Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет180/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
Трансцендентальдық
деп И.Кант тәжiрибенiң алдында және сол 
тәжiрибелiк танымның мүмкiндiгiн жасайтын ұғымдарды айтады. Ал 
трансценденттiк
деп тәжiрибелiк шеңберден шығып кетуге ұмтылған, 
оның ар жағында жатқанды айтады.
Келесi екi ұғым – ол «зат өз iшiнде», яғни заттың өзiндiгi, оны 
И.Кант «ноумен» деген ұғыммен бередi, ол – мән. Ал заттардың сыртқы 
құбылысын ол «феномен» деген атпен бередi. Оларды бiз сезiмдiк 
және ақыл-ойдың бiтiмдерi арқылы ретке келтiрiп, тани аламыз. Ал 
ноумендi алсақ, ол танылмайды. Бiрiншiден, өзiндiк зат жөнiнде бiз тек 
қана оның өмiр сүрiп жатқанын көремiз. Олар бiздiң түйсiктерiмiздi 
қоздырушы күштер ғана, ал үшiншi мағынасы – өзiндiк зат тәжiрибенiң 
ар жағында жатыр. Төртiншiден, оларды таным үдерісінде бiрте-бiрте 
жақындай беретiн идеалдар, неше түрлi рухани құндылықтар ретiнде 
түсiнедi. Бұл жағынан алып қарағанда, ол 
сенiм
аймағына жатады.
Егер И.Кантқа дейiнгi ойшылдар танымның негiзi табиғатты 
байқап қарауда жатыр деп есептесе, ол дүниетануды адамның 
белсендi iс-әрекетiмен байланыстырып, осы жолда адам 
дүниенi
өзiнiң 
априорлық формалары арқылы 
ретке келтiрiп құрады
деген пiкiрге 
келедi. Философиядағы И.Канттың жасаған коперникандық төңкерiсi 
деп бiз осыны айтамыз.
И.Канттың танымдық теориясы түйсiктер арқылы берiлетiн 
әртүрлi құбылыстардан басталады. Оларды белгiлi бiр ретке келтiретiн 
априорлық сезiмдiк аңдау формалары бар. Олар – 
кеңiстiк
пен 
уақыт
.
И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақыт – белгiлi бiр сапасыз, 
бiртектi және шексiз созылымдар. Сезiмдiк байқаудың таза форма-
лары (трансценденталилер) ретiнде олар идеалды, ал материалдық 
тәжiрибемен қосылған кезде шынайы болып келедi. Егер кеңiстiк 
байқаудың априорлық сыртқы формасы болса, уақыт априорлық iшкi 
формасына жатады, өйткенi уақыт адамға сырттай берiлмеген, бiз оны 
тек iштей санау арқылы ғана сезiне аламыз.
И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақытты аңдау математика 
ғылымының қайнар көзiн құрайды. Егер геометрияның негiзiнде 
кеңiстiк жатса, арифметика мен алгебраның негiзiнде уақыт жатыр, 


205
өйткенi сандарды есептеу, бiрiнiң соңынан екiншiсiн келтiру уақыт 
шеңберiнде оларды санауды қажет етедi.
Алайда сезiмдiк байқау, қайсыбiр одан шығатын тәжiрибе 
әрқашанда кездейсоқтық, ал бiлiм жалпымағыналық және қажеттiлік, 
заңдылық дәрежесiне көтерiлуi керек. Оған жететiн жол – априорлық 
ақыл-ой формалары, оларды И.Кант санаттар дейдi. Ол санаттардың 
қайнар көзiн тәжiрибеден шығармайды, олар да кеңiстiк пен уақыт 
сияқты, априорлық табиғатымен сипатталады. И.Канттың сараптауы 
бойынша ақыл-ойдың априорлық санаттарына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет