Серік Мырзалы философия оқу құралы


Адам, ерiк және сезiм қысымы (аффект) мәселелерi



Pdf көрінісі
бет151/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Адам, ерiк және сезiм қысымы (аффект) мәселелерi
Б.Спинозаның ойынша, адам – табиғаттың ажырамас бiр бөлiгi, олай 
болса, ол толығынан табиғат заңдылықтарына тәуелдi. Егер дүниеде 
механикалық заңдылықтар үстем болса, адам арқылы табиғаттың 
екiншi ойлау қасиетi өзiнiң көрiнiсiн табады. Бiрақ адамның дене 
құрылысы толығынан табиғатқа бағынады. Сезiмдiк идеяларда да 
адамның денелiк, табиғи жақтары басым. Ал адамның жан дүниесiнiң 
өзiнен шығатын идеялар, егер олар сезiмдiк танымнан анағұрлым 
алшақ болса, соншалықты айқын, таза, ақиқатты. Оның ойынша, «дене 
жан-дүниенi ойлауға итере алмайды, ал жан да дененi қозғалтып, иә 
болмаса тұрақтата алмайды». Яғни субстанцияның бұл екi қасиетi бiр-
бiрiмен қатар өмiр сүрiп отырады.
«Адамның жан дүниесiнде бiр-бiрiнен бөлек неше түрлi идеялар 
болғаннан кейiн, онда 
сүю, керек қылу, ерiктiктi аңсау
сияқты күрделi 
құбылыстар болуы мүмкiн емес», – дейдi Б.Спиноза. Табиғаттың ажыра-
мас бөлiгi ретiнде адам бүкiл дүниелiк шытырман қарым-қатынастарға 
кiредi. Соның iшiнде ол ең алдымен 
өзiн сақтап қалуға 
тырысады. Ал 
мұның өзi оның неше түрлi сезiмдерi мен құмарлықтарын тудырады. 
Оны философ аффектiлер (сезiм қысымы) дейдi. Олардың iшiндегi ең 
негiздiсі – құштарлық (appetitus), ол дененi сақтап қалу жолында пайда 
болады. Жан-дүние саласына кiрiп, құштарлық iңкәрлiкке (cupiditas) 
айналады. Тағы екi күштi сезiм – ол қуаныш пен қайғы (laetitia & 
tristitia).
Б.Спиноза көне замандағы Платон мен Сократқа ұқсап, барлық 
дұрыс емес iс-әрекеттер танымдағы қателiктермен байланысты деп 
есептеген. Адам өзiн қоршаған жағдайларды дұрыс түсiнсе, онда 
ол өзiнiң iс-әрекетiнде қателеспейді, өзiн бақытты сезiнедi, бiрақ ол 
басқаларға бақытсыздық болып көрiнуi де мүмкiн.
Ойшыл дүниедегi ең жоғарғы игiлiк – ол Құдайды танып-бiлiп, оған 
деген зияткерлік (интеллектуалдық) махаббат деңгейiне көтерiлу дейдi. 
Ал Құдайдың субстанция мен табиғатқа тең екенiн есiмiзде сақтасақ, 
ал адамзаттың рухының сол табиғаттың модусы (көрiнiсi) болса, онда 
адамның ғылымның қиын да ауыр жолына түсiп дүниетануы – оның 
жүрегiнде бақыт сезiмiн тудырып, оны ләззатқа жетелейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет