Серік Мырзалы философия оқу құралы


ғылым, өнер, дін, мораль, құқықтық нормалар



Pdf көрінісі
бет345/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

ғылым, өнер, дін, мораль, құқықтық нормалар
т.с.с. айтылады.
Енді субъективтік және объективтік рухтың өзара байланысы 
туралы заңды сұрақ пайда болады. Әрине, жеке адамның тұлға 
болып қалыптасуында қоғамдық сананың, яғни объективтік рухтың 
маңыздылығын асыра түсіну өте қиын. Дүниеге келген сәби ананың ақ 
сүтімен бірге оның сүйіспеншілігін, әлди-әлди өлеңдерін, неше түрлі 
ертегілерін бойына сіңіріп, тілі шығып, өсе келе балабақшаға, мек-
теп, жоғары оқу орнына барып, тәлім-тәрбие алып, 
тұлғаға
айналады. 
Сонымен қатар пісіп-жетіле келе, оның бойында жаңа идеялар, туын-
дылар пайда болып, оларды жарыққа шығарып, қоғамдық сананы ары 
қарай дамытады. Тек бұл арада айта кететін нәрсе, өкінішке қарай, осы 
уақытқа шейін адамзаттың көпшілігі қоғамдық сананы 
пайдаланады
да, тек 
элитарлық
(elіte – франц. сөзі, қоғамның үстем білімді, өнерлі 
азшыл тобы деген мағына береді) аз топ қана оны 
ары қарай дамы-
тады
. Осыған өкінген ХХ ғ. ұлы испан философы Х.Ортега-и-Гассет 
халық бұқарасын тобырға теңеп, қазіргі кездегі рухани дағдарыстың 
себептерін «тобырдың көтерілісінен» көреді. К.Маркстің ойынша, тек 
қана жер бетінде коммунизм орнаған кезде ғана, әр адам жан-жақты 


373
дамып, шығармашылық деңгейге көтеріліп, қоғамдық сананы дамытуға 
қол жеткізеді. 
Қоғамның рухани болмысын талдауда әдебиетте 
«абсолюттік 
рух»
деген ұғым да кездеседі. Көбінесе оны философия тарихында 
Құдайға әкеліп тірейді. Гегельдің ойынша, 
абсолюттік
рухқа 
«өнер», 
«дін», «философия» 
жатады. Өнер арқылы абсолюттік рух өзін толық 
еріктіктің негізінде алдайды; дін арқылы өз-өзіне беріліп қабылдайды; 
тек философия сатысына жеткен кезде ғана өз-өзін ұғымдар арқылы 
жете түсінеді, сондықтан Гегельдің ойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет