136
Ол –
билік
. Түрік тілінде де бұл сөздердің мағынасы бір-біріне жақын:
«бай», «би»; орыс тілінде де «власть», «владеть» деген сөздердің
түп-тамыры – бір. Сонымен, Ибн-Халдун «мүлік»
деген сөздің екі
мағынасын «байлық-билік» ретінде бірге қолданады. «Мүліктің иесі
адамдарды өз еркіне көндіріп, қазынаға ақша жинайды,
басқа елдерге
елшілік жіберіп, шекараны қорғайды». Мүлік қатынастары, қорыта
келе,
байлықтың қайнар көзі ашылып, артық нәрселер пайда болған
кезде келеді. Ол артық байлықты бөлу кезінде тайпаның көсемі
қолындағы билікті өзінің мүддесіне жаратып, толығынан пайдаланады,
жанындағы туыстарын алыстата бастайды, өйткені олардың жүрегінде
көреалмаушылық
пайда болса, көсемде
қызғанушылық
сезімі пайда
болады.
Тайпалық шеңберінде пайда болған
теңсіздік сыртқа қарай
бағытталып, басқа ру-тайпаларды соғыс, я болмаса қорқытып көндіру
арқылы жүре бастайды. Ал мұның өзі
мемлекеттің пайда болуына
жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: