Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет174/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
Теңсiздiк мәселесi
Егер Руссоға дейiнгi ойшылдар теңсiздiктiң түп-тамыры, бiр 
жағынан, зорлық-зомбылыққа, екiншi жағынан, дiни-рухани алдау-
арбауда деп есептесе, Руссо оның шынайы себептерi бар деген ойға 
келедi. Оны ол адамның ақыл-ой иесi ретiнде жетiлуге деген қабiлетiнен 
көредi. Адам еңбек етiп, өзiн-өзi асырау жолында қармақ пен жiптi
садақ пен жебенi, малдың терiсiнен киiмдi т.с.с. ойлап шығарды, отты 
игердi. Олар үлкен аңдарды ұстау үшiн бiр-бiрiмен оқтын-оқтын бiрiгiп, 
оның пайдалылығын байқады.
Руссоның ойынша, үй салу адамдардың өмiрiндегi алғашқы үлкен 
төңкерiс болды, өйткенi үймен бiрге отбасы дүниеге келдi, ол тарихи 
алғашқы әлеуметтiк бiтiм едi. Бұл кезде әлi мемлекет дүниеге келген 
жоқ, сондықтан бұл уақыт – алтын заман, адамдар бiр-бiрiне тәуелсiз
олар табиғаттың бақытты балалары болды.
Екiншi төңкерiс теңдiктi жойып, адамдарды құлдық пен қайыр-
шылыққа әкелдi. Ол – жеке меншiктiң пайда болуы. Оның негiзiн 
қалаған бiрiншi адам өз үйiнiң маңайын қоршап: «Бұл – менiкi», – 
дедi, ал қалған адамдар оны мойындады, – деген пiкiр айтады. Әрине, 
Руссо бұл құбылыстың терең тамырына шейiн жетедi, өйткенi жеке 
меншiктiң пайда болуы алғашқы қоғамның экономикалық дамуымен 
тығыз байланысты болатын.
Жердi өңдеп, егiн егудiң өзi оны бөлуге әкелiп соқты. Осыдан жеке 
меншiк, теңсiздiктiң өзi-ақ пайда болады, тiптi бiз алғашында жер тепе-
тең бөлiнiп едi деп есептесек те.
«Ең күштi өзiнiң еңбегiмен басқалардан гөрi көбiрек өндiрдi, ең 
өнерлi, тапқыр өзiнiң еңбегiнен пайданы көбiрек көрдi», – дейдi Руссо. 
«Жердi өңдеп, егiн егу азық-түлiктi көбейтiп, қажеттiліктен артық 
қалатын байлықтың көзiн ашты. Ал мұның өзi әртүрлi кәсiптердi 
туғызып, өндiргiш күштердi ары қарай дамытты. Әсiресе темiрдi 
балқытып, игеру ауыл шаруашылығында қолданатын құралдарды 
анағұрлым жетiлдiрiп, алатын өнiмдi молайтты. Байлық аз топтың 
қолында шоғырланып, көпшiлiк қайыршылық жағдайға келедi, осы-
дан бастап адамзат табиғи сатыдан цивилизацияға келiп тiреледi. 
Байлардың мүдделерiн тиiмдi қорғау жолында мемлекет дүниеге 
келедi», – деп қорытады Руссо.
Мұндай жағдайда адамға қалайша оның жоғалтқан ерiктiгiн қайтып 
беруге болады? деген көкейтестi сұраққа Руссо өзiнiң «қоғамдық 
шарт» теориясы арқылы жауап беруге тырысады. Оның мәнi мынада. 
Әрбiр адам ерiктi түрде өз құқыларының бәрiн қоғамға бередi. Осы 
сәтте адамдардың барлығы бiр-бiрiмен заң жүзiнде теңелiп, берген 


198
құқыларын өзiне қоғамнан қайтарады. Барлығының жағдайы тең
ешкiмнiң де артықшылығы, жеңiлдiгi жоқ, әрбiр адам бүкiл қоғамды 
мойындап, оның талаптарына көнгенмен, жеке қайсыбiр адамға тәуелсiз 
болады, әрбiр адам бiртұтас қоғамның ажырамас бөлiгiне айналады.
Демек, қоғам өмiрiнде әрбiр адам өзiнiң күш-қуатын сезiнедi, адам-
дар жеке тұлға, дене ретiнде теңсiз болғанымен, моральдық, құқықтық 
теңдiкке ие болады.
Қоғамдағы шығарылған заңдардың қайнар көзi – халық. Егерде 
әлдебiр заң халықтың пiкiрiнсiз және дауысын берусiз жарыққа шықса, 
онда ол заң емес, – бұйрық. Халықтың билiгiн қамтамасыз ететiн 
ұйым – халықтың құрылтайы. Ол заңмен бекiтiлген уақытта жиналып, 
«қоғамдық шарттың бұзылмауын бақылап отыруы қажет, өйткенi ол 
шарттың ыдырап кету себептерi әрқашан сақталады». Олар:
а) әрбiр өкiметтiң өзiн әрқашанда күшейтуге тырысуынан шығады;
в) азаматтардың бiршамасының iзгiлiк жолынан ауытқу мүмкiн-
дiгiнен туады; 
с) жеке мүдделердiң дамып, жалпы мүдденiң шеңберiн қысуынан 
болады;
д) мұндай жағдайда «жалпы мүдденi» өзгертiп, адамдарды алдап 
кету қаупі туады.
Қоғамдық шартты сақтап қалудың бiрден-бiр жолы, Руссоның айту-
ына қарағанда, ол – халықты ағарту, оған әрқашанда дұрыс жолды 
көрсетiп отыру. 
Руссо адамды тәрбиелеу мәселелерiне де көп көңiл бөледi. Тәрбиелеу 
дегенiмiз – табиғаттың адамға берген туа бiткен дарындарын бiрте-бiрте 
дамытып, гүлдету. Адамға ерiктiктi сүю, тәуелсiз пiкiр айту сезiмдерiн 
қалыптастыру – қажеттi нәрсе. Мәселенi нақтылай келе, Руссо баланың 
тәрбиесiн төрт сатыға бөледi: 
– туғаннан екiге дейiн – негiзiнен, оның дене тәрбиесiне басым 
көңiл бөлiнуi керек; 
– екiден он екiге дейiн – сезiм мен көңiл күйі тәрбиесi жүруi керек; 
– он екiден он беске дейiн – баланың ақыл-ойының дамуына басым 
назар аударылуы қажет; 
– он бестен он сегiзге дейiн – баланы адамгершiлiк жолына қою 
керек, әсiресе осы соңғы «дауыл мен iңкәр» сатысына көп көңiл 
бөлiнуi қажет.
Тәрбие жолында тiкелей зорлық жасамай, баланың дамуына астыр-
тын ықпал ету керек. Әсiресе оның қалыптасып жатқан ерiктiк сезiмiн 
аялау қажет. Тәрбие жолында еңбек етуге үйретудiң орны ерекше. 
Iзгiлiктi сүю үшiн балаға iзгiлiктi iстердi жасату керек. Тәрбие жолында 
баланың денесi мен ақыл-ойының дамуы бiр-бiрiне ауысып, қатар 
жүрiп отыруы керек.


199
Руссо өз заманынан ондаған жылдарға озып, болашақ ұрпақтарға 
зор әсерiн тигiздi. Руссоның қоғам, адам, мораль т.с.с. жөнiндегi көп 
идеялары бiздiң ғылыми-техникалық революция жүрiп, экологиялық 
дағдарысқа әкелiп жатқан заман үшін өзектi де, мазмұнды.
Жоғарыдағы айтылған ұлы француз ағартушыларының қатарына 
сол замандағы басқа да ойшылдарды кiргiзуге болады.
Егер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет