2.1 Үздіксіз жұмыс істеудің ықтималдығы
2.2 Істен шығудың жиілігі
2.3 ШАРТТЫ ЫҚТИМАЛДЫҒЫ
2.4 ІСТЕН ШЫҒУДЫҢ ЖИІЛІГІ
2.5 БІРІНШІ ІСТЕН ШЫҒУҒА ДЕЙІНГІ ОРТАША ІСТЕЛІНГЕН ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
2.1 Үздіксіз жұмыс істеудің ықтималдығы
Үздіксіз жұмыс істеу ықтималдығы (ҮЖІЫ)- берілген жұмыс істеу шеңберінде істен шығудың пайда болмау ықтималдығы. Басқаша айтқанда, бұл сенімділік функңиясы болып саналады.
Айталық, мүлтіксіз жұмыс істеу уақыты T болсын, онда сенімділік және сенімсіздік функциялары мынандай шамада болады:
онда сенімділіктің статистикалық функциясы (бағаламасы) мынандай түрде өрнектеледі:
мұндағы: N – сынау саны (сыналатын элементтер);
n(t) – t уақыт мезетіне дейін бас тартқан элементтер саны.
Жоғарыда берілген белгілеулерден:
2.2 Істен шығудың жиілігі
Істен шығу жиілігі – белгілі бір уақыт бірлігінде қалпына келтірілмейтін жағдайда істен шыққан элементтер санының сыналатын элементтердің бастапқы санының қатынасына тең шаманы өрнектейтін дифференциалдық сипаттамасы (ықтималдық тығыздығы). Бұл шама:
мұндағы: n(t) – t аралығында істен шыққан элементтер саны, онда келесі қатынастар сәйкесі былай болады:
2.3 ШАРТТЫ ЫҚТИМАЛДЫҒЫ
Мүлтіксіз жұмыс істеудің шартты ықтималдығы – [0,t] аралығында жұмыс істеген бұйымның [t, t2] аралығында істен шықпау ықтималдығы төменгідей шамамен өрнектеледі:
(0,t) аралығында- R(t), ал (0,t1) аралығында- R(t1).
Мысалы:
A оқиғасы – (0,t) аралығындағы мүлтіксіз жұмыс.
B/A оқиғасы – (t,t1) аралығындағы мүлтіксіз жұмыс.
AB оқиғасы – (0,t1) аралығындағы мүлтіксіз жұмыс.
Онда P(B/A)=P(AB)/P(A) (P(t,t1)=P(t1)/P(t)). (2.3.1)
2.4 ІСТЕН ШЫҒУДЫҢ ЖИІЛІГІ
Істен шығу жиілігі – берілген уақыттың бір бөлігінде істен шыққан элементтер санының осы уақыт бөлігінде ақаусыз жұмыс істеп тұрған элементтер санына қатынасы. Белгіленуі – l (t).
Істен шығу жиілігі– істен шығуы әлі пайда болмаған жағдайда қарастырылып отырған уақыт мезеті үшін анықталатын, қалпына келтірілмейтін объектілердің істен шығуының пайда болу ықтималдығының шартты тығыздығы.
яғни, t мезетіне дейін істен шығуы болмаған жағдайда осы аралықта (Dt) істен шығуы пайда болуының шартты ықтималдығы.
Демек, l(t) - ықтималдықтың шартты тығыздығы.
2.5 БІРІНШІ ІСТЕН ШЫҒУҒА ДЕЙІНГІ ОРТАША ІСТЕЛІНГЕН ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Бірінші істен шығуға дейінгі орташа жұмыс істеу – T орт (немесе орташа апаттық шақ).
Егер сынақ жүргізілсе, онда олар бойынша Торт құрылады:
мұндағы: t– істен шығуға дейінгі нақты өмір сүру уақыты.
Егер біздің сынағымыздың уақыты шектеулі болатын болса, онда жоғарғы және төменгі шекара (шек) бағасын пайдалануға болады.
мұндағы: t– сынақтың аяқталу мерзімі.
Бұл жағдайда дисперсия төмендегідей түрде болады:
Тізбектелген қосылыс бір элементтің жұмыстан шығуы бүкіл жүйенің жұмыстан шығуымен сипатталады. Параллелді қосылған жүйенің істен шығуы барлық элементтің істен шығуында ғана орындалады. Аралас қосылыста екі жағдай болуы мүмкін.
1.3 ОБЪЕКТІНІҢ КҮЙЛЕРІ
1. Ақаусыздық – нормативтік-техникалық құжатта (НТҚ) көрсетілген барлық талаптарды қанағаттандыратын объектінің күйі, яғни объектінің берілген уақыт мезетінде негізгі параметрлерге (объектінің қалыпты жұмысын сипаттайтын) және тұрлаулы параметрлерге (пайдалану қолайлылығы, сыртқы көрінісі және т.с.с.) қойылған талаптарды қанағаттандыруы.
2. Ақаулық – объектінің НТҚ-да белгіленген, кемінде бірталапты қанағаттандырмайтын күйі.
3. Жұмыс істеу қабілеттілігі – НТҚ шегінен шықпай және берілген негізгі параметрлердің белгілерін сақтай отырып, объектінің берілген функцияларын орындай алатын күйі.
4. Жұмыс істеу қабілетсіздігі – объектінің ең болмағанда берілген негізгі бір параметрдің НТҚ-да белгіленген, берілген функцияны орындау қабілетімен сипатталатын талаптарға сәйкес келмейтін күйі.
5. Істен шығу – жұмыс істеу қабілетінің (толық немесе жартылай) бұзылу оқиғасы. Объектінің белгілерін көрсетпей сенімділікке талап қоюдың мағынасы жоқ.
6. Зақымдану – сыртқы әсерлердің НТҚ-да көрсетілген деңгейден асу салдарынан объектінің немесе оның құрамдас бөліктерінің бұзылуы. Зақымдану айтарлықтай және майда болуы мүмкін. Бірінші жағдайда объект істен шығады. Екінші жағдайда жұмыс қабілетінің сақталуымен қатар ақаусыздық бұзылады.
7. Шекті күйі – пайдалану талаптары мен тиімділіктің нашарлануынан және пайдалану мерзімінің жетуінен объектіні одан әрі пайдалануды доғаруды қажет ететін күйі. Шектік жағдайдың белгілері НТҚ-да көрсетілген.
1.4 ІСТЕН ШЫҒУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Істен шығулар өзінің пайда болу сипатына қарай әр түрлі болуы мүмкін:
1. Кенеттен істен шығуы – объектінің бір немесе бірнеше параметрлерінің секіріс тәрізді өзгеруімен сипатталатын істен шығуы. Олар болжап болмайтын немесе ескерілмеген әсер салдарынан пайда болады. Кейде оларды лездік, ал әсерлерін стресс деп атайды. Кенеттен істен шығулардың пайда болуы орны толтырылмайтын жағдайларға душар етеді. Кейде мұндай әсерлердің нәтижесі істен шығудың пайда болуымен байланысты белгілі бір сандық белгілерімен табылады. Істен шығудың уақыт бойынша қарқынының тұрақтылығы осындай сандық белгілердің бірі болып табылады.
2. Біртіндеп істен шығу – объектінің бір немесе бірнеше параметрлерінің біртіндеп өзгеруімен сипатталатын істен шығуы. Бұл үрдістің өмір сұру уақытының ұзақтығы оның қасиеттерінің жоғалу қаупінің өсу тұрғысымен заңды байланыста болады. Бірақ біртіндеп өзгеру мағынасындағы заңды нәтиженің өзі кенеттен пайда болып, яғни тозу үрдісі анықталынған (детерминалдық) және кездейсоқ сипатта тұрақты әсер ететін факторлардың көмегімен жүзеге асады. Пайдалану шартының әсері осында десек те болар. Алайда тозу үрдісінің табиғи аяқталуы кездейсоқ сипатқа ие.
Біртіндеп істен шығуды болжау СТ-ның маңызды есебінің бірі болып табылады.
3. Тоқтау – жұмыс істеу қабілетінің қысқа уақытқа бұзылуына әкеп соғатын, бірақ өздігінен жөнделетін істен шығу. Ол электронды-импульсті жүйелерде және радиоқондырғыларда әр түрлі кедергілердің, бұрмалаулардың және т.б (контактілердің жабысуы, бағдарлама қателері) әсер етуінен пайда болуы мүмкін.
4. Конструкторлық істен шығу – конструкциялауда қабылданған ережелер мен талаптардың бұзылуы салдарынан пайда болатын істен шығу.
5. Өндірістік істен шығу – объектіні жасау үрдісінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын істен шығу.
“4” және “5” кейде бала жасындағы істен шығу деп аталады. Олар объектіні пайдаланудың бастапқы кезеңдерінде пайда болады.
6. Пайдалану кезіндегі істен шығу– объектіні пайдалануда белгіленген талаптардың немесе шарттардың бұзылуы нәтижесінде пайда болатын істен шығу. Бұл істен шығулар сенімділікті бағалағанда есепке алынбайды.
7. Элементтің тәуелсіз істен шығуы – басқа элементтің істен шығуы немесе бүлінуімен байланысты емес объекттің бір элементінің істен шығуы.
8. Элементтің тәуелді істен шығуы – басқа элементтің істен шығуы немесе бүлінуімен байланысты объекттің бір элементінің істен шығуы.
Бұл көрсетілгендерден басқа да мынандай істен шығулар бар: бағдарламалық, аппараттық, жүйелік және т.б.
Барлық істен шығулар үшін кездейсоқ пайда болу ортақ белгі болып табылатындығын атап көрсетуге болады (тіпті физикалық өзгерістердің жиналуы кезінде де). Бұл істен шығуды кездейсоқ күй ретінде, яғни ықтималдықтың математикалық теориясының логикалық құрылысында маңызды орын алатын түсінік ретінде өрнектеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мынандай терминдер де қолданылады:
- жүйелік істен шығу;
- толық істен шығу;
- жартылай істен шығу;
- нәтижесінде әсерлік төмендейтін, конструкцияның ақауымен байланысты көп мәрте қайталанбалы істен шығу.
Істен шығу критерийлері объекттің НТҚ-да көрсетіледі.
Аталған істен шығуларды қарастырғанда жеке элементтің істен шығуы мен бүтіндей объекттің істен шығуын айыра білу қажет. Төмендегідей варианттар болуы мүмкін:
1. Элементтің істен шығуы бір сәтте объекттің істен шығуына әкеліп соғады;
2. Элементтің істен шығуы объекттің істен шығуын білдірмейді.
1.5 ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
1. Үздіксіз – объекттің қайсыбір уақыт аралығында немесе бір жұмыс кезінде жұмыс істеу қабілетін үздіксіз сақтау қасиеті.
Үздіксіз объектің белгілі бір пайдалану шарттарында (объект бұл қасиетке пайдалану кезеңінде ғана емес сондай-ақ сақтау мен тасымалдау кезеңдерінде де ие болады) және белгілі бір уақыт аралығында объекттің жұмыс істеу қабілетін сақтау қасиеті.
2. Сақтағыштық – объекттің сақталу мен тасымалдану кезеңдерінде, сондай-ақ одан кейін де ақаусыздық пен жұмыс қабілеттілігін үздіксіз сақтау қасиеті.
3. Мәңгіліктік – объекттің белгіленген техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесінің аясында шекті күйге дейін жұмыс істеу қабілеттілігін сақтай алу қасиеті немесе объекттің қажетті техникалық қызмет (уақытпен, циклдер санымен немесе өндірілген жұмыс көлемімен сипатталатын) көрсете отырып ұзақ мерзімді пайдалануға қабілеттілігі.
4. Жөндеуге жарамдылық – істен шығу және оны бүлінудің пайда болу себептерінің алдын алу және табуға бағыттау, сонымен қатар оларды жөндеу мен қызмет көрсету жолымен кетіретін объект қасиеті.
5. Жөнделуге қабілеттілік – объектің берілген уақыт ішінде істен шығуды жою қабілеттілігі.
6. Сенімділік – объекттің пайдалану көрсеткіштерін берілген шектерде сақтай отырып, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау және тасымалдауға сәйкес келетін, берілген функцияларды орындай алатын қасиеті.
Ақпараттық, функционалық, бағдарламалық сенімділіктер бар. Сенімділік объекттің қолданылуы пайдалану шарттарына байланысты: істен шықпау, мәңгілік ұзақтық, жөнделуге қабілеттілікті немесе көрсетілген қасиеттердің белгілі бір кезектесуін қосатын кешенді қасиет болып табылады. Демек, сенімділік – объекттің істен шықпауы, жөнделуге келу, мәңгілік ұзақтығы және сақталуымен байланысты қасиеті.
7. Бұзылмаушылық – объекттің пайдалану шарттарында көрсетілмеген жағдайларда немесе ыңғайсыз әсер етулер нәтижесінде де өзінің берілген функцияларын орындай алу қабілеті.
8. Тиімділік – объекттің потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыру қасиеті. Тиімділік түрлері:
- номиналды тиімділік R(t)=1;
- нақты тиімділік R(t)<1.
Экономикалық тиімділік – объектіні қолданудағы экономикалық шығындардың пайдалы дәрежесі.
Мәңгілік төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады:
- орташа ресурстар;
- орташа қызмет мерзімі;
- кепілдік мерзімі;
- шығару үшін қызмет мерзімі.
Сақталу қабілеттілігі мынандай көрсеткіштермен сипатталады:
- орташа сақталу мерзімі;
- орташа сыртқы әсерлер саны;
- гамма-проценттік сақталу мерзімі.
Бұзылмаушылық мына көрсеткішпен сипатталады:
- объектіні істен шығаратын ыңғайсыз әсерлердің орташа саны.
Тиімділік төмендегідей көрсеткішпен сипатталады:
- дұрыс орындалған есептер үлесі.
Достарыңызбен бөлісу: |