Ерсұлтан 2 « б» сыныбы «Папа сіз мені жақсы оқысын дедіңіз, папа сізге баққытты өмір тілеймін, тәті мір сүріңіз, ешқашан да ауырмаңыз. Папа мен сізді өте жақсы көремін. Папа сіз күліп ойнап жүре беріңіз, ешқашанда көңіл-күйіңіз түспесін. Балалардың ортасында жүре беріңіз. Сіздер мені жақсы оқысын дедіңіздер. Сол үшін сізге папа рақмет. Папа мен сіздерді жүрегіммен жақсы көремін.
Дүйсенбай Дінмұхамет 2 «б» сыныбы Бір күні Әнет баба Қазыбек биден сұрады.
- Қазбек би сен кімге қарыздарсын? Қазыбек би айтады:
- Мен бірінші Аллаға қарызбын.
- Тағы кімге қарыздарсың?
- Анама қарызбын, ол мені жарық дүниеге әкелді, - деп Қазыбек би жауап берді.
- Тағы кімге қарыздарсың?
- Атама, ол мені оқытты, тәрбиеледі.
- Сосын кімге қарыздарсың?
- Халқыма, ол мені қадірлеп көтере білді.
- Тағы кімге қарыздарсың?
- Әнет баба, сіз мені көп нәрсеге көзімді ашқыздыңыз.