасы, 2006. – 216 бет. Ғылыми кеңесші Зардыхан Қинаятұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

9.

Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстанның савромат - сармат мәдениеттері ерте темір дәуірінде.

мен діни сенімдері.

1. Шығыс Қазақстан ескерткіштері – Шілікті, Берел қорымдары. 2. Савромат - сармат мәдениеті. 3.Сақ және савромат тайпаларының шаруашылығы. 4. Сақ және савромат тайпаларының қоғамдық құрылысы. Өнері.

9

Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долина реки Или.- А: 1963.; Акишев К.А. Курган “Иссык” Искусство саков Казахстана. - М., 1978.; Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең).-Алматы: «Білім», 2002.; Асан Бахти. Шумерлер, скифтер, қазақтар. – А.: Көшпенділер, 2003.; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана. - А., 1993.; Геродот. Страна скифов: Алматы: ИД «Кочевники», 2003. – 168 с.; Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар – Алматы: Жалын – К. 1 – 1994 – 368 бет (38-79; 166-190; 200-209 беттер); Ирмуханов Б.Б. Усунь и этногенез казахского народа. – Алматы: «Наш Мир», 2006 – 124 с.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. – А.-А., 1992; Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. – Алматы, 2006.42-89 беттер; Кушаев Г.А. Этюды древней истории степного Приуралья.- У: 1993.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. - А., 1996.; Қазақтар: тарихи-этнографиялық анықтамалық. 9-томдық. – А., 1998.; М.Ш. Өмірбекова. Сақ (скиф) тарихы мен мәдениеті. – Алматы: «Зият Пресс», 2004ж. – 112 б.; Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - А., 1992.; Ұлы Дала мемлекеттері. – Алматы: «Адамдар» баспасы, 2006. – 216 бет. Ғылыми кеңесші Зардыхан Қинаятұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

10.

Ғұндардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.

1. Ғұндардың қоғамдық құрылысы. 2. Ғұндардың шаруашылығы. 3. Ғұндардың материалдық мәдениеті: полихромдық стиль.

10

Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долина реки Или. - А., 1963.; Бернштам А.Н. Очерки истории гуннов. - Л., 1951.; Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в дрение времена. Т. 1. – М.-Л., 1950.; Гумилев Л.Н. Хунну. - M., 1960.; Жұртбаев Дулыға. - А., 1994. К.1.; Исмагулов О.И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. – А.-А., 1992, Ирмуханов Б.Б. Усунь и этногенез казахского народа. – Алматы: «Наш Мир», 2006 – 124 с.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. – А.-А., 1992.; Миняев С.С. Сюнну. - М., 1988; Салғарин Қ. Алтын тамыр. - А., 1986.; Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. - Ташкент, 1925.; Шаһмұрат Төкішұлы Қуанғанов Ғұн немесе арғұн тарихы туралы-А.: Білім, 1997.

11.

Үйсін мемлекеті.

1. Үйсіндердің территориялық орналасуы, олардың әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси ұйымы. 2. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері.

11

Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долина реки Или. - А., 1963.; Бернштам А.Н. Очерки истории гуннов. - Л., 1951.; Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в дрение времена. Т. 1. – М.-Л., 1950.; Гумилев Л.Н. Хунну. - M., 1960.; Жұртбаев Дулыға. - А., 1994. К.1.; Исмагулов О.И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. – А.-А., 1992, Ирмуханов Б.Б. Усунь и этногенез казахского народа. – Алматы: «Наш Мир», 2006 – 124 с.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. – А.-А., 1992.; Миняев С.С. Сюнну. - М., 1988; Салғарин Қ. Алтын тамыр. - А., 1986.; Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. - Ташкент, 1925.; Шаһмұрат Төкішұлы Қуанғанов Ғұн немесе арғұн тарихы туралы-А.: Білім, 1997.

12.

Ежелгі тайпалық одақтар мәдениеті.

1. Сақ мәдениеті. Аңдық стиль. 2. Үйсін және қаңлы тайпаларының тұрмысы. 4. Ғұндардың бейнелеу өнері. Әскери өнер түрлері.

12

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/ І том. – Алматы: Атамұра, 1996.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998. - 336 б.; М.Ш.Өмірбекова Сақ(скиф) тарихы мен мәдениеті. – А., 2004. - 70-91 беттер.

13.

Көшпелілердің шығу тегіне, көшпелілер өркениетіне қатысты тұжырымдар.

1. «Номад» ұғымына түсінік. Номадизм өркениеті. 2. Арийліктер мәселесі. 3. «Еуроорталық» идеясының мәні, қарама - қайшылығы. 4. Қазіргі көшпелілер өркениетіне қатысты тұжырымдар.

13

Акишев К.А. К проблеме происхождения номадизма в аридной зоне древнего Казахстана. // Поиски и раскопки в Казахстане. - А., 1972. - 31 - 47 бб.; Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, «Білім», 2002.; Дигар Ж. Отношения между кочевниками и оседлыми племенами на Среднем Востоке. // Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. - А., 1989. - 33-55 бб.; Кадырбаев М., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. – А., 1992.; Қинаятұлы З. Көшпенділер мемлекетінің пайда болу ерекшелектрі мен типі. // Қазақ тарихы. 2006. №2. – 21-26 бб.; Маргулан А.Х., Акишев К.А., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. – А., 1966.; Маргулан А.Х. Бегазы – Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – А.-А., 1979.; Марков Г.Е. Кочевники Азии. - М., 1976.; Марков Г.Е. Теоретические проблемы номадизма в советской этнографической литературе. // Историография этнографического изучения народов СССР и зарубежных стран. - М., 1989.

14.

Түркі-ислам тарихындағы ұлы ғалымдар, ойшылдар мен ақындар.

1. Түркі-ислам синтезінің жүзеге асуында «Шығыстың Аристотелі» - Әбу Насыр әл-Фарабидің тұлғасы. 2. Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түркі» - түркі мәдениетінің энциклопедиясы ретінде. 3. Сырдария мен Жетісу қалаларынан шыққан мұсылмандық Шығыстың ғалымдары

14

Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең).-Алматы: «Білім», 2002.; Аль-Фараби. Избранные трактаты. - А., 1994. А.Көбесов Әл-Фарабидің ашылмаған әлемі-А: Санат, 2002.; Азбука ислама. Фараби-энциклопедист.; Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы.-А: Білім баспасы, 2001. І-ІІ том.; Бес жұлдыз.-А.: Атамұра-1996.; Бүркіт О. Түркітану: лекциялар желісі. Оқу құралы. 2-ші басылым. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2003.; Буранбаев М.С., Иванов А.С., Харенко Е.Д. и др. О логическом учении аль-Фараби – А.-А.:Наука, 1982.; Б.Г.Ғафуров, С.Н.Григорян, І.К.Кеңесбаев, М.Қ.Қаратаев, А.Н.Нүсіпбеков Әл-Фараби әлеуметтік-этикалық трактаттар-А.:Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1975.; Конюков Леонид Федорович Аль-Фараби и современный мир.; Көркемсуретті Қазақстан тарихы». Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. – Алматы, 2006.; Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/ І том. –Алматы: Атамұра, 1996.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Н.Келімбетов Ежелгі дәуір әдебиеті-А.:Атамұра, 2005.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.; Нысанбаев Аль-Фараби и развитие восточной философий.

15.

Ұлы Жібек жолының Қазақстанның тарихи - географиялық және қалалық мәдениеттің дамуына ықпалы.

1. Ұлы Жібек жолы (б.з.д. 103-1424 жж.). Ұлы Жібек жолының Қазақстанның тарихи – географиялық және қалалық мәдениетінің дамуына ықпалы. 2. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы. Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтары.

15

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. 4-томдық, 1-том. А., 1996; Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. !Очерктер!. - А., 1994.; Ә. Әбіласин Көне сөздер құпиясы. - А., 1995.; К.Байпаков., А.Нұржанов Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. - А., 1992.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет