Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 2. Рух және руханият ұғымдары



Pdf көрінісі
бет428/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

§ 2. Рух және руханият ұғымдары
Дүниеге ең жалпы түрде қарағанда, біз материя мен рухты ғана 
табамыз. Олар бір-біріне қарсы, сонымен бірге бір-бірінен бөлек өмір 
сүре алмайды. Ал осы екеуінің қайсысы дүниенің негізінде жатыр 
деген сұрақ әрқашанда ашық, жоғарыда көрсеткеніміздей, оған ойшыл-
дар әртүрлі жауап береді. Болашақта да бұл сұрақ ашық болып қала 
бермек, өйткені болмыстың шегіне жеткен негіздерін ашсақ, онда біз 
құдайлық дәрежеге көтерілген болар едік. Алайда адам Құдай емес, ол 
кеңістік пен уақытта шектелген пенде, ал дүние – шексіз.
Сондықтан да көп жағдайда қарапайым адамдар рухты дінмен 
ұштастырып, оның түп-тамырын Құдайдың күш-құдіретімен байла-
ныстырады. Әрине, бұл ғылыми талдауды талап етпейді, оған тек сену 
керек. Сондықтан да бүгінгі адамзат қандай білім мен техниканың биік 
дәрежесінде болғанымен, миллиардтаған адамдар Құдайға сенеді. Бұл 
сенім оларға күш-қуат беріп, дүниедегі қиындықтарға тойтарыс беруге 
көмектеседі. Құдайдан адамды өзіне тартып алу үшін, Мефистофель 
(зұлымдықтың нышаны) адамға: «Сен маған жан-дүниеңді берсең, мен 
саған мәңгілік өмір, өлместік берер едім», – депті дейді Гете өзінің 
әйгілі шығармасында. Мұндай жағдайда, әрине, адам дене ретінде 
сақталғанмен, өзінің нағыз адами өзегінен айырылып, зұлым пендеге 
айналар еді.
Алайда бүгінгі адамды көп жағдайда діни көзқарас қанағаттындыра 
алмайды. Егер Құдай идеясын жақшаның ішіне алсақ, онды біз барыбір 
рухты табамыз. Ол – адам. Оның шаттық пен қасіретке, үрей мен 
қиялға, махаббат пен риясыздыққа т.с.с. толы ішкі өмірі бар. Енді рухты 
осы адами тұрғыдан талдап көрейік.
Адамның денесі болғанымен, ол ең алдымен – рух. Өткен заман-
дағы және қазіргі ойшылдардың бары де адамның рухани пенде 
екенін қажымай айтып келеді. Кең түрде алғанда, 
рух
деп біз адамның 
психикалық өмірінің ең биік, санамен байланысты
, оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет