Серік Мейіржан 2 «б» сыныбы Қазанның он бесі Шығарма Менің Қазақстаным



бет134/235
Дата06.02.2022
өлшемі184,84 Kb.
#81938
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   235
Байланысты:
Эссе, шығармалар
Эссе, шығармалар, АМАНКЕЛДИ АЙГЕРИМ (ТАРИХ)
Думан Б.
3 «а» сыныбы
Менің отбасым
Менің отбасымда алты адам бар. Әкем, анам, екі ағам және мен. Біздің отбасымыз тату тұрады. Әкем, анам жұмыс жасайды. Апам шетелде білім алады. Ағам Астана қаласында жоғары оқу орнында оқиды. Екінші ағам осы мектепте 9-шы сыныбында оқиды. Біз ата-анамыздың айтқанын тыңдаймыз. Мен 3-інші сынып оқимын.


Бақыт Ерәділ
3 «а» сыныбы
Желтоқсанның он бесі
Шығарма
Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттерінде 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз толды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауысымен бекітілді.
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады. Еліміздің тәуелсіздік алған, егемен ел болғаны 1991 жылғы желтоқсанан бері 24 жыл өтті.
Осы жылдар ішінде еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді, бірақ осы жетістік, тәуелсіздік оңайшылықпен, құрбандықсыз келді ме? Жоқ. Сонау 1986 жылы 16-17 желтоқсан күнгі бейбіт шеру соңы, халық намысына тиіп, басып жаншылып, жастардың қанын төкті. Қазақ жастарын ұлтшыл, нашақор, маскүнем деп көрсетті. Сол күн халқымыздың жұдырық болып жұмылған, тәуелсіздік бастауы болған, қайғылы да, назалы күндері еді. Көптеген аға-апалар түрмеге қамалды, жала жабылды, жазаланды. Олар: Сабира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев тағы басқа.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет