1. Бета - үлестіруі
1) t=m/(n+m) болғанда модасы бар;
2) m=n=0 болғанда біркелкі үлестіру,
M[T]=(m+1)/(m+n+2),
D[T]=[(m+1)(n+1)]/[(m+n+2)(m+n+3)].
Істен шығу өнімділік функциясы өспелі болып табылады.
b-үлестіруі сенімді аралықтарды табуда жиірек қолданылады.
Бұл күндері жаңа мәліметтер (кейде жалғыз болса да) мен белгілі модель бойынша параметрлерді қайта бағалауға мүмкіндік беретін өте қуатты аппарат– байестік талдау бар.
6 Дәріс. Сенімділікке сынау жоспарлары
Сенімділік талаптары нормативтік-техникалық және конструкторлық құжаттарда бекітіледі. Бұл құжаттарда сонымен қатар сенімділік көрсеткіштерін бақылау әдістері мен бақылау сенімділігіне сынау жоспарлары да бекітіледі.
Нормаланған сенімділік көрсеткіштерін бақылаудың мынадай міндеттері бар:
– берілгендерді алу және математикалық өңдеу;
– бұйымның белгіленген талаптарға сай екендігі туралы шешім қабылдау;
– бұйымның сенімділігін көтеру үшін шараларды игеру мақсатында істен шығулардың себебі мен салдарына анализ жасау.
Бастапқы мәліметтерді алу тәсіліне қарай сенімділік көрсеткіштерін бақылау әдістерін есептік, тәжірибелік және есептік-тәжірибелік деп бөледі.
Есептеу әдістері анықтамалар мәліметтері бойынша бұйымның функционалдық құрылымын және оның бұзылу түрлерін ескеретін, оның құрамдас бөліктерінің сенімділігі, ұқсас бұйымдардың сенімділігі, сенімділікті эксперттік бағалау қорытындылары, материалдарының қасиеттері, бұйым элементтерінің және оларға түсетін күшсалмақтар, істен шығу механизмі туралы мәліметтер және басқа да сенімділікке есептеу кезінде қолданылатын ақпараттар бойынша сенімділік көрсеткіштерін есептеуге негізделген.
Экспериментальдық әдіс бұйымды сенімділікке сынағанда алынатын статистикалық мәліметтерге немесе тәжірибелік немесе бақылаудағы пайдалану мәліметтеріне негізделген.
Сенімділік көрсеткіштерін бақылау жоспарына сыналатын үлгілер саны (N), істен шыққан бұйымдарды қалпына келтіріп (M нысандар) және ауыстырып (R нысандар) және істен шыққан бұйымдарды ауыстырмай және қалпына келтірмей (U нысандар) сынақтар жүргізу стратегиясы, сондай-ақ сынақты тоқтату ережелері кіруі тиіс.
Сынақты тоқтату ережелері:
– берілген сынау уақытына Т жеткенде;
– істен шыққан нысандар саны белгіленген мәніне r жеткенде;
– қайсысы шартының ерте орындалғанына қарамастан r немесе Т мәндеріне жеткенде;
– жалпы сынау уақытына немесе жалпы жұмыс істеу уақытына Т∑
жеткенде;
– тізбектелген сынақтар кезінде шешім қабылдау, S.
Сенімділікке сынау жоспарларының анықтамалары мен терминдері 6.6-кестеде келтірілген.
6.6-кесте
Сенімділікке сынау жоспарларының анықтамалары мен терминдері
Термин
|
Анықтама
|
[NUT]* сынау жоспары [NUT]* жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынайды, сынау кезінде істен шыққан нысандарды қалпына келтірмейді және ауыстырмайды, сынақты әрбір істен шықпаған нысан үшін сынау уақыты біткеннен кейін немесе әрбір істен шықпаған нысанның атқаратын жұмыс көлемі Т біткеннен кейін аяқтайды.
|
[NUr]сынау жоспары [NUr]жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынайды, сынау кезінде істен шыққан нысандарды қалпына келтірмейді және ауыстырмайды, сынақты істен шыққан нысандар саны r-ға жеткенде тоқтатады. ЕСКЕРТУ: r=N болғанда [NUN]жоспарын аламыз.
|
[NU(r,T)] сынау жоспары [NU(r,T)]жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынайды, сынау кезінде істен шыққан нысандарды қалпына келтірмейді және ауыстырмайды, сынақты істен шыққан нысандар саны r-ға жеткенде немесе істен шықпаған нысанның атқаратын жұмыс көлемі Т біткеннен кейін және қай шарт бұрын орындалғанына тәуелді тоқтатады.
|
[NRT]сынау жоспары [NRT]жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынап бастайды, сынау кезінде істен шыққан нысандарды жаңа нысандармен ауыстырады, сынақты сынау уақыты біткенде немесе N позициядан әрбір нысан үшін атқаратын жұмыс көлемі біткенде тоқтатады.
|
[NRr]сынау жоспары [NRr] жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынап бастайды, сынау кезінде істен шыққан нысандарды жаңа нысандармен ауыстырады, сынақты барлық позиция бойынша істен шыққан нысандардың жалпы саны r-ға жеткенде тоқтатады.
|
6.6-кестенің жалғасы
|
|
|
|
[NR(r,T)] сынау жоспары [NR(r,T)] жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынап бастайды, сынау кезінде істен шыққан нысандарды жаңа нысандармен ауыстырады, сынақты барлық позиция бойынша істен шыққан нысандардың жалпы саны r-ға жеткенде немесе сынау уақыты біткенде немесе әр позициядағы атқаратын жұмыс көлемі Т біткенде және қай шарттардың бұрын орындалғанына тәуелді тоқтатады.
|
[NMT] сынау жоспары
[NMT] жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынайды, сынау кезінде істен шыққан нысандарды қалпына келтіреді, әрбір нысанды сынау уақыты біткенше немесе атқаратын жұмыс көлемі біткенше сынайды.
|
[NMT∑] сынау жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынайды, әр істен шығудан кейін нысандарды қалпына келтіреді, сынақты барлық нысандар бойынша жалпы сынау уақыты немесе атқаратын жұмыс көлемі біткесін тоқтатады.
|
[NMr] сынау жоспары [NMr] жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынайды, әр істен шығудан кейін нысандарды қалпына келтіреді, сынақты барлық нысандар бойынша істен шығулардың жалпы саны r-ға жеткенде тоқтатады.
|
сынау жоспарыжоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынақтан өткізеді, сынау кезінде істен шыққан нысандарды қалпына келтірмейді және ауыстырмайды, r1 істен шығу болғаннан кейін сынақтан n1істен шықпаған нысанды алып тастайды, r2 істен шығу болғаннан кейін сынақтан n2 нысанды алып тастайды және әрі қарай дәл солай, сынақты rk істен шығу болғанда тоқтатады.
|
сынау жоспарыжоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынақтан өткізеді, сынау кезінде істен шыққан нысандарды қалпына келтірмейді және ауыстырмайды, сынау уақыты немесе атқаратын жұмыс көлемі Т1 өткеннен кейін сынақтан n1 нысанды алып тастайды (егер нысандар саны n1-ден көп болса, басқа жағдайда сынауды тоқтатады) және әрі қарай дәл солай, сынақты сынау уақыты немесе атқаратын жұмыс көлемі біткесін тоқтатады
|
[NUz] сынау жоспары [NUz] жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта N нысанды сынақтан өткізеді, сынау кезінде істен шыққан нысандарды қалпына келтірмейді және ауыстырмайды, әрбір нысанды zi жұмыс істеу ағынында сынайды, мұндағы zi = min(ti,τi). Мұнда i = 1 …N; ti – i-ші нысанның істен шығуға атқаратын жұмыс көлемі, τi жұмысқа қабілетті i-ші нысанінің сынақтан алып тастағанға дейінгі атқаратын жұмыс көлемі.
|
[NUS] сынау жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта немесе кезектестіріп N нысанды сынақтан өткізеді, сынау кезінде істен шыққан нысандарды қалпына келтірмейді және ауыстырмайды, сынаудың толық уақыты немесе істен шығу саны бойынша және атқа⑀атын жұмыс көлемі бойынша кез-келген уақытта қабылдау туралы немесе сынақты жалғастыру туралы шешім қабылдайды. Сынақты қабылдау немесе брактау туралы шешім қабылдаумен тоқтатады.
|
[NRS] сынау жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта немесе кезектестіріп N нысанды сынақтан өткізеді, сынау кезінде істен шыққан нысандарды жаңалармен ауыстырады, сынаудың толық уақыты немесе істен шығу саны бойынша және атқаратын жұмыс көлемі бойынша кез-келген уақытта қабылдау туралы немесе сынақты жалғастыру туралы шешім қабылдайды. Сынақты қабылдау немесе брактау туралы шешім қабылдаумен тоқтатады.
|
[NMS] сынау жоспары [NMS] жоспары
|
Бұл сынау жоспарында бір уақытта немесе кезектестіріп N нысанды сынақтан өткізеді, әр істен шығудан кейін нысанды қалпына келтіреді, сынаудың толық уақыты немесе істен шығу саны бойынша және атқаратын жұмыс көлемі бойынша кез-келген уақытта қабылдау туралы немесе сынақты жалғастыру туралы шешім қабылдайды. Сынақты қабылдау немесе брактау туралы шешім қабылдаумен тоқтатады.
|
Істен шықпағыштық көрсеткіштерін есептеу мысалдары
(КСК-5-1 клапандарын сынау мәліметтері бойынша)
Экспоненциалдық заң (сәйкес келушілік туралы тұжырым жасаймыз)
1.1. Істен шығуға дейнгі атқаратын жұмыс көлемі ([NUN] бақылау жоспары)
1.2. Істен шығу қарқындылығы
Достарыңызбен бөлісу: |