Тыныс алу жүйесі
|
Танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, ауатамырлар, екі өкпе. Өкпеде көптеген газ алмасатын өкпе көпіршіктері болады.
|
Қан тарату жүйесі
|
Жылықанды. Тұйық. Қанайналым шеңбері екеу, үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Артерия мен вена қаны араласпайды. Сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды.
Жүрегі 4 қуысты – екі қарынша, екі құлақша
|
Жүйке жүйесі
|
Ми және жұлын. Миы 5 бөлімді – үлкен ми сыңарлары, ортаңғы ми, аралық ми, мишық, сопақша ми.
|
Сезім мүшелері
|
Көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, тепе - теңдік мүшелері.
|
Зәр шығару жүйесі
|
Екі бүйрек, 2 несепағар түтігі, қуық, зәршығару өзегі.
|
Көбеюі
|
Дара жынысты, іштей ұрықтанады. Ұрық жатырда дамиды. Жатырда плацента пайда болған. Жатыр - тек сүтқоректілерде ғана болатын бұлшықетті мүше. Жатырға 2 жұмыртқажолы түтігінің ауызы ашылады. Осы түтік арқылы ұрықтанаған жұмыртқа жасуша келіп, жатыр қабырғасына бекіп, әрі қарай дамиды.
Сүтқоректілер көбею мен даму ерекшелігі бойынша: жұмыртқалағыштар, қалталылар, ұрықжолдастыларға бөлінеді.
|
ҚАҒАНАҚСЫЗ СҮТҚОРЕКТІЛЕР
Жұмыртқалағыш сүтқоректілер,
клоакалы сүтқоректілер (алғашқы аңдар)
Достарыңызбен бөлісу: |