Кондильяк
(1715-1780 жж.) қайсыбiр ой өрiсi түйсiктер берген
деректердiң негiзiнде пайда болады, яғни қоғамның рухани өмiрiнде
күнбе-күнгi өмiр бейнеленедi деп есептесе,
Ламетри
(1709-1751 жж.)
өзiнiң емдеу тәжiрибелерiне сүйене отырып, адамның ұйықтап жатып
көрген түсi, иә болмаса ауырып, есiнен танып жатқандағы сандырағы
жан-дүниенiң толығынан мимен байланысын көрсетедi, – деген пiкiрге
келедi.
Гельвеций
(1715-1771 жж.) де осы көрсетiлген тұрғыдан мораль
мәселелерiн қарап, адамның қайсыбiр ләззат алу формаларының
негiзiнде сезiм толқыны жатыр, ал кейбiр адамдардың өзiмшiлдiгiне
келер болсақ, оны тәрбиенiң негiзiнде түзеуге болады деген пiкiр
айтады.
Гольбах
(1723-1789 жж.) өзiнiң «Табиғат жүйесi» деген көлемдi
еңбегiнде: «Өзiмен-өзi өмiр сүрiп жатқан табиғат дүниедеге барлық
құбылыстардың себебiн құрайды», – деген батыл да терең пiкiрге
келедi. Табиғат дегенiмiз – орасан зор шеберхана. Материяның негiзгi
өмiр сүру тәсiлi – қозғалыс. Ал тарту мен инерция – материяның ең
терең табиғи қасиеттерi.
Өзiнiң әлеуметтiк философиясында ғалым адамдарды азаматты-
лыққа, заңға көнуге, елдi қорғауға, қайсыбiр саясаттағы озбырлыққа
қарсы күресуге, жоғары мәдениетті басқару жүйесiн орнатуға
шақырады.
Мораль саласындағы негiзгi құндылықтарға ол iзгiлiк, ақиқат,
зерденi жатқызып, тек соларға ғана табынуға болады деген пiкiрге
келедi. Ол қайсыбiр дiни көзқарастарды қабылдамай, дiни надандықтан
арылуға шақырады.
Дидро
(1713-1784 жж.) – ұлы француз ағартушыларының бiрi. Оның
басшылығы мен ұйымдастыру қабiлетiнiң арқасында ХVIII ғ. «Француз
энциклопедиясы» басылып шыға бастады (салыстырыңыз: Қазақ совет
энциклопедиясы ХХ ғ. 70 жылдарында жарық көрген). Онда сол кезге
дейiн жиналған ғылыми деректердiң негiзiнде дүниеге жаңа көзқарас,
жаңа саяси, құқықтық, гуманистiк идеялар дүниеге келiп, кеңiнен
қоғамда тарала бастайды. Ол француз халқының рухани жаңаруына
өзiнiң өшпес iзiн қалдырды.
Негiзгi еңбектерi:
Достарыңызбен бөлісу: |