Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік



Pdf көрінісі
бет374/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

§ 19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік
Адам еріктігі жөнінде философия тарихында мыңдаған мақалалар 
мен кітаптар жазылған. Бұл санат әсіресе бұрынғы Кеңес Одағының 
шеңберіндегі «қайта құру» үдерісі басталғаннан кейін, қоғамдық санада 
аса көп айтылатын, насихатталатын ұғымдардың біреуіне айналды. 
Алайда бүгінгі қоғамдық санада «еріктікпен мастану» сатысы өтіп бара 
жатқан сияқты, өйткені еріктікті ұран етіп жасалған жақсы нәрселермен 
бірге қаншалықты теріс нәрселер де болды (басқалардың мүдделерін 
таптау, ұрлық-қарлық, зорлау, өркөкіректік т.с.с.)!!! Сондықтан бұл 
санаттың саяси «ұрандық» сипатынан бас тартып, философиялық 
деңгейде қарайық.
Еріктік санатының маңыздылығы – ол адамның тектік қасиетіне 
жатады, жануарлар әлемінде еріктік жоқ. Яғни ол адамның саналы 
мақсатқа лайықты іс-әрекетінен туындайды. Алайда адам жалғыздан-
жалғыз ғарыштағы кеңістікте өмір сүріп жатқан жоқ, оны айнала 
қоршаған өз мүдделері мен мақсаттары көп басқа адамдар да бар. 
Сондықтан еріктік деп адамның айнала қоршаған ортадағы аху-
алды ескере отырып, өз мүдделері мен мақсат-мұраттарын іске асыру 
қабілетін айтамыз.
Философия тарихында көбінесе еріктік мәселесін қарағанда, оны 
қажеттілікке қарсы қоюды байқаймыз. «Еріктік бар жерде қажеттілік 
жоқ», я болмаса «Ешқандай еріктіктің болуы мүмкін емес, тек қана 
қажеттілік бар». Ақырында, бірінші көзқарас еріктікті адамның ойына 
не келсе, соны жасауға теңеп, волюнтаризмге (А.Шопенгауэр, Ф.Ницше) 
әкелді. Еріктікті терістеп, тек қана қажеттілікті мойындағандар (Т.Гоббс, 
П.Лаплас т.б.) фатализм бағытын тудырды. Егерде адам өмірінде еріктік 
жоқ болатын болса, онда тағдырдың тәлкегіне толығынан көнуге тура 
келеді.


430
Мұндай көзқарастардың біржақтылығын сезініп, жаңа формула 
әкелген Б.Спиноза болды: «Еріктік – танып-білінген қажеттілік». 
Негізінен алғанда, маркстік философияда да осы бағыт ұсталған. Бұл 
формула, қалай айтсақ та, қажеттіліктің басымдығын ертелі-кеш 
мойындайды. Соның негізінде конформизм (бәрі не істесе, сен де соны 
істе), я болмаса тоталитаризм (не айтылса, соны істе) пайда болады. 
Қажеттілікті танып-білу еріктікті өздігінен туғызбайды. Түрмеде 
отырған адам қаншалықты қажеттікті түсінгенмен, одан ерікті бола ала 
ма? Осы арада бір анекдотты келтіруге болады: Полицай бір адамды 
ұстап торға жауып қойып, оқтын-оқтын «Итбаев!» – деп атын атағанда, 
ол байғұс: «Мен мындамын, полицай мырза», – дегенде, полицай: 
«Қайда кетерсің», – деп жауап қайтарады екен.
Жоғарыда келтірілген көзқарастар бұл санаттың аса күрделі 
екендігін көрсетеді. Сондықтан оны жете түсіну үшін басқа «тәуелсіздік 
пен тәуелділік», «мүмкіндік пен шындық» т.с.с. санаттармен байланыс-
тырып қана оның терең мәнін ашуға болатын сияқты.
Біріншіден, адамның еркіндігі – ол дүниенің іргетасын құрайтын әр 
зат пен құбылыстың өз тәуелсіздігіне деген «ұмтылысының» саналы 
көрінісі ретінде қаралуы керек. Әрине, адамды зорлап-зомбылауға
аяқ-қолын шынжырлауға т.с.с. болады. Бірақ оның ішкі рухани 
бостандығын, соған жетуге деген ынтасын еш диктатор, патша, жауыз 
ешқашанда жоя алмайды.
Сонымен қатар бұл дүниеде өз тәуелсіздігін толығынан іске асырып, 
өзімен-өзі өмір сүріп жатқан да бір нәрсе жоқ. Олай болса, абсолюттік 
еріктік те, дүние де жоқ. Бұл мәселені ерекше талдап, арнайы жазған 
кітабын Э.Фромм «Еркіндіктен қашу» деп атаған (қараңыз: Бегство от 
свободы. М., Прогресс, 1991). Расында да, ойлап қарайықшы: абсолютті, 
шексіз еркіндікке жеткен адам шексіз жалғыздықтың ащы зардабын 
тартар еді. Өйткені ол барлық тәуелділіктен құтылды, өз «өзіндігімен» 
ғана қалып қойды. 
Уақытында К.Ясперс айтқандай, «адами ахуал – рухани» болса, өз 
еркіндігімен қатар, адам басқа адамдармен байланысқа түсуге, өз бол-
мысында басқаларға жақсылықтар жасауға, әсемдікке, шындыққа, 
әділеттікке жетуге ынталы. Ал мұның өзі оны қоғаммен шым-
шытырық байланыстарға әкеліп, басқалардың да мүдделерімен санасуға 
ой салады. Қоғам шеңберінде өмір сүре отырып, одан толық тәуелсіз 
болу – ойға сыймайтын нәрсе. Тек дамымаған, я болмаса зұлым тұлға 
ғана басқалармен есептеспейді.
Екіншіден, қажеттіктің өзі әртүрлі мүмкіндіктер арқылы кездей-
соқтықтың негізінде көрініс тапқаннан кейін, еркіндіктің өзі адамның 
қалайтын мүмкіндіктерді қажымас қайрат көрсетіп, өмірге әкелуімен 
тең сияқты. Яғни адам өз саналы іс-әрекетінің нәтижесінде, әртүрлі 


431
мүмкіндіктердің ішінен өз қалауын таңдау арқылы өз еркіндігін 
іске асыра алады. Ал оның өзі шығармашылықты талап етпей ме?! 
Өйткені ол таңдалған мүмкіндік дайын түрде адам алдына келмейді, 
оны ол тудыруы керек. Сондықтан осы жаратылған дүниені адам өз 
шығармашылық дарынының арқасында ары қарай жетілдіріп жатқан 
жоқ па? Осы тұрғыдан алып қарағанда, орыс философиясының аса 
дарынды өкілі Н.А.Бердяевтің: «Еркіндік дегеніміз – адамның ішкі 
шығармашылық күш-қуаты. Адам өз еркіндігінің арқасында мүлде 
жаңа өмірді тудыра алады… Еркіндік – бұл дүниенің шеңберінен 
шығумен тең», – деген сөздерінің тереңдігіне таңғаласыз (қараңыз: 
Н.А.Бердяев. Царство духа и царство кесаря. М., Мысль, 1995, 247-
248 б.). Олай болса, еркіндік дегеніміз – шығармашылық. ХХ ғ. өмір 
сүрген көрнекті Австрия ғалымы В.Франклдің: «Шығармашылық 
құндылықтары адам өмірінің ең терең мән-мағынасын құрайды», – 
деген ойы да жоғарыдағы оймен шектесіп жатқан жоқ па (қараңыз: 
В.Франкл. Человек в поисках смысла., М.,Прогресс, 1990, 165 б.). 
Уақытында К.Маркстің өзі коммунизмді әр адамның шығармашылық 
сатысына көтеріліп, гүлдеуімен теңестірген болатын.
Алайда бұл арада біз тағы да бір күрделі мәселеге тап боламыз. Адам 
кірпіштен әсем сарай сала алады. Сонымен қатар адамдарды құртуға 
бағытталған концлагерьлерді, оларды жағуға арналған газ камераларын 
да тудырды. Атомның ядролық күшін өз күшіне айналдырып, жүздеген 
атом-электр станцияларын салды. Сонымен қатар жер бетінің асты-
үстін рет қопарып тастай алатын ядролық бомбаларды жинады. Адам-
зат тұруға лайықты гүлденген мыңдаған қалаларды орнатты, бірақ 
«Ұлы мәртебелі» арғы анамыз – Табиғатқа барлық салмағын салып, 
аздыртты.
ХХ ғ. ғылыми-техникалық революцияның теңдессіз дамуына байла-
нысты адамзат алдында бұрын-соңды болмаған үрейлер пайда болды. 
Бүгінгі таңда адамзат құпияның-құпиясы – тіршілік геномының ішкі 
сырын ашып, неше түрлі генетикалық инженерия технологияларын 
жасауда. Адамның өзін клондық, яғни бейжыныстық түрде дүниеге 
әкелу мүмкіншілігі пайда болды. Мәселенің өршігені соншалықты, 
Италияның Генуя қаласында 2001 ж. шілдесінде өткен дамыған 
елдердің саммитінде бұл мәселе ерекше мәселе ретінде күн тәртібіне 
қойылды.
Бұл арада адамның ерікті шығармашылық қызметі мен оның 
жауапкершілігіне байланысты мәселе туады. Бұл мәселені алғаш 
көтергендердің бірі ретінде қазіргі экзистенциализм бағытындағы 
ойшылдарды айтуға болады. ХХ ғ. екі дүниежүзілік соғыстың ащы сал-
дарларын сараптаудан шыққан ойшылдар адам өмірінің қасіреттілігін 
мойындайды. Бір жағынан, адам ерекше еркін пенде, ол не істесе де 


432
оған құқылы, екінші жағынан, ол саналы пенде ретінде өз істеріне 
жауапты. Сондықтан экзистенциалистік философияның көрнекті өкілі 
Ж-П.Сартр айтқандай, «еркіндік дегеніміз – адамның арқалайтын 
жауапкершілік жүгі». Яғни сен еріктісің, бірақ өз ісіңе толығынан 
басқалардың алдында жауап бер.
Адам, бір жағынан, өзі үшін (эгоизм), я болмаса басқалар үшін ғана 
(альтруизм) емес, өз мүддесін басқалармен бірге ұштастырып өмір сүруі 
керек.
Сөйтіп, еркіндік пен жауапкершілік – күміс ақшаның екі жағындай, 
бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Еркіндік бар, жауапкершілік жоқ 
жерде әділетті дұрыс қоғам орнату мүмкін емес. Сондықтан жаңа ғана 
қалыптасып жатқан демократиялық қоғамның берген еркіндіктерін 
тек өз құлқынына жаратып, жауапкершілікті мойындағысы келмейтін-
дердің алдына тосқауыл қойылуы қажет. Бұқаралық ақпарат құрал-
дарында еркіндікпен қатар, ал біздің жағдайда, мүмкін, көбірек, – 
адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі егжей-тегжейлі талдануы 
қажет деп есептейміз. «Арнасы жоқ» еркіндіктің уақыты өтті, халық 
алдындағы жауапкершіліктің уақыты келген сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет