169
Онтологиялық мәселелер. Құдай-Субстанция-Табиғат
Спиноза болмыстың ең соңғы себебi Құдайда деп есептейдi.
«Құдай... барлық заттардың бiрiншi себебi және өз-өзiнiң себебi,
өз-өзi арқылы танылады». Ол Құдайдың болмысын дәлелдеу үшiн
онтологиялық дәлелдемелер келтiредi. Бiрақ ол Құдайға пантеистiк
мағына бередi, яғни оны бiздi қоршаған табиғатқа теңейдi. Олай болса,
Құдай табиғаттан тыс мәңгiлiк өмiр сүрiп жатқан рухани тұлға емес,
оны тек қана зерде (intelligere) арқылы ғана түсiнуге болады.
Мұндай көзқарас сол кездегi Құдай жөнiндегi деистiк пiкiрлерге
қарсы болды. Егер деистер Құдай дүниенiң ең алшақтағы соңғы себебi
деп есептесе, Б.Спиноза ол дүниенiң ең тiкелей жақын себебi деген
тұжырымға келедi.
Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретiнде
қаралады. Егер Р.Декарт дүниенiң негiзiнде бiр-бiрiне тәуелсiз екi
субстанция жатыр, ал олардың үстiндегi Құдай екеуiн бiр-бiрiмен
үйлестiредi деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бiр-бiрiмен
қосып, оларды табиғатпен теңейдi. Сондықтан оның метафизикалық-
онтологиялық негiзгi формуласы – ол
Достарыңызбен бөлісу: