Серік Мырзалы философия оқу құралы


«Табиғатты түсiнудегi ойлар жөнiнде»



Pdf көрінісі
бет176/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
«Табиғатты түсiнудегi ойлар жөнiнде», 
«Д’Аламбердiң Дидромен сұхбаты», «Материя мен қозғалыстың 
философиялық принциптерi»
т.с.с.


200
Егер француз ағартушыларының көпшiлiгi деистiк көзқараста болса, 
Дидро өзiнiң философиялық көзқарастарында таза материалистiк 
бағытқа көшедi.
Дүниедегi субстанция бiреу ғана – ол материя, ал оның себебi 
өзiнiң iшiнде, сондықтан оны түсiнiп, тану үшiн ешқандай Құдай 
идеясы керек емес. Материяны ешкiм жаратқан жоқ, ол өзiнiң даму 
заңдылықтарының негiзiнде мәңгiлiк өмiр сүрiп жатыр. Дидро мате-
рияның өмiр сүру тәсiлiн қозғалыстан көредi, сондықтан оларды бiр-
бiрiнен ажырата алмаймыз. Бүкiл табиғат мәңгi қозғалыста, бiр нәрселер 
жойылып, екiншiлерi оның орнына келiп жатыр. Дидроның ең тамаша 
ойы: ол материяның өзiндiк iшкi күштерiн мойындап және оның қайнар 
көзiн iшкi қайшылықтардан iздейдi.
Адам мәселесiне келер болсақ, Дидро оны басқа тiршiлiктер сияқты 
өзiнiң қалыптасу, жетiлу тарихынан өттi деген пiкiрге келедi. Адамның 
санасы Құдайдың оған берген сыйы емес, ол – материяның даму 
жолында пайда болған құбылыс. Ол тiршiлiктiң күрделену жолында 
пайда болады.
«Қоғамдық шарт» теориясына сүйене отырып, Дидро корольдiң 
билiгiнiң Құдай берген билiгi жөнiндегi сол кездегi кең тараған пiкiрге 
қарсы шығып, оны әшкерелейдi. Ол конституциямен шектелген монар-
хияны жақтап, ағарған билiктiң қажет екенiн көрсету жолында талай 
ойларды қозғайды.
Адамның өзiмшiлдiгiн мойындағанмен, Дидро оны ақыл-оймен 
тежеп, басқалардың да мүдделерiн түсiнiп, адам өзiн-өзi тежей, 
шеңберлей алатын дәрежеге көтерiлуi керек деген гуманистiк ойларды 
келтiредi. 
Қорыта келе, бiз француз ағартушыларының философия тарихын-
дағы алатын ерекше орнын тағы да атап өткiмiз келедi. Олардың 
айтып кеткен көп ойлары осы күнге дейiн өзiнiң өзектiлігiмен бiздi 
таңғалдырып, iшкi дүниемiзде шабыт оятып, жаңа ой-пiкiрлердi туды-
рады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет