Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет255/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

өткiр де терең, 
нақышына келтiрiлген
өлең шумақтары адамның ақыл-ойымен 
қатар, оның сана-сезiмiне өзiнiң зор әсерiн тигiзiп, халықтың жадында 
сақталып, оның дүниеге деген көзқарасы мен iс-әрекетiне өзгертулер 
енгiзе алды. Жалпы алғанда, бұл тек қана қазақ халқына ғана тән нәрсе 
емес. Қай заманда да, қай халық өз поэзиясын жан-тәнiмен сүймеген, 
ол әрқашанда адамның жан-дүниесiн билейтiн әмiршiсi емес пе?! ХХ ғ. 
өмiр сүрген немiс философы М.Хайдеггердiң өз өмiрiнiң соңына қарай 
поэзияға бетбұрыс жасап, болмыс жөнiндегi нағыз терең ойларды ұлы 
өлеңшiлердiң шығармаларынан iздегенi осыған байланысты болса 
керек. Сол себептi де бiз қазақ халқының қалыптасу жолындағы терең 
философиялық мәселелердi жыраулардың шығармашылық жолдарынан 
iздеуiмiз керек.
Қазақ халқының ақын-жырауларының iшiнен аса көрнектi тұлға-
лар ретiнде 
Сыпыра
жырауды (ХIV ғ.), 
Асан
қайғы, 
Қазтуған 
Сүйiнiшұлын 
(ХV ғ.), 
Доспамбет
пен 
Шалкиiз
жырауларды (ХVI ғ.), 


287
Жиембет
пен 
Марғасқа
жырауларды (ХVII ғ.), 
Ақтамбердi
мен 
Тәтiқара

Бұқар
жырау мен 
Шал
ақынды (ХVIII ғ.) атап өтуге болады.
Сыпыра
жырау Тоқтамыс хан билеген сұрапыл күңгiрт уақытта 
өмiр сүрген жырау болса керек. Ол тарыдай бытыраған, басы бiрiкпеген 
халықты бiрлiкке шақырған, аңыздар бойынша «тоғыз ханды түзеткен» 
тұлға болған. Бейбiт өмiрдi уағыздаған ақын, өткен баяғы заманды 
аңсап былай дейдi:
«Отырушы едiк жайласып,
Шалғында бие байласып,
Құлын-тайдай ойнасып,
Иiндесiп, сырласып...».
Қандай қиын заманды халық басынан өткiзiп жатса да, Сыпыра 
жырау оның жарқын болашағына сенедi:
«Көп iшiнде сөйлесем,
Жас жiгiт саған қарасам,
Қара лашын тұйғынсың.
Асылыңа қарасам,
Құс алатын қырғисың.
Қызыл тiлге келгенде,
Сар садақтың оғындай,
Көлденеңдеп зырғисың», – деп сүйсiне қарайды.
ХV ғ. өмiр сүрген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет