318
бағдарламасы 30 жылдардағы ұлттық
зияткерліктің қойған өзектi
мәселелерiн қамтып, оларды ары қарай дамытты.
Кеңес дәуiріндегi отандық философия
Кеңес дәуiрiнiң бастапқы кезiндегi ахуалды бiз жоғарыда әңгiме
еткен болатынбыз. Әрине, кеңес заманын сыңаржақты бағалауға бол-
майды.
Көп нәрсенi жоғалтқанымызбен, қол жеткен жетiстiктерiмiз
де аз болған жоқ. Әсiресе 50 жылдардың аяғынан бастап, жеке
басқа
табыну әшкереленгеннен кейiн, қоғамның өрлеуi басталды.
Қазақстандағы тың игеру үдерiсi елдi көпұлттық қоғамға әкелдi. Жер
байлығы игерiлiп, жаңа қалалар,
жоғары оқу орындары, театрлар мен
кiтапханалар, мұражайлар бой көтердi.
Философия саласына келер болсақ,
Қазақ Мемлекеттiк универси-
тетiнде арнаулы факультет ашылып, кәсiби философия дүниеге келiп,
олар зиялылар тобының iшiнде ерекше орынға ие болды. Сөйтіп,
ұлттық тарихта классикалық философия дискурсының үлгiсiмен
қалыптасқан философиялық ой-өрiс дүниеге келдi.
Қазақ философтары маркстiк парадигманың (үлгiнiң) шеңберiнде
әсiресе 60 жылдары үлкен жетiстiктерге жеттi.
Бiршама дарынды жас
философтар жоғарыдан түсiрiлетiн «тапсырмалы тақырыптардан»
бас тартып, сол кездегi саяси жағынан алғанда қауiпсiз логика сала-
сына назар аударады. Оларды айрықша көзге іліндіріп, дүниежүзiлiк
деңгейге көтерген философия саласы – ол
Достарыңызбен бөлісу: