323
қабылдап, өзгеруiмiз
керек. Сонда ғана бiз өз-өзiмiздi сақтап қалып,
трансұлттық корпорациялардың тудырған жаңа мәңгүрттерiне
айнал-
маймыз – жеке тұлғаның ерiктiгi әрқашанда қоғамдық мүдденiң
шеңберiнен шықпай, құзға кетiп бара жатқан «соқырдың ерiктiгiне»
ұқсамауға тиiс. Бұл бағыттың жақтаушылары зиялылар арасында өте
көп болғанымен, қазiргi саясатта олардың үндерi әлсiз естiледi.
Жалпы алғанда,
либералдық-демократиялық саясаттың
өзi нақ-
тылы ащы шындықтың негiзiнде дүниеге келген болатын.
Егемен-
дiктi алу барысындағы қалыптасқан iшкi және сыртқы ахуалдың өзi
бiзге
басқа жолды таңдауға мүмкiндiк бермедi.
Өкiнiшке қарай, оны
егжей-тегжейлі талдауға кiтаптың көлемi мүмкiндiк бермейдi.
Сонымен қатар қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге жiктелiп,
олардың арасындағы алшақтықтың өсуi, «байлық
пен бақытты болу
жақсы» деген идеологияның негiзiнде руханияттың жүдеуi, қоғамның
бiршама бөлiгiнiң, әсiресе буыны қатаймаған, өмiрден алған тәжiрибесi
тайыз жастардың батыстық
тойымсыздық
пиғылына өтуi, осыған бай-
ланысты «әлеуметтiк ауытқушылықтың шектен тыс өсуi, жекешендiрiлу
жолында жасалған келеңсiз жайттар т.с.с. әлеуметтiк наразылықты
күшейтiп, билiк басындағылар жүргiзiлiп жатқан саясатқа түзетулер
енгiзуге мәжбүр болды. Қазiргi таңда жүргiзiлiп
жатқан саясаттың
әлеуметтiк-демократиялық
бағытқа қарай жылжып бара жатқанын
байқауға болады. Оның толық жеңiсi – халық болашағын анықтайтын
бағыт болмақ.
Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Қазақ дүниетанымының қандай ерекшелiктерiн
көрсетуге бола-
ды?
2. Көне түркi мифологиясындағы өлiмнен қашып, өлместiктi iздеген
кiм болды?
3. Сопылық философиядағы «фана» деген ұғымның мағынасы неде?
4. Өмiрде алудан гөрi болуды арман еткен жырауларды есiңiзге
түсiрiңiз.
5. Қазақ даласындағы алғашқы утопист-жырау кiм болды?
6. Абылай ханның кеңесшiсi болған ұлы жырау кiм едi?
7. Қазақ болмысындағы шамандықтың қалдықтарын терең зертте-
ген ағартушы кiм болды?
8.
Жаңа мектептер ашып, қазақша оқулықтарды алғаш жазған
ағартушы кiм болды?
9. Сот билiгiне жыл кесiлмей сайлауды қалаған кiм болды?
10. Шәкәрiмнiң танымдық көзқарасын қандай бағытқа жатқызуға бо-
лады?
324
11. «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағын жазған ағартушы-демократты
есiңiзге түсiрiңiз.
12. Кеңес дәуiрiнде диалектикалық логика
саласын дамытқан фило-
софтарды есiңiзге түсiрiңiз.
13. Ұлтаралық қатынасты зерттеген ғалымдарды есiңiзге түсiрiңiз.
14. Отандық философиядағы «батысшылардың» көзқарасын сипат-
таңыз.
15. «Дiни iргетастық» деп қандай көзқарасты айтамыз?
16. Қазақстанның ХХI ғ. болашағына өз дүниетанымыңыздың негi-
зiнде философиялық болжам жасап көрiңiз.
Достарыңызбен бөлісу: