273
осында. Мысалы, Дерсе хан туралы аңызда әйелiнiң кеңесi бойынша,
хан қарапайым халыққа садақа үлестiрiп, ата-бабасының аруағына
сиынып, тәңiрден бала тiлеп алады. Ол бала дәу бұқаны жұдырықпен
ұрып-жыққаны үшiн, Бұқаш аталып кетедi. Мұндай желiс қазақ дастан-
дарында көп кездеседi. Батырлар «әулиеге ат атап, қорасанға қой
атап», ата-бабалар қабiрiне түнеп, көп тiлектерден кейiн барып туады.
Осылайша өмiрге келген балалар өсе келе, ел-жұртының қорғаны,
қамқоршысы (Ертөстiк, Алпамыс, Қобы-ланды т.с.с.) болып шығады.
«Қорқыт ата кiтабындағы» Төбекөз (қазақ, қырғызда «Жалғыз көздi
дәу» ертегiсiнде кездеседi) өзiнiң iс-әрекетi, ой-мақсаты, қатыгездiгi
жағынан «Одиссей» жырының үрейлi кейiпкерiн еске түсiредi.
Кiтаптың бесiншi тарауындағы «Тоқа баласы Ержүрек Домрул
туралы жырда» ажалмен күресу, өлместiк мәселесi талданады.
Жалпы алғанда, «Қорқыт ата кiтабындағы» көтерiлген әлеу-
меттiк мәселелерге келер болсақ, олар: халықтың
Достарыңызбен бөлісу: