Серік Мырзалы философия оқу құралы


Т.Гоббстың гносеологиясы (таным iлiмi)



Pdf көрінісі
бет145/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Т.Гоббстың гносеологиясы (таным iлiмi) 
тәжiрибелiк тұжыры-
мынан шығады. «Алғашында түйсiкте толығынан, я болмаса жар-
тылай болмаған нәрсе ұғымда да жоқ» деген сенсуализм қағидасын 
Т.Гоббс толығынан мойындайды. Бiрақ ғылыми ұғымдарды жасау үшiн 
сезiмдiк саты, деректердi бiлу жеткiлiксiз, өйткенi ғылыми ұғымдар ең 
жалпылық, қажеттiлiк деңгейiне көтерiлуi керек. Т.Гоббстың ойынша, 
ондай дәрежеге математика ғылымы ғана көтерiле алады. Р.Декарттың 
«туа бiткен идеяларына» қарсы шығып, ол оның қайнар көзiн тiлдiң 
сөздерiнен iздейдi. Оның ойынша, ойлау тiлмен тең. Сөздер арқылы 
бiз iшкi ойымызды сыртқа шығарып, басқа адамдарға жеткiзе ала-
мыз. Сойтіп, Т.Гоббс тiлдi белгi тұжырымдамасының шеңберiнде 
түсiнедi. Қайсыбiр сөз – ол затқа қойылған ат (nomina) қана. Ол 
әртүрлi мағынаны көрсетуi мүмкiн. Мұндай жағдайда адамдар бiр-
бiрiмен түсiнiсе алмайды. Ал адамдар белгiлi бiр келiсiмге келiп, сол 
қойылған атқа, таңбаға нақтылы мазмұн беретiн болса, сонда ғана ол 
белгiге айналып, соның негiзiнде адамдар бiр-бiрiмен түсiнiсе алады. 
«Адамның ақыл-ойының сәулесi – ол көпмағыналықтан тазартылған, 
нақтылы анықтамасы бар сөздер», – дейдi ұлы ойшыл.


166
Т.Гоббс «Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн», – деген Р.Декарттың 
принципiн өзiнiң танымдық iлiмiнiң тұрғысынан қатты сынға алады. 
«Мен ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн» деген қағида бiздi ойлана 
алатын дене бар екенiн мойындауға әкеледi. Ал Р.Декарттың ойлай-
тын адам ойлауға тең деген пiкiрiн «серуендеп жүрген адам серуен 
деген тұжырымға тең», – деп, материалистiк тұрғыдан қатты соққыға 
жығады.
Т.Гоббс таным әдiстемелерi жөнiнде де ерекше пiкiр айтады. 
Индуктивтi және дедуктивтi әдiстердi бiр-бiрiне қарсы қоймай
олардың екеуiн де ғылыми зерттеулерде кең түрде қолдану қажет. Бiрақ 
индуктивтi әдіс табиғатты зерттегенде басымырақ қолданса, матема-
тика саласында және этика мен саясатты зерттегенде дедуктивтi әдiс 
басым болуы қажет деген пiкiр айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет