Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет150/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

атрибуты (қасиетi) 
бар. Олар – созылу (extensio) және ойлау (cogitatio). Адам дүниенi таны-
ғанда, оның осы қасиеттерi арқылы нақтылыққа жете алады. Демек, 
Р.Декарттың екi субстанциясы Б.Спинозаның бiр субстанциясының 
негiзгi екi қасиетiне айналады.
Ендi субстанцияның осы негiзгi екi қасиетiне сипаттама берелiк. 
Сөйтіп, Б.Спиноза заттықтың негiзгi қасиетiн созылудан, яғни 
кеңiстiктен көрдi. Онда мынандай сұрақ ойымызға келедi: Осы айтыл-
ған кеңiстiкте саны шексiз болғанымен, неше түрлi шектелген зат-
тар қалай пайда болады? Оның негiзгi себебiн ойшыл қозғалыс пен 
тұрақтылықтан көредi, өйткенi олардың бiр-бiрiне деген қатынасы 
мен көлемi нақтылы шектелген заттарды құрайды. Расында да, әрбiр 
заттың көлемi бар, ол – бiр жағынан, тұрақты, екiншi жағынан, үнемi 
қозғалыста. Яғни қозғалыс пен тұрақтылық субстанцияның созылу 
қасиетi мен нақтылы шынайы өмiрдегi заттардың арасындағы дәнекер 
ретiнде қаралады.
Субстанцияның келесi атрибуты – оның «шексiз ойлау қабiлетiне» 
келсек, ол – бүкiл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б.Спиноза бүкiл 
дүниенi тiрi деп есептейдi. Мұндай көзқарас гилозоизм (hileo – грек 
сөзi, зат, zoo – тiрi) деп аталады. «Тек адам ғана емес, сонымен қатар 
барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары әртүрлi деңгейдегi 
тiршiлiкте», – дейдi ұлы ойшыл.
Гносеология (дүниетаным) мәселелерi
Таным мәселелерiне келгенде, бiз Б.Спинозаны рационализм 
бағытына жатқызамыз. Ол әрқашанда сезiмдiк танымды ой елегiнен 
өткiзген бiлiмнен айыру керек екендiгiн басым айтқан. Сезiмдiк таным 
әрқашанда бұлдыр, көмескi. Тек ақыл-ой ғана айқын бiлiм бередi. 
Ғылымдардың iшiндегi ең айқыны – математика. 
Сезiмдiк танымның бұлдырлығы ол тек қана сыртқы затты ғана 
көрсетiп қоймай, сонымен қатар оны өзiнiң денесiндегi өзгерiстермен, 
әсiресе сезiм мүшелерiмен байланыстырады.
Санадағы сезiмдiк бейнелердiң бiр-бiрiмен байланыстары кездейсоқ. 
Мысалы, аттың iзiн көрген әскери адам жақындап қалған жауды елес-
тетсе, қарапайым шаруа соқа мен жыртылған жердi елестетедi, – дейдi 
Б.Спиноза.


171
Бiрақ сезiмдiк танымды толығынан жалған деп есептеуге де бол-
майды, олардың қайсыбiрiнде аз да болса ақиқаттың жұрнақтары бар. 
Мысалы, надан адамның: «Күн – кiшкентай зат және жерге өте жақын 
орналасқан», – деген жалған пiкiрiнiң өзiнде Күннiң өмiр сүрiп, бiзге 
ықпалын тигiзiп жатқаны жөнiнде ақиқаттық пiкiр бар, – дейдi ұлы 
ойшыл.
– Күнбе-күнгi өмiрден алатын сезiмдiк таным – қалың бұқараның 
негiзгi тәжiрибесi, соның арқасында олар бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа 
түсiп, өмiр сүрiп жатады. Ақыл-ой арқылы алынатын бiлiмнiң 
шындығының өзiн бiз оқтын-оқтын тәжiрибе арқылы тексерiп отыруы-
мыз қажет, – деп қорытады Б.Спиноза. 
Дерексіз бiлiм де тәжiрибеден шығады, өйткенi адамдар дүниеден 
алған тәжiрибесiн сөз арқылы қорытады. Бiрақ сөзге адамдар өзiнiң 
тәжiрибесiне сәйкес әртүрлi мағына бередi. Сондықтан бiреулерге 
адам – тiк жүретiн жануар, екiншiге – күлетiн пенде, ал үшiншiге – 
ол ойлай алатын тiршiлiк т.с.с. Сондықтан сөз заттың кейбiр ғана 
қасиеттерiн белгiлеуi мүмкiн, яғни оның мағынасы затпен толық тең 
емес. Ал схоластика мектебi универсалияларды (ең жалпы ұғымдарды) 
дүниемен теңеп, оларды шынайы болмыс деп есептейдi. «Филосо-
фия саласындағы көп дау-дамайлар көбiне ойды дұрыс көрсететiн 
сөздердi қолданбағаннан, иә болмаса басқаның айтқан сөздерiн дұрыс 
түсiнбегеннен туады», – дейдi ұлы ойшыл.
Б.Спиноза нағыз шынайы бiлiмге тек қана ақыл-ой, зерде (ratio, 
intellectus) арқылы жетуге болады деген пiкiрде болды. Ақыл-ой 
арқылы сөздердi жалпы ұғымдық дәрежеге көтерiп, оның мән-
мағынасын айқындауға болады. Ғылымдағы ең құнды ұғымдар мате-
матика саласынан шығады. Олар бiр-бiрiмен байланысты, жүйелi, 
сондықтан сезiмдiк танымға қарағанда анағұрлым биiк дәрежеде. 
Егер, Б.Спинозаның ойынша, сезiм заттың сыртқы жағын бейнелесе, 
онда ақыл-оймен бiз заттың iшкi сырын ашамыз. Сондықтан болар, 
Б.Спиноза өзiнiң «Этика» деген еңбегiнде «геометрикалық әдісті» пай-
даланып, анықтама, аксиома, теорема деген ұғымдарды мораль саласын 
талдауға пайдаланады.
Б.Спинозаның ойынша, шындықты танып-бiлудiң үшiншi түрi – 
ол интеллектуалдық интуиция. Интуиция дегенiмiз – тiкелей, 
сезiм мен ақыл-ой елегiнен өткiзбей-ақ ақиқатқа жету. Ол бүкiл 
дүниенiң бiртұтастығын тануға мүмкiндiк бередi. Адам рухының 
шығармашылық қасиетiнiң негiзiнде бiз шынайы аяқталған шексiздiк 
идеясын ашамыз. Ол бiзге интуиция арқылы ғана берiледi.
Тағы да бiр ерекше атап кететiн нәрсе – ол Б.Спинозаның таным 
теориясының (гносеология) оның болмыс iлiмiмен (онтология) қосылып 
жатқанында. Оның себебi – субстанция-табиғаттың ойлау қасиетi бар.


172


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет