Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет267/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
түпнұсқаларын қағазға 
түсiрiп
, болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. Солардың iшiнде 
«Қозы 
Көрпеш – Баян Сұлу», «Едiге», «Ер Қосай», «Ер Көкше»
сияқты жыр-
лар бар. Туысқан қырғыз халқының аса көрнектi туындысы – 
«Манас-
ты»
алғаш рет қағазға түсiрiп, оны орыс мәдениет зерттеушiлерiне 
көрсеткен де Ш.Уәлиханов болды. Егер бiз орыс ұлы ойшылы 
А.Ф.Лосевтің: «Қайсыбiр халықтың мәдениетiнiң биiктiгi мен шоқтығы 
оның тарих тудырған аңыздары мен жыр-дастандарының байлығына 
байланысты», – деген пiкiрiне құлақ түрсек, Шоқанның бұл еңбегiн 
асыра бағалау өте қиын жұмыс болар. Осы ойларға сәйкес, бiз қазақ 
халқының мәдениетiнiң әлi талай-талай шыңдарға жететiнiне күмәнiмiз 
жоқ, өйткенi оның iргетасы мықты, ол ғажап iнжу-маржандармен 
безенген, мыңдаған жылдарды артына тастап, бiздiң өмiрiмiзге дейiн 
жеткен – 
халық мифологиясы
. Ол – қазiргi қазақ тiлi мен мәдениетiне 
ерекше өзiндiк сипат беретiн сарқылмайтын бұлақ, рухани тiрек.
Ш.Уәлиханов халықтың 
дiни өмiрiн
де терең зерттеп, оны 
ағарту жолында көп еңбек етедi. Ол шамандықты (бақсылықты) 
көшпендiлердiң табиғатқа табыну жолында тудырған дүниетанымы 
ретiнде қарайды. Бұл iзденiс жолында халық осы дүниенi жаратқан 
«Тәңiрдi», адамдарды әрқашанда қолдап отыратын бабалардың рухы – 
«аруақты» табады. Ислам дiнiнiң Орта Азия мен Қазақстанға тарауы 


301
көшпендiлердiң рухани өмiрiнiң өзгеруiне әкелгенiн айтады. «Дегенмен 
де қазақ дүниесезiмiнде ислам қағидалары шамандықпен араласып, бiр 
жағынан, Аллаға тағзым етумен қатар, екiншi жағынан, отқа табыну-
мен жалғасып жатты», – деп қорытады ойшыл. 
Жалпы алғанда, ойшыл ислам дiнiне терiс көзбен қарайды, молдалар 
халықты қараңғылық пен надандықтың шырмауынан шығармайды, сол 
кездегi қазақ жерiндегi мешiттердiң көп салынуына алаңдаушылықпен 
қарап, оларды халықты бодандаудың бiр құралы санайды.
Мүмкiн, бұл – жаңа бодандық жағдайдағы халықтың өзiн-өзi сақтап 
қалу шараларының бiрi болуы да ғажап емес, бiрақ Шоқан ондай ойға 
келген жоқ-ты. Дегенмен оның кейбiр терең ойлары бүгiнгi таңдағы 
дiни салада болып жатқан күрделi өзгерiстердi, соның iшiнде мисти-
цизм, дiни фанатизм және экстремизм сияқты келеңсiз құбылыстарды 
сараптауға көмектеседi. 
Ағартушылық ағымның көрнектi өкiлi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет