Серік Мырзалы философия оқу құралы


ХХ ғасырдағы христиандық философия



Pdf көрінісі
бет323/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

ХХ ғасырдағы христиандық философия
ХХ ғ. христиандық философия әлеуметтiк зұлымдықтың негiзгi үш 
себебiн көрсетiп, оларды кiнәлайды. Бiрiншiден, ол – жаратылыстану 
ғылымдарында қалыптасқан «әлем дегенiмiз – өз негiзiнде өмiр сүрiп 
жатқан болмыс» деген қағида. Екiншiден, либерализм ұрандарының 
негiзiнде қалыптасып ағарған, Құдайдан бас тартқан мемлекет. 
Үшiншiден, коммунизм (Бұрынғы Кеңес Одағы мен басқа социалистiк 
елдер) бүкiл байлықты мемлекеттiң қолына өткiзiп, қарапайым адам-
дарды сол мемлекеттiң құлына айналдырса, капитализм (Батыс елдерi) 
негiзгi жұмысшы халықты тауарға, яғни затқа айналдырады. Жеке 
меншiкке деген адамның құқы – табиғаттың заңы, адам жеке меншiкке 
жету үшiн жұмыс iстейдi, мiне, осы тұрғыдан христиандық философия 
әсiресе коммунизм идеясын қатты сынға алады.
Христиандық философияның негiзгi мәселесi – ол 
болмысты тану
болып есептеледi. Е.Жильсон оны былайша тұжырымдайды: «егер екi 
философ болмысты түсiнуде екi жақта болса, онда барлық жағынан да 
олар бiр-бiрiне қарама-қарсы.
Бұл философия «болмыс» (esse) және «дүниедегi бар», өмiр сүрiп 
жатқанды (ens) бiр-бiрiнен айырады. Болмыс санаты тек қана мәңгi, 
абсолюттi, құдiреттi өмiр сүрiп жатқан Құдаймен теңелсе, нақты 
бұл дүниеде өмiр сүрiп жатқан заттар – жаратылған, өтпелi, олардың 
болмысқа тек қатысы ғана бар, яғни уақытша келген.


353
Нақтылы дүниеге келген заттардың «өмiр сүруi» (existentia) мен 
мән-мағынасы (essentia) бар. Олар бiр-бiрiмен қосылып, сонымен қатар 
бөлiнiп жатады. Бұл дүниеде өмiр сүру, яғни болмысқа қатысты болу 
дегенiмiз – жаратылғандықтың белгiсi. Екiншi жағынан, мән-мағынаға 
ие болу дегенiмiз – нақтылы, белгiлi зат болумен тең, олай болса, 
ол әрқашанда шектелген, өтпелi, ол – жалпы болмыс емес, тек қана 
нақтылы болмыс. Жак Маритеннiң айтуына қарағанда, әрбiр болмыс 
өмiр сүру мен мәндiлiктен тұрады. «Мәндiлiк бұл зат не деген сұраққа 
жауап берсе, мысалы, тас, «өмiр сүрудiң» қоятын сұрағы тiптi басқаша: 
Ол бар ма, яғни дәл қазiр өмiр сүрiп жатыр ма, әлде жоқ па? Олай болса, 
бұл дүние кездейсоқ оның шеңберiнде әрбiр заттың болуы да, болмауы 
да мүмкiн. Нақтылы дүние тәуелдi, өз-өзiне жеткiлiксiз, тек қана Құдай 
толыққанды кемелiне келген болмыспен тең», – деп қорытады өзiнiң 
ойын Ж.Маритен.
Адам дене мен рухтан тұрады. Ол өзiнiң материалдық қажеттiліктерiн 
мемлекеттiң шеңберiнде әлеуметтiк пенде ретiнде өтесе, тұлға ретiнде 
ол Құдайға тәуелдi. Сондықтан бұл философия адамның материалдық 
мәселелерге (бiр жағынан, жетiспеушiлiкке, екiншi жағынан, оның 
көптiгiне) көп көңiл бөлгенiн жаратпайды. Өйткенi адам – зат емес, ол 
тұлға. Олай болса, жердегi тәртiп рухқа тәуелдi болуы қажет. Адамның 
жеке өмiрi өзiнiң шеңберiнде жабылып қалмай, басқа адамдарға ашық 
болуы керек.
Христиандық философияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет