Сермахан Жұлдыз 3 «г» сыныбы Менің отбасым Мемлекетіміздің басты құрылымы отбасы болып табылады. Отбасы дегеніміз, әке-шешем інілерім және сіңлім. Менің отбасымда алты адам тұрады. Менің әкемнің тегі Сермаханов Бахыт Тынышұлы. Шешем Бекжігитова Роза Абдуманапқызы. Інім Сермахан Димаш. Бахытұлы. Інім Сермахан Абай Бахытұлы. Сіңлім Сермахан Інжу Бахытқызы. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Себебі біз бақытты отбасымыз.
Бектөре Рамазан 3 «г» сыныбы Менің отаным – Қазақстан Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, достары ыстық болса, Отан да солай ыстық. Отанға деген махабат анаға деген махабатпен тең. Менің Отаным Қазақстан болғанына өте қуаныштымын. Мен өз елімді мақтан тұтамын! Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Осы жетістіктеріміз үшін Елбасымызға мың алғыс.
Мұхамеджан Айғаным 3 «г» сыныбы Бауыржан Момышұлы Бауыржан Момышұлы қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры. Әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор Панфиловтың басшылығы гвардиялық дивизияны басқарады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Мен Б.Момышұлы даңғылында тұрамын.