Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет49/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

тек 
қана пайда 
туралы сөйлесеміз? Мен тек 
адамды сүю
және 
парыз
жа-
йында айтқым келеді. Егер Ван мемлекеттің пайдасы жөнінде айтса
онда құзыр иелері өзінің үйін қалай байыту қажеттігін ойлайды. 
Қалғандары өз пайдасын қалай табу керектігін ойлайды. Мұндай 
жағдайда жоғарыдағылар мен төмендегілердің арасында ұрыс-керіс 
басталып, мемлекетке қауіп төнеді. Егер борыштан гөрі пайда табу 
басым болса, адамдар бірінікін-бірі тартады». 
Сондықтан өкімет басындағылар қандай болса, халық та сондай. 
«Басшылар жел сияқты, ал қарапайым халық шөпке ұқсайды. Қайда 
жел үрлесе, шөп сол жаққа майысады», – дейді Мен-Цзы. II ғ. б.з.д. 
заманда ресми мемлекет дініне айналып, Кун-фу-цзы ілімінің негізгі 
құндылықтары осы уақытқа дейін Қытай мемлекетінің идеологиясының 
негізінде жатыр.
Фа-Цзя мектебі – көне Қытайдың 
әлеуметтік-саяси философиясы
Көне Қытай философиясының тағы да бір ерекше ағымы – ол 
фа-цзя 
мектебі
(«фа» – заң). Бұл ағым, негізінен алғанда, конфуциандық ілімге 
қарсы бағытталған (әсіресе оның адам, мораль мәселелеріне) ілім.
Фа-Цзя мектебінің негізін қалаушы – 
Хань-Фэй-Цзы
(280-233 б.ғ.д.). 
Ол өзінің болмыс ілімінде Даоны бүкіл дүниедегі барлық нәрселердің 
табиғи заңы ретінде қарады: «Әрбір зат пен істің өзінің заңдары бар. 
Аспанның өз заңдылығы, ал адамдарды алатын болсақ, олардың 
өздерінің орнатқан заңдары бар».
Дао – жалғыз және бөлінбейді деген пікірдегі Хань-Фэй-Цзы, 
сондықтан елбасы да тек өзіне ғана сенуі керектігін айтады. Даоның 
өзіне ұқсас басқа ештеңе болмағаннан кейін, оны жалғыз дейміз. 
Сондықтан ақылды елбасы Даоның іске асқанын бағалайды. Ары қарай 
елбасын Даоның қасиеттерімен салыстыра келе, оның қандай болу 
керектігін көрсетеді.
«Дао бос, қозғалмайды және жалғыздықта, сондықтан елбасы да 
барын өзінің ішінде терең сақтауы керек, адамдардың алдында ашыл-
мағаны жөн. Елбасы даосын ешкім көрмеуі керек, ал оны қолдануды 
басқалар түсінбеуі керек», – деген пікір айтады.
«Фа-цзя» мектебінің ел басқару мәселелеріне келетін болсақ, олар 
адамның табиғатының 
өзімшілдігіне
негіздеп, оны шешті. Мысалы, 


53
Хань-Фэй-Цзының ойынша, халық тек қана пайда мен жалақыны 
жақсы көреді де, жаза мен дарға асуды жек көреді. Ал оның барлығы 
елбасының қолында. Сондықтан елбасы қоғамда тәртіп орнатуы 
үшін, бәрін заң арқылы ретке келтіруі керек. Заң қысқа, әрбір адамға 
түсінікті болуы керек. Қоғамда жаза көп, құрметтеу аз болғаны жақсы. 
Қайсыбір заңды бұзушылық қатты жазалануы керек. «Бірақ кімнің 
заңды орындамағанын, бұзғанын қалай білуге болады?» – деген 
сұраққа фа-цзя мектебі өз айлаларын алға салады. Ол үшін адамдар 
бір-бірін өзара бақылап жүрулері керек. Оны қалай істеуге болады? 
Ол үшін адамдардың жүрегіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет