Мақсаты:Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру.Халқымыздың әдет-ғұрыптарын құрметтеуге,өнерлі өнегелі азамат тәрбиелеу.
Жүргізуші:Армысыздар!Қадірменді ата-аналар,әріптестер,бүлдіршіндер!Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар.Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі –Наурыз.Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып ,әнші құстарды сайратып ,Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді.Ендеше,той құтты болсын !Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді,жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік! – деп «Әз Наурыз» атты ертеңгілігіміз Ер Төстің батырдың өмірге келуімен бастау алады.
Бүгінгі той шымылдығын «Наурыз» әнімен ашпақпыз.
«Наурыз» әні
(Сахнада Ерден ата мен Хадиша әжейдің отбасы дастархан басында .Шәй құйып отырған жас келіннің толғағы басталады.)
Жүргізуші:
Туылған соң адай боп,
Білімсізден надан жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай бізде де
Бар дәстүр мен салтымыз
(Ортаға сүйінші сұраған бала шығады.)
-Ағайын ,сүйінші-сүйінші дүниеге сәби келдіБұл қуаныштан Ер Төстік батырымыздың өмірге келіп,ат қою ,бесікке салу,тыштырмай жасау рәсімін тамашалайық.
Әже:Ау,шал-ау ,тұр,той қамына кірісейік.Көрші ауылдарға немеремізге азан шақыртып ат қойып,бесікке салу рәсімін өткізейік.
Ата:Иә-кемпір,дұрыс айтасың.Бұл үлкен қуаныш.Ауыл ауылға ат шаптыртып хабар берейін.Немереме көрші ауылдан Қарасай ақсақалды шақыртып ат қойдыртайық.
Әже:Иә-иә,дұрыс айтасың.
(Ортаға шал кемпірлер балалар келеді.Амандасады.)
Жүргізуші:Нәресте дүниеге келгенде жасалатын алғашқы той ол- шілдехана!Ендеше баршамыз Ерден атаның үйіне барайық.
1-бала:Ассалаумағалейкум,ата!
Ата:Уағалейкумсалам!
Жүргізуші:Немереңіздің бауы берік болсын!
Әже:Қонақпен еріп құт келеді демекші,аталарың екеуміз немерелі болып ,қуанышқа кенеліп жатырмыз.Немереміздің қуанышына ортақтасып ,куә болдыңдар.Немеремізге азан шақырып есімін қояйық.
Жүргізуші:Апа,осы тойға құр келген жоқпыз.Балалардың ән-билері бар.
Балалардың тақпақтары:
Жігер:
Наурыз келді ағайын
Әсем әнге салайын
Ұлыс оң боп баршаға
Аққа толсын маңайын
Саяжан:
Жыл басы Наурыз мереке
Ақ Нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
Әже:Ой,бәрекелді,балаларым!Ал,келінім немеремді алып келші.(Келін баланы алып келеді)
Әже:Тфу-тфу атасының баласы.Ал,атасы немереңді ала қой.
Ата:Биссмиллаһи рахмани-рахим!Ұлыстың ұлы күні дүниеге келген екенсің есімің Ер Төстік болсын.(Үш рет Ер Төстік) Баланы келінге береді.
Сәбиге бата береді,
Сүйкімді бол,
Өнер-білімге икемді бол.
Жақсы жолды таңда,
Жамандық тәлім алма
Басыңа сұр бұлт шалмасын
Қырандай биік самғасын.Әумин..
Жүргізуші:Ерден ата мен Хадиша апа немересіне азан шақыртып атын қойды.Ел сыйлайтын үлкен азамат болсын дейміз.Енді кішкентайды қырық қасық суға шомылдырып ,тыштырмайын жасап бесікке салады.Бесікті дайындағанша балаларымыздың өнерін тамашалайық
Би «Қамажай»
Бесікке салу рәсімі
Әже:Немеремді осы ауылымыздың сыйлы үлкен өзім жақсы көріп сыйлайтын абысыныма шомылдыртқым келіп отыр.Ал бесікке келінімнің анасы немеремнің нағашы апасы құдағиыма салдыртқым кеп отыр.Қалай қарайсыңдар.
(Көпшілік қолдайды.)
Жүргізуші:Түбегіңді ,шүмегіңді салайын
Денең таза болсын деп
Бас жастыққа салайын
Басыңа жұмсақ болсын деп
Екі бел жастаншы
Бел көрпеңді салайын
Сымбат,сұлу өсін деп,
Тартпа бауды тартайын,
Сымға тартқан сүйректей
Денең сұлу болсын деп
Жабуыңды жабайын
Жел,суық тимей қалсын деп
Нәрестені шомылдыру.(Қырық қасық су,күміс тиын,күміс сақина,тұз салу-мағыналарын түсіндіру.)
Бесікті аластау.
Алас,алас баладан алас
Иесі келді,пәледен көш
Алас,алдас баладан алас
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас
Қырық қабырғасынан алас.
Жүргізуші:Отыз омыртқасынан алас,деп пәле жала,жын шайтан тәл көзден сақтасын деген тілек айтылады.
Көзден сақтасын деп,тұмар байлайын.Қамшыдай өткір болсын деп басына қайшы жастайын.
Нағашы апасы тыштырмай жасап,бесікке салады.
Әлди айтылады.
Ауылдың алты ауызы айтылады.(Отырған әжелер ән айтады.)
Жүргізуші: Әжелер сайысы.
Тақпақтар.
Сафуан:
Наурыз келді еліме
Байлық,бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне
Нурислам:
Көктем келді балақай
Жасарды жер алақай
Наурыз тойын тойлайық
Әсем әнге салайық
Әжелер :Тойға арнап Наурызға арнап шашу шашады.
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар және көрермендер,тағы да мерекелеріңізбен!
«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»
«Наурызға ақ жол»
«Жыл басы Наурыз»
«Мол болсын дәм-тұз»
Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. «Ер Төстік» баламыз аман-есен болып өсі берсін.Жанарларыңыздан жылу,жүздеріңізден күлкі кетпесін!Наурыздан наурызға жете берейік!Барлықтарыңыздың отбасында бейбітшілік,татулық,бірлік болсын.Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |