352
сима мен Нагасаки, Бухенвальд трагедиясынан өткен адамзатқа мұндай
сұрақты қоюдың өзi артығырақ болар.
Ендi дiннiң психологиялық түп-тамырын сараптасақ, бiз жағдайдың
бұрынғы дәуiрлермен салыстырғанда өрши түскенiн байқаймыз. Егер
бұрын өлiм мәселесi жеке адам толғанысының шеңберiнен шықпаса, –
қандай қантөгiстi соғыс, я болмаса, эпидемия, жер сiлкiну, топан су
болса да, бiрде-бiр адам бүкiл адамзат тарихының ары қарай жалғаса
берерiне ешқандай күмән келтiрмеген болса, – ХХ ғ. екiншi жарты-
сында ондай күдiк пайда болып, өрши түстi (ядролық соғыстың салда-
рынан бүкiл жер бетiндегi тiршiлiктiң құрып кету мүмкiндiгi, сездiрмей
жақындап келе жатқан экологиялық апаттың үрейi т.с.с.).
Мiне, жоғарыдағы көрсетiлген және басқа да жүздеген себептер
ХХ ғасырдағы дiннiң ары қарай етек жайып өсуiне, олай болса, дiни
философияның да қоғамдық санадағы алатын үлесiнiң молаюына әкелiп
жеткізгені – дәлелдеудi талап етпейтiн қағидалар. Олай болса, қазiргi
дүниежүзiлiк дiндердегi қалыптасқан ахуал, дiни философиядағы жаңа
ойлар мен тебiренiстер зерттелiп, оқылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: