Үсенбекова А. Е кестелі биология


Қырықбуынтәрізді өсімдіктер



бет32/55
Дата29.08.2024
өлшемі212,97 Kb.
#203763
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Байланысты:
Кестелі биология

Қырықбуынтәрізді өсімдіктер



Тіршілік ортасы

Орман, су жағасында, егістіктерде арам шөп түрінде өседі.

Жер шарындағы түр саны

30 – 35 түрі бар.

Сипаттамасы

Олар бұрынғы геологиялық кезеңде алуан түрлі болған. Қазіргі кезде ағаш тәрізділері жойылған.
Сабағы көптеген буын және буынаралықтардан тұрады.
Өкілі - далалық қырықбуын.



Далалық қырықбуын



Тіршілік ортасы

Орман, су жағасында, егістіктерде арам шөп түрінде өседі.

Сипаттамасы

Көпжылдық өсімдік. Биіктігі – 20 см. Өркендері - көктемгі өркен және жаздық өркен. болады. Тамырсабығы тармақталған.
Көктемгі өркені ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен бірінші пайда болады. Жапырақтары қоңыр түсті, қабыршақты, өркенде топтанып орналасқан. Өркен ұшында спора дамитын масақтары болады. Бұл өркен спора пісіп жетілген соң қурап қалады. Көктемгі өркеннің қызметі – көбею.
Жаздық өркен. Бұл өсімді өркен, түсі жасыл, жанама бұтақтары топтанып орналасқан. Фотосинтез жүреді. Тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналады. Түйнек қоректік затты қорға жинайды және көбею мүшесі.
Сабағы. Сабағы көп қырлы, қырларының астында тірек ұлпасы, ойыс жерлерінің астында фотосинтездеуші ұлпалар бар. Өңі түссіз жасушалар. Жаздық өркен өңінің астында қабық қабаты, одан соң өзек орналасқан. Өзекте өткізгіш ұлпа бірнеше шоқ түзеді. Олар кейін ыдырап, қуыс пайда болады. Тірек ұлпа астында шоқ түзген өткізгіш ұлпалар орналасқан.

Көбеюі

Өсімді, жыныссыз және жынысты.
1.Өсімді көбею тамырсабағы, түйнектері арқылы жүреді.
2.Жыныссыз көбею споралар арқылы жүреді. Споралар спорангиде жетіледі. Оны бүр деп атайды. Споралар физиологиялық жағынан әр түрлі: біреуінен аталық өскінше, екіншісінен аналық өскінше жетіледі.
3.Жынысты көбею өскіншеде жүреді. Өскіншелерде сәйкес жыныс жасушалар жетіліп, олардың қосылуынан ұрықтанады. Ұрықтан жас қырықбуын жетіледі.

Маңызы

1.Жасыл сабағын қанайналымның әлсіздігінен болатын ісікке, несеп жүргізуге ішеді. 2.Спора түзетін масағы мен сабағын тамаққа пайдаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет