372
гректер адамды «микрокосм» ретінде қарап, оны «макрокосмға», яғни
дүниеге теңеген болатын. Бір адам басқа адамның ішкі дүниесін толық
білмек түгіл, кейбір кезде өз ішінен бұрын білмеген қасиеттерді тауып
алып, таңғалады!!
Әрине, адамның ішкі рухани болмысы өне бойы сыртқа шығуға
талпынады, өйткені адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсіп
барып өмір сүре алады: Д.Дефоның «Робинзоны» тек қиялдан шыққан
көркемдік бейне ғана емес пе?
Олай болса, қоғам өмірінде
интерсубъективтік
(іnter – латын сөзі,
екіаралық, көпаралық деген мағына береді)
рух
дүниеге келеді. Ол жеке
өмір сүретін бір адамның ғана қазынасы емес, ол – қоғамның, яғни
бір-бірімен байланыс, қарым-қатынасқа түскен көп адамдардың ортақ
байлығы. Мысалы, сізге қоғамның белгілі бір саласын жетілдіруге
бағытталған ой келді, ол – тек сіздің ғана ойыңыз. Бірақ сіз оны
ақпарат құралдары арқылы қоғамға жария еттіңіз. Сіздің ойыңыз өзекті
болып, оны көп адамдар қолдады, енді, міне, ол сіздің уысыңыздан
шығып, қоғамның рухани құнды-лығына айналды, өйткені ол басқа
адамдардың санасына да ұялап, олардың ой-өрісіне өзінің әсерін
тигізді. Сөйтіп,
интерсубъективтік
, яғни
объективтік рух
қоғамның
үстінде аспандағы бұлт сияқты, жеке адамның санасынан бөлініп, дер-
бес өмір сүріп жатқан идея емес, ол – көп адамдардың санасында өмір
сүріп жатқан, солардың мойындаған, ішкі рухының бөлігіне айналған
құбылыс. Философияда объективтік рухтың формалары ретінде
Достарыңызбен бөлісу: