Жабық тұқымды өсімдіктер
Жабық тұқымды өсімдіктерге барлық гүлді өсімдіктер жатады. Жер шарында 250 000-дай түрді құрайтын жабық тұқымдылар бар. Олар үлкен екі класқа бөлінеді – қос жарнақтылар және дара жарнақтылар.
ҚОСЖАРНАҚТЫЛАР КЛАСЫ
Табиғатта таралуы
|
Барлық жылы аймақтарда кездеседі.
|
Жер шарындағы түр саны
|
177 000 түр (325 тұқымдас, 10 000 –дай туыс кіреді)
|
Сипаттамасы
|
Ағаш, бұта, шөптекті өсімдіктер. Жеміс пен тұқымы гүлдеу нәтижесінде түзіліп, тұқымы жеміс ішінде өседі, Тұқымбүршігі аналық жатын ішінде жабық түзіледі.
|
Тұқыммен көбею мүшесі
|
Гүл
|
Тамыры
|
Кіндік тамыр, ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі.
|
Жапырағы
|
Тор жүйкелі
|
Тұқымы
|
Қос жарнақты
|
Өкілдері
|
Үрмебұршақ, асбұршақ,жержаңғақ, күнбағыс, асқабақ, т.б.
|
Көкнәр тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Ашық далаларда, алқаптарда кездеседі.
|
Жер шарындағы түр саны
|
700 - ге жуық түр (Қазақстанда 44 түрі бар).
|
Сипаттамасы
|
Шөптекті, бұта немесе кішкене ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер.
|
Жапырағы
|
Жапырағы кезекті орналасқан, бөбешік жапырағы болмайды.
|
Гүлі
|
Гүлі қос жынысты, формуласы Т2К2+2А∞Ж∞
|
Жемісі
|
Қауашақ
|
Тозаңдануы
|
Бунақденелілер арқылы, жел арқылы және өздігінен тозаңданады.
|
Өкілдері
|
Сеппе көкнәр, жабайы көкнәр, ұйықтататын көкнәр, жалаңсабақ айдаршөп, жіңішке айдаршөп, үлкен сүйелшөп.
|
Маңызды түрі
|
Үлкен сүйелшөп – улы, халықтық медицинада сүйелді кетіру үшін қолданады.
|
Қызыл Кітапқа тіркелген түрі
|
Жіңішке көкнәр
|
Алабота тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Ашық далаларда, алқаптарда кездеседі.
|
Жер шарындағы түр саны
|
1 500 - ге жуық түр
|
Сипаттамасы
|
Кішкене ағаш, кейбірі шала бұта өсімдіктер. Көпшілігі арамшөп, біржылдық және көпжылдық түрлері бар. Сабағы мен бұтағы бунақты.
|
Жапырағы
|
Кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Кейбірінде қабыршаққа, тікенге айналған.
|
Гүлі
|
Гүлдері – жасыл, сары түсті ұсақ, қосжынысты, көпжатынды кейде дара жынысты, күлтесіз болады.
|
Гүлшоғыры
|
Гүлшоғыры жеке – жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы.
|
Жемісі
|
Құрғақ, қақырамайды.
Ақ сексеуілде қанатты жаңғақша ж еміс. Бұйырғынның жемісі – қызғылт, қызыл-сары түсті жидек.
|
Тозаңдануы
|
Бунақденелілермен және жел арқылы айқас тозаңданады.
|
Тамыры
|
Кіндік тамыр
|
Өкілдері
|
Алабота, теріскен, шпинат, қызылша, көкпек, сораң, сексеуіл, бұйырғын, т.б.
|
Ақ алабота сипаттамасы
|
Ақ алабота – бір жылдық арам шөп. Азот, фосфор, калиді сіңіреді. Жапырағы кезекті орналасқан. Гүлі – ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Гүлінің формуласы – Т4А4Ж1. Жас жапырағын көкөніске пайдаланады. Қазақ халқы алаботаны өртеп, сақар алып, сабын жасауға пайдаланған.
|
Шаршыгүлділер (орамжапырақгүлділер) тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Жарық түсетін қоңыржай дала, ылғалды аймақтарда өседі.
|
Жер шарындағы түр саны
|
3 000 түрі бар
|
Отаны
|
Жерорта теңізі орталығы.
|
Сипаттамасы
|
Шөптекті, кейде шала бұталы өсімдіктер.
|
Жапырағы
|
Жапырақтары кезекті орналасқан, бөбешік жапырақтары болмайды.
|
Гүлі
|
Гүлі қосжынысты, 4 күлте жапырақшасы крест (+) болып орналасқан.
|
Гүлшоғыры
|
Шашақ гүлшоғырлы. Гүлінің формуласы (жабайы шомыр) – Т2+2К4А2+4Ж(2).
|
Жемісі
|
Бұршаққын немесе бұршаққынша.
|
Өкілдері
|
1.Бақша өсімдіктері - орамжапырақ, гүлді орамжапырақ, шомыр, шалғам, тарна.
2.Татымды түрлері – қыша, ақжелкек.
3.Дәрілік түрі – ақбасқурай. 4.Арамшөп түрі – қышабас, жұмыршақ.
|
Құлқайыргүлділер тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Алтай, Күнгей, Теріскей, Іле Алатауы, Мойынқұмда таралған.
|
Жер шарындағы түр саны
|
1 000-ға жуық тұрі бар. (Қазақстанда 18 түрі, 7 туысы кездеседі).
|
Сипаттамасы
|
Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер.
|
Жапырағы
|
Ағаш текті түрінің жапырағы жай не саусақ салалы.
|
Гүлі
|
Қосжынысты, қос гүлсерікті. Аталығы өте көп, аналығы бір немесе бірнеше.
|
Жемісі
|
Құрғақ, қауашақ немесе бір тұқымды жаңғақша.
|
Өкілдері
|
Мақта, бұйдакендір, жалбызтікен, айдарша, қытай раушаны, кенеп.
|
Маңызы
|
1.Медицинада қолданылады –жалбызтікен дәрі жасау үшін.
2.Сәндік түрлері – қытай раушаны.
3.Арқан, мата, қап тоқу үшін қолданылады – мақта, кенеп, бұйдакендір.
|
Мақта
Сипаттамасы
|
Шөптекті немесе шала бұта болатын техникалық өсімдік.
Б.з.б 3000 жылдан бері Үндістанда мақта өсірілген. Мол түсім беруі үшін °С қажет. Биіктігі 1,5 – 2 м. Талшығының ұзындығы – 50 - 60 мм. Екі түрлі бұтағы болады:
1.Өсетін бұтақ.
2.Жеміс беретін бұтақ (қысқарған өркен ).
Тұқымында май құрамы – 24 - 26%.
|
Тамыр жүйесі
|
Кіндік тамыр
|
Гүлі
|
Гүлінің формуласы - .
|
Жемісі
|
Қауашақ
|
Раушангүлділер тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Жылы, жарығы мол аймақтарда өседі.
|
Жер шарындағы түр саны
|
3 000 – нан астам түрі, (Қазақстанда 35 түрі) бар.
|
Сипаттамасы
|
Раушангүлділер шөп текті, бұта, ағаш болып келетін гүлді өсімдіктер.
|
Жапырағы
|
Жапырақтары әр түрлі болады: мысалы-
1.Жай жапырақты – алма, алмұрт, долана, шие, өрік.т.б.
2.Үшқұлақ күрделі – құлпынай, бүлдірген, таңқурай.т.б.
3.Қауырсын тәрізді күрделі – итмұрын, шетен, қараған. т.б.
4.Саусақ салалы күрделі – жатаған қазтабан. т.б.
|
Гүлі
|
Қосжынысты. Итмұрын гүлінің формуласы – Т(5)К5А∞Ж∞
Жабайы алхорының формуласы - Т(5)К5А20Ж1
|
Тұқымы
|
Қосжарнақты, эносперм болмайды.
|
Жемісі
|
Жемістері:
1.Құрғақ жемісті – шыршай, теңгежапырақ.
2.Шырынды жемісті – алма, алмұрт.
3.Сүйекті шырынды – мойыл, шие.
4.Құрама сүйекті – таңқурай.
5.Құрама көп жаңғақшалы құрғақ жеміс – құлпынай, итмұрын.
|
Өкілдері
|
1.Ағаш түрлері – мойыл, шетен, алмұрт, алма, т.б.
2.Бұта түрлері – раушан, итмұрын, т.б.
3.Шөптекті түрлері – шыршай, теңгежапырақ, қойбүлдірген, т.б.
|
Алқа тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Жарығы мол далаларда, ауа рай ыстық елдерде көп кездеседі.
|
Жер шарындағы түр саны
|
2900 - ге жуық түрі, (Қазақстанда 23 түрі) бар.
|
Жапырағы
|
Тор жүйкелі, кезекті орналасқан.
|
Гүлі
|
Дұрыс гүл. Күлтелері қоңырау тәрізді. Гүлшоғыр түзеді немесе жеке орналасқан, кіріккенкүлтелілер деп аталады, жатыны жоғары.
Гүлінің формуласы - .
|
Жемісі
|
Жидек не қауашақ
|
Өкілдері
|
1.Тағамдық түрлері - баклажан, қызан, болгар бұрышы.
2.Арамшөп түрлері (улы және дәрілік түрге жатады) - меңдуана, сасық меңдуана.
3.Сәндік түрлері – шырайгүл, қызылқұлақ.
|
Бұршақ тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Ылғылы мен жарығы мол қоңыржай ендіктерде көп таралған.
|
Жер шарындағы түр саны
|
12 000 түрі бар. (Қазақстанда – 650 – ге жуық түрі) кездеседі.
|
Сипаттамасы
|
Ағаш, бұта, шала бұта, шөптекті түрлерді құрайды.
|
Сабағы
|
Сабағы жұмсақ, өрмелегіш сабақ, мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып өрмелеп өседі.
|
Жапырағы
|
Қауырсынкүрделі, саусақ салалы күрделі кейде жай жапырақ (кейбірінде бөбешік жапырағы болады).
|
Тамыры
|
Кіндік, тамыр, тамыр түйнектерінде азот бактериялар тіршілік етеді. Тамыр түкшелері арқылы ауадан бос азотты сіңіреді.
|
Гүлі
|
Гүлі бұрыс гүл (біріккен 5 тостағанша жапырақшалар, 5 күлтежапырақшалардан құралған). Күлтелерінің атаулары – ең ірі 1 күлте – желкен, екі жағындағы 2 күлте - ескек, төмендегі тұтасқан 2 келте - қайықша.
Аналығы – 1-еу, аталығы - 10 (9-ы біріккен, 1-і жеке).
Гүлінің формуласы–
|
Достарыңызбен бөлісу: |