Серік Мырзалы философия оқу құралы


I БӨЛІМ. МӘДЕНИЕТ АЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯНЫҢ



Pdf көрінісі
бет38/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

I БӨЛІМ. МӘДЕНИЕТ АЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯНЫҢ 
ТАРИХИ ТИПТЕРІ
II тарау. Көне заман мәдениеті аясындағы философия
§ 1. Философия тарихы дегеніміз не?
Философия б.ғ.д. VI-V ғ.ғ. пайда болып, өзінің бүгінгі ахуалына 
келді. Қайсыбір философия, Гегельдің айтуына қарағанда, – оймен 
ұсталып қалған өз заманы, дәуірі. Философия тарихы, олай болса, 
адамзаттың ой өрісінің даму тарихы, шегіне жеткен ең жалпы адам мен 
дүниенің қарым-қатынасы жөніндегі мәселелерді шешудегі өз заманы-
мен шектелген ойлау, рух талпынысы.
Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. 
Оның қайнар көзі – дүние мен адамның байланысы жөніндегі алғашқы 
жиналған ойлар мен пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сарап-
тау қажеттігі, соның негізінде әрбір философтың өзінің ой-пікірін жеке 
көрсетуге тырысуында жатса керек. Сондықтан Кон-фу-Цзы, Платон, 
Аристотель сияқты көне замандағы ірі ойшылдар өздерінің көзқарасын 
бұрынғы тарихта қалыптасқан пікірлермен салыстырып, оларға баға 
береді.
Сонымен қатар сол көне заманда өз шығармашылық еңбегін тек қана 
әдейі философия тарихына арнаған ойшылдар да болды. Оған, мысалы, 
III ғ. өмір сүрген Диоген Лаэртийді, Секст Эмпирикті жатқызуға болар 
еді. Д.Лаэртийдің «Атақты философтардың өмірі мен ілімдері, нақыл 
сөздері», С.Эмпириктің «Ғалымдарға қарсы» деген еңбектері арқылы 
біз көне замандағы философия ішіндегі ой-тартысты, әрбір ойшылдың 
шығармашылық тәжірибесінің ерекшелігін байқаймыз.
Орта ғасырларды алатын болсақ, онда философия тарихы көбінесе 
тарихтағы болған ұлы философия еңбектеріне жасалған түсіндірмелер 
арқылы көрінді. Мысалы, Әл-Фараби Аристотельдің шығармаларын 
тек қана араб тіліне аударып қана қойған жоқ, сонымен қатар өзінің 
кең түсініктемелерінде оларға баға беріп, басқа грек ойшылдарының 
еңбектерімен салыстырып, олардың бір-бірімен сабақтастығын қөрсете 
білді.
Алайда Гегельдің еңбектеріне дейін XV-XVII ғ.ғ. философия тарих-
тарында бұл пән әлі белгілі бір жүйеге келтірілген жоқ, оның ішкі бай-
ланыстары, қисыны әлі ашылған жоқ-ты. 
Гегель өзінің «Философия тарихы жөніндегі лекцияларында» 
адамзаттың философиясындағы ой-пікірдің тарихи бір-бірімен сабақ-
тастығын, әрбір дәуірдің белгілі соған сәйкес философия ой-өрісін 


42
туғызатындығын, сонымен қатар сол дәуірдің шеңберінде шекте-
летіндігі, келесі дәуірдегі ойшылдардың өз заманына сәйкес бұрынғы 
көзқарастарын дамытатындығын айқындады.
XIX ғ. екінші жартысында пайда болған марксизм ілімі философия 
тарихын таптық тұрғыдан қарап, бұл пәннің шеңберінде қалыптасқан 
материализм және идеализм ағымдарының күресін осы ғылымның өзегі 
деп есептеді. Қоғамды материалистік тұрғыдан түсінудің негізінде, 
олар «философия ой-өрісі дамуының ең түпкі қайнар көзі – өндіргіш 
күштер, соған сәйкес ғылым мен техниканың дамуында» деген терең 
пікір айтты.
XX ғасырдағы ойшылдардың көпшілігі философия тарихындағы 
тарихи сабақтастықтан гөрі, әрбір қалыптасқан философиялық жүйенің 
ерекшеліктеріне, соны тудырған тарихи тұлғаның қайталанбауына, 
оның дүниетанымы мен сезімінің оқшау тұрған рухани құндылық 
екендігіне аса көңіл аударды.
Әрине, философия тарихының қалыптасуы мен дамуының ішкі 
заңдылықтары бар. Әр философ, қайсыбір адам сияқты, өз дәуірінің 
тұлғасы, сондықтан оның ой-толғауында сол заманның мұң-
мұқтаждықтары, философиялық ой-өрісі көрінбей қоймайды.
Әрбір географиялық аймақта тұратын халықтардың сол жерге 
мыңдаған жылдардың ішіндегі бейімделуінің негізінде өзінің дүние-
танымы мен дүниені түйсінуі, өзінің философиясы қалыптасады. Оны 
ғылымда менталитет деген ұғыммен береді (mental – ағылшын сөзі, 
ой-өріс). Сондықтан біз Шығыс, Батыс философиясы, Африка, Америка 
т.с.с. философиясы деп оларды ерекше қараймыз.
Сонымен бірге философияның келесі күрделі ерекшелігі оның тари-
хына өз әсерін тигізбей қоймайды. Ол – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет