Серік Мырзалы философия оқу құралы


эстетикалық , я болмаса  романтикалық



Pdf көрінісі
бет432/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

эстетикалық
, я болмаса 
романтикалық
саты дейміз. 
Өйткені жастық гүлденген шақта адам әсемдікке ұмтылады, өмір 
жаңа ғана басталып жатыр, алда мәңгілік жатқандай болып сезіледі. 
Адам мейлінше өмірден 
сезімдік ләззат
алсам дейді. Бұл жолға түскен 
адамның сезімі бірте-бірте жұқара түсіп, ақырында, оның шектелгенін 
сезеді. Өмірдің сыртқы және ішкі жағына келер болсақ, оның екеуі де 
жеңіл сияқты көрінеді.


527
Екінші сатысында адам есейген, естияр кезінде 
прагматикалық
(бейімделу, пайда табу) кезден өтеді. Адам сыртқы өмірге аса көп 
ойланбай бейімделіп, балалы-шағалы болып, ішкі өміріне де көбірек 
үңіле бастайды. Сыртқы өмір ауыр болғанымен, ішкі өмір әлі де болса 
жеңілірек.
Жасы келе, адам өмірдің соңғы – үшінші – сатысына аяқ басады. 
Оны 
пуристік
(таза), я болмаса 
діни
, ал адам дінге сенбесе
руха-
нияттық
саты деп атауға болар еді. Өйткені адам өз өмірінің 
«күнбатысымен» кез болады. Бұл шақта адамның рухы кемеліне келіп, 
оған көп сұрақтар қойып, мазалай бастайды. Адамның сыртқы өмірі 
жеңіл (күнкөріс, бақталастық т.с.с. күйбіңнен адам алшақтайды) болып, 
ішкі рухани өмірі үлкен тебіреністерге, ауыр жүкке толып, оны күнбе-
күн үлкен ойға қалдырады. Ондағы негізгі сұрақ өмірдің мән-мағынасы, 
мазмұндылығы, өмір соңындағы қалдырған із болса керек.
Енді рухтың өмір сүру формаларына келер болсақ, уақытында 
оны Г.Гегель егжей-тегжейлі талдаған болатын. Ол оны субъективті
объективті және абсолютті рухқа бөледі.
Субъективті рух деп біз тарих сахнасында өмір сүріп жатқан 
өзіндік тірі сана-сезімі бар адамды айтамыз. Рух жеке адамның 
психикалық ерекшеліктеріне сай қалыптасып, дамиды. Адам өзінің 
саналы іс-әрекетінің негізінде тұлғаға айналып, қоғам өміріндегі 
құндылықтарды игеріп, өзіндік сана-сезімін қалыптастырады.
Объективті рухқа біз белгілі бір әлеуметтік қауымның мойындаған 
ортақ құндылықтар әлемін жатқызамыз. Оған оның дүниесезімі, 
көзқарасы, этикалық, эстетикалық, саяси-құқықтық, философиялық 
т.с.с. түсініктері, көңіл күйі, идеялары жатады. Негізінен алғанда
объективті рух – ол белгілі бір тарих сахнасында өмір сүріп жатқан 
халықтың рухы, ең алдымен оның тудырған тілі, жасаған өнер 
әлемі, әдет-ғұрпы, тәлім-тәрбие әдістері, құқықтық және моральдық 
құндылықтары, менталитеті (ділі) т.с.с. 
Гегельдің уақытында айтқан абсолюттік рухы – ол кемеліне 
келіп жетіліп, өзінің шеңберіне қайта оралған абсолюттік идеяның 
(Құдайдың) жердегі өмірмен ешқандай байланысы жоқ рухы. Мұндай 
көзқарас бүгінгі әдебиетте көп жағдайда мойындалмайды. Сондықтан 
Гегельдің көрсеткен абсолюттік рухтың сатыларын: өнер, дін, филосо-
фияны объективті рухтың ішіне кіргізуге болады.
Философиялық әдебиетте объективтендірілген рух деген ұғым 
қолданылады. Оның мәні мынада. Қайсыбір адамның шығар-
машылық іс-әрекетінен туған идея өмір сүруі үшін заттанады, яғни 
объективтендіріледі. Мысалы, күнбе-күнгі өмірде мыңдаған рет 
кездесетін жеңіл машиналар, автобустар т.с.с. техника түрлерін алсаңыз, 
олар – жүздеген ғылыми қайраткер, инженер, ойлап шығарушы 


528
талантты адамдардың ой еңбегінің жемісі. Белгілі бір кешенді салу 
үшін ол ең алдымен сәулетшінің санасынан өтіп, жобаға айналуы 
керек. Жабайы табиғатта қалалар, машиналар, байланыс жүйелері т.с.с. 
жоқ. Яғни бүкіл адамзат тудырған «екінші табиғатта» адамзат рухы 
затталып, соның ішінде сөнген. Адам күнбе-күнгі өмірінде неше түрлі 
заттарды пайдаланған кезде (ол үшін оның құрылымын білуі қажет), 
сол сөнген рухты жандандырып, яғни игеріп, өз рух құрамының 
ішіне кіргізеді. Осы жолда оған шабыт келіп, оның шығармашылық 
іс-әрекетін оятып, жаңа идеяларды тудыруы ғажап емес. Өйткені 
қайсыбір рухани туындыда иесінің ескермеген, байқамаған жақтарын 
соны игеру үстіндегі адам байқап қалуы мүмкін. Сонымен рух, бір 
жағынан, адамның санасында жанып, екінші жағынан, заттардың ішкі 
мәнін құрап, сөніп жатады екен.
Келесі үлкен мәселе – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет