Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет340/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

ойлау мен 
болмыс 
– бір-біріне 
тең
. Сонымен, Парменидтің болмысы ой арқылы 
жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, 
өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.
Сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты 
әртүрлі түсініп, соған негізделген әртүрлі дүниеге деген көзқарасты 
қалыптастырды.
Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап, оның іргетас-
тығын анықтағаннан кейін, бұл дүниені сол бейболмыстың көмескі 
бейнесі ретінде ғана түсініп, оның 
өтпелігіне
аса назар аударады. 
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін дүниені адамның 
өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, жетілдіру де – 
мағынасыз нәрселер. Сондықтан негізгі мақсат – адам өз ішкі өміріне 
үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана жетілдіруі қажет. Осын-
дай көзқарастың негізінде 
Шығыста интраверттік
(іntra – лат. сөзі, 
ішкі деген мағына береді) 
мәдени
бағыт қалыптасты. 
Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске 
шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, мәңгілік 
Болмыстың бар екенін мойындауы – бүкіл Батыс өркениетінің қалып-
тасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты 
көзқарас екеніне оқырманның 
ерекше
назарын аударғымыз келеді. 
Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі – 
адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да, осы жаратылған 
дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің бол-
мыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы 
тұрғыдан алып қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі 
деп бағалауға болатын сияқты, өйткені коммунизм – кемеліне келген, 
адамдардың барлық қажеттіліктері толығынан өтелген, соның негізінде 
әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни ол – жер бетінде адамның 
шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.
Сонымен, егер нақтылы өмір сүріп жатқан сезімдік, кемеліне кел-
меген дүние мен қатар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті 
болмаса, онда айнала қоршаған мәнді ортаны идеалды болмысқа сай 
етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. ХХ ғ. өмір сүрген көрнекті Еуропа 
ойшылы Теяр де Шарденнің: «Дүние әлі жаратылып біткен жоқ, ол 
жаратылу үстінде. Оны ары қарай жетілдіретін негізгі күш – адам-


369
зат», – деген ойының да Парменидтің болмыс түсінігімен ұштасып 
жатқанын байқауға болады. Сөйтіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет