Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар. Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады.
Баланың сенсорлық дамуы – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б.