Күрделі гүлшоғыр
|
Күрделі гүлшоғыр. Жай гүлшоғырлардың бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Түрлері – сыпыртқы гүлшоғыр, күрделі масақ, сырға гүлшоғыр, күрделі шатыр.
Сыпыртқы гүлшоғыр. Негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады. Жанама бұтақтануы ұшына жақындаған сайын кішірейеді. Мысалы, жүзім, гүлшетен, тары, күріш, т.б.
Күрделі масақ. Орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр масақшада 2 – 3 гүлден болады. Мысалы, бидай, бидайық, қарабидай, т.б.
Сырға гүлшоғыры. Негізгі орталық сабағы өте иілгіш және гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі. Мысалы, қайың, терек, тал, көктерек, т.б.
Күрделі шатыр. Бірнеше жай шатыр гүлшоғырынан құралған. Мысалы, аскөк, сәбіз, балдырған, т.б.
|
Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы және ұрықтануы
Тозаңдану
|
Тозаңдану - аталық тозаңның аналық аузына түсуі. Оның екі түрі бар:1.Өздігінен тозаңдану.2.Айқас тозаңдану.
Өздігінен тозаңдану – бір гүлдің өз аталық тозаңының өз гүлінің аналық аузына түсуі. Мысалы: Жержаңғақ, шегіргүл, тары, бетеге, саумалдық, т.б.
Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі. Оның 2 түрі бар:
1.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану (шай, шие, алма, алхоры, лимон, т.б.)
2.Жел арқылы айқас тозаңдану (құлмақ, қарасора, қант қызылшасы, жүгері, қарабидай, емен, қайың, т.б.).
|
Ұрықтану
|
Ұрықтану - аталық және аналық жасушалар - гаметалардың қосылуы.
Тозаң жабысқақ сұйықтық бөлген аналық аузына түсіп, аналық мойны арқылы жатынға жетеді. Жатындағы тұқымбүршік ішінде жұмыртқа жасуша және ең ірі жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша (спермий) бар, оның бірі жұмыртқа жасушаны, екіншісі тұқымбүршіктегі ең ірі жасушаны ұрықтандырады. Бұл қосарлы ұрықтану деп аталады. Бұл құбылысты 1898 ж орыс цитологы С.Г.Навашин ашты.
|
Жемістер
Жеміс тек гүлді өсімдіктерде ғана болады. Жемістің түзілуіне жатыны мен гүлдің басқа да бөліктері қатысады. Жеміс қабырғасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан тұрады. Бұл қабаттар қосылып жеміс серігі деп аталады.
Жеміс
|
Жеміс аналықтың ұрықтанған жатынынан түзіледі. Олар шырынды және құрғақ болып 2 топқа бөлінеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |