Серік Мырзалы философия оқу құралы


экзистенциалдық ой-өрiстiң



Pdf көрінісі
бет275/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
экзистенциалдық ой-өрiстiң
шеңберiнен көрiнiп, ХХ ғ. пайда болған осы Батыс ағымы қойған 
адам мәселелерiн қамти бiлдi, оны бiз 1-шi қара сөзден-ақ байқаймыз. 
«...әйтеуiр бiрталай өмiрiмiздi өткiздiк: 
алыстық, жұлыстық, 
айтыстық, тартыстық...
Ендi жер ортасы жасқа келдiк: 
қажыдық, 
жалықтық, ...
бәрi 
қоршылық
екенiн бiлдiк. Ал ендi қалған 
өмiрiмiздi
қайтiп, не 
қылып өткiземiз
? Соны таба алмай өзiм де 
қайранмын
», – 


308
деген ойшыл сөздерiнен (аталған әдебиет, 7-б.) өмiр философиясын көру 
қиын емес.
Дегенмен де «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел», бәрi де 
өзгерiсте болғаннан кейiн, ұлы Абай нағыз адам болу үшiн болашақ 
ұрпақтарына өсиет ретiнде: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық 
бол», – дейдi. 
«Тiлеуiң, өмiрiң алдында,
Оған қайғы жесеңiз.
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,
Ерiншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның 
бiлсеңiз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл iс
, көнсеңiз». 
Әрине, Абай – телегей-теңiз, бiз оның кейбiр маңызды ойларына 
ғана талдау жасадық. Оқырманға абайтану жолында сәттiлiк тiлеймiз.
§ 6. ХХ ғасырдағы отандық философия
Қайшылыққа толы ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ерекше 
орын алады. Ресей империясының шеңберiнде қысылған, езiлген 
халықтың 
ұлттық сана-сезiмi оянып
, ерiктiкке, халықтың өз 
бостандығына деген құштарлығы 
оянады
; халық зорлық-зомбылықтың 
негiзiнде 
жартылай қырылып
, геноцидке (тұқымымен құру) түсе 
жаздап, Кеңес заманының алғашқы кездерiнде 
түпкiлiктi түрде
көшпендiлiк өмiр салтымен қоштасып, 
жерге отырады
, сауаты ашы-
лып, мәдениетi дамиды. Жергiлiктi халықтың саны күрт төмендеген 
соң, оның кең-байтақ бай жерiне басқа ұлттар мен ұлыстардың 
өкiлдерi өз еркiмен, я болмаса қуғын-сүргiнге ұшырағаннан көптеп 
келе бастайды, қазақ елi 
көпұлттық елге
айналады. Жаңа қалалар бой 
көтередi, тау-кен өндiрiстерi тез қарқынмен дамиды, тың жерлер бұрын-
соңды болмаған қарқынмен игерiле бастайды.
70 жылдардың аяғы, 80 жылдардың басында Кеңес Одағы iрiп-
шiрiп, империя күйзелiске ұшырайды, соның нәтижесiнде 90 жыл-
дары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнында жаңа тәуелсiз мемлекеттер 
пайда болады. Қазақ халқының жүздеген жылдар бойы армандаған ел 
бостандығы жүзеге асып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет