Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет46/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Моральдық мәселелер
Конфуцийдің адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде осы күнге 
дейін сақталуы – оның моральдық-этикалық көзқарастарында. Оның 
әлеуметтік-саяси көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік 
шеңберінде қаралады.
Конфуций еңбектерінен біз 
«бес тұрақтылықты»
(у-чан) табамыз. 
Олар: адамгершілік, адамды 
сүю
(жень), 
әділеттілік
(и), 
әдеттілік
(ли), 
даналық
, ақыл-оймен тоқулық (чжи), 
сенімділік
(сань). Осы бес 
тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.
Конфуций моральдың 
«алтын ережесін»
алғаш көрсеткен деген 
пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге: «Бір сөйлеммен сіздің моральдық 
іліміңізді бізге жеткізе аласыз ба?» – деген сұрақ қойыпты. Оған ол: 
«Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама»
, – деген екен.
Конфуций өзінің моральдық ілімінде «адамдардың өзаралықты-
ғына» «алтын ортаңғылыққа», әке-шеше мен аға-әпкені сыйлауға, адам-
дарды сүюге шақырады. Ол кісі жақсылықтың жақсылық болып қайта 
оралуына сенген.
Біздің баса көрсеткіміз келетін «тұрақтылық» – ол 
«ли»
(әдеттілік). 
Конфуцийдің айтуына қарағанда, халық өзінің ғасырлар тарихында 
қалыптасқан әдет-ғұрыптарын сақтап, сыйлауы керек. Әдет-ғұрпынан 
айырылған халық тарап кетеді.
Расында да, қазақ халқы бодан болған өзінің тарихында әдет-
ғұрпынан толықтай айырылып қала жаздады. Әсіресе кеңес зама-


50
нында әдет-ғұрпын сыйлаған адамдарға «ұлтшылдық» таңба тағылып, 
қудаланған болатын. Сондықтан халықтың «мәңгүрттенуі» де көбінесе 
осыған байланысты болды.
Бүгінгі таңдағы жаңару үстінде біз өз мәдениетіміздің көп жағымен 
«қайтадан танысып», халықтық дәрежемізді көтерудеміз.
Конфуцийдің айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге бөлуге 
болады. Олар: «ізгі адам» (цзюн-цзы) және «ұсақ адам» (сяо-жень).
«Ізгі адам» өз алдына үлкен талаптар қояды, ал «ұсақ адам» талапты 
басқалардың алдына қояды.
Ізгі адамға үлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге бол-
майды. Ізгі адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын 
іздейді. Ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен, ұрыс-керіс 
тудырады. Ізгі адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, 
ұсақ адам өзінің өмірін ит сияқты орда бітіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет