Серік Мырзалы философия оқу құралы


ерiншектiк . Оны  Абай  надандық



Pdf көрінісі
бет271/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
ерiншектiк
. Оны 
Абай 
надандық
пен 
зұлымдықтың
қатарына қояды.
Абай өзiнiң 1886 ж. жарық көрген «Базарға, қарап тұрсам, әркiм 
барар» деген шығармасында былай дейдi:
«Базарға, қарап тұрсам, әркiм барар,
Iздегенi не болса, сол табылар.
Бiреу астық алады, бiреу маржан,
Әркiмге бiрдей нәрсе бермес базар.
Әркiмнiң өзi iздеген нәрсесi бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Бiреу ұқпас бұл сөздi, бiреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай, аң-таң қалар.
Сөздi ұғар осы күнде кiсi бар ма?
Демеймiн жалпақ жұртқа бiрдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесiк моншақ,
Бiреуден бiреу алып, елге тарар». 


305
Бұл шумақтан Абайдың 
нарықтық қатынастарды жақтап
, оның 
ертелi-кеш елге келетiнiн, сонымен қатар сол кездегi ахуалға көңiлi 
толмағанын байқаймыз. Абайдың ойынша, қайсыбiр iскер адам артық 
пайданы, табысты халық игiлiгiне, қайырымдылыққа, мұқтаждық 
құрсауынан жапа көргендерге, кемтар, мүгедектерге, мәдениет пен 
бiлiмдi дамытуға жұмсауы керек. «Тек қана өзiң үшiн еңбек қылсаң, 
өзi үшiн оттаған 
хайуанның
бiрi боласың. Адамшылықтың қарызына 
еңбек қылсаң, Алланың 
сүйген
құлының бiрi боласың», – дейдi Абай 
өзiнiң 37-қара сөзiнде. Ешкiмге қол ұшын бермей, «Мерседес» мәшине 
мiнгенiне, оқтын-оқтын шетелге барып, сауық құрып келгенiне мәз 
кейбiр iскерсымақ адамдар бұл Абайдың ойын ұғар ма екен?!
Абай өзiнiң әйгiлi 2-қарасөзiнде қазақты өзбек, ноғай, тәжiк, орыс-
тармен салыстыра келе, қазақтар сол халықтардан үлгi алып, егiн егу, 
сауда, ғылым, қолөнермен айналысып, тазалық пен тәртiпке, әскери 
қызмет атқарып, Құдайды құрметтеуге және маңдай терiн төгiп еңбек 
етуге шақырады. Сонда ғана елге молшылық келедi. Тек бүгiнгi таңда 
ғана халықтың көпшiлiгi осы ойдың даналығын мойындаған секiлдi. 
Сонымен қатар енжарлық көрсетiп, осы уақытқа шейiн мемлекетке 
қарап, қол қусырып отырғандар да аз емес сияқты.
Абай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет