Серік Мырзалы философия оқу құралы


үмiт артуға болады. Сондықтан адамның жан дүниесiнiң  өлместiгi болуы қажет



Pdf көрінісі
бет185/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
үмiт артуға
болады. Сондықтан адамның жан дүниесiнiң 
өлместiгi болуы қажет
. Мiне, бұл – зерденiң іс жүзіндегі екiншi 
тұжырымы.
И.Канттың ойынша, тарихи ғасырлар өткен сайын адамзат 
моральдық идеалға жақындай түсуде, әсiресе болашақ «этикалық мем-
лекет» орнаған кезде бұл үдеріс тездеуi мүмкiн. Бiрақ трансценденттiк 
жағдайда мұратқа жақындап жету басқаша болмақ, өйткенi адам 
өлместiк сатысына көшедi.
Жiгердiң ерiктiгi мен жан-дүниенiң өлместiгi үшiн қажеттi түрде 
белгiлi бiр онтологиялық (болмыстық) негiз керек. Ең болмағанда 
логикалық түрде адам дүниеде құдiреттi күштiң бар екенiн мойын-
дауы керек. Олай болса, мұндай негiз деп тек Құдайды атауға болады. 
Құдай
, сондықтан 
бар
және 
болуы қажет.
И.Канттың ойынша, Құдайға сенбеушiлiк адамдардың моральдық 
деңгейлерiн күрт төмендетер едi, олар табиғаттан әлсiз және жетiлмеген 
болып жаратылғаннан кейiн, күнәға батып, адамдық қасиеттерiнен 
жұрдай болуы мүмкiн. Сөйтіп, И.Кант «Мен не нәрсеге үмiттене ала-
мын?» – деген сұраққа: 
«Дiни сенiмге»
, – деп жауап қайтарады.


210
Құқық және мемлекет мәселелерi
Егер И.Канттың моральдық философиясы адамдардың күнбе-
күнгi тәжiрибесiнен аулақ болса, оның құқықтық көзқарастары, 
керiсiнше, нақтылы өмiрмен тығыз байланысты. Адамдардың табиғи 
құқықтарының негiзгi қызметi – тұлғаның моральдық еркiндiгiн 
бекiту, парыздың орындалуына жағдай туғызу. Құқықтың өмiр сүруi-
нiң ерекшелiгi – ол әртүрлi адамның қарым-қатынастарын әдiлеттiлiк-
тiң негiзiнде ретке келтiредi.
И.Канттың ойынша, адамдардың негiзгi табиғи құқықтарына жеке 
меншiкке деген құқық жатады, тек ол басқа адамдардың бостандығына 
зияндығын тигiзбесе болды. Табиғи құқықтың негiзгi қағидаларының 
бiрi – jus talions (тең құндық, тiске – тiс, көзге – көз).
Ал мемлекет мәселесiне келер болсақ, – ол адамдардың заңдарға 
сүйене отырып бiрiгiп қауымдасуы, оның негiзiнде әдiлеттiлiк прин-
ципi жатуы қажет. И.Канттың ойынша, республикалық басқару 
жүйесi король билiгiне қарағанда жақсы, өйткенi король даналық пен 
әдiлеттiлiктi ұзақ уақыт бойы сақтай алмай қалады, ұзақ уақыт билiктi 
ұстаған адам қажеттi түрде зерденiң ерiктi тұжырымын бұрмалайды.
Мемлекет аясында қоғамнан ажыратуға болмайтын үш принцип 
бар. Олар – әр адамның ерiктiлiгi, азаматтардың теңдiгi және әрбiр 
азаматтың дербестiгi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет