195
мен ережелер арқылы ретке келтiрiледi. Оларды адамдардың өзi туды-
рады. Оған Құдайдың еш қатынасы жоқ.
Моральдық табиғи заң – ол «өзiңе не
қаласаң, басқаларға да соны
жаса» – бүкiл адамзатқа тән нәрсе. «Сиамнан бастап Мексикаға дейiн
шындық, қайырымдылық, достықты сыйламайтын халық жоқ». Құдай
болмаса, адамдар ойларына не келсе, соны iстейдi, тiзгiнсiз кетедi деген
осы уақытқа дейiн кең тараған пiкiрге қарсы шығып,
Вольтер ондай
адамдарды қоғамның өзi-ақ неше түрлi заңдар арқылы ауыздықтай
алады деген пiкiрге келедi. Екiншiден, халық ондай адамдарға терiс
қарайды, бұның өзi – ондай адамдарға ең күштi тiзгiн. Олай болса, әр
адам жетiле келе, қоғам өмiрiнде өзiн таза ұстау керектiгiн, өзiнiң басқа
адамдар алдындағы борышын бұлжытпай орындау қажеттiгiн түсiнiп
орындайды, – деп қорытады Вольтер.
Достарыңызбен бөлісу: