Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет51/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Материалистік ағымдар
Әрине, Қытай философиясында материалистік ағымдар да болды. 
Мысалы, «ци» ұғымы Демокриттің «атом» ұғымымен тең, олар – көзге 
көрінбейтін, әртүрлі салмақты ұсақ бөлшектер. Мысалы, Сюнь-цзы 
(298-238 б.ғ.д.) Қытайдың «аспанға» табынуы әдетіне қарсы шығып 
былай дейді: «Аспанға соқыр сенімдіктің негізінде табынғанша, зат-
тарды көбейтіп, аспанды неге бағындырмаймыз?». Біреу сұрады: – Егер 
рух болмаса, онда Құдайға табынып сұрағаннан кейін неге жаңбыр 
жауды? – Мұнда ешқандай таңғалатын нәрсе жоқ, өйткені жаңбыр 
Құдайға табынғанға дейін де, кейін де жауады».
Дегенмен Қытай философиясында идеалистік ағымдар басым болып, 
негізгі философиялық толғаулар адам мәселесіне, қоғамның әлеуметтік-
саяси жақтарына, басқару жүйесіне, моральдық сұрақтарға арналды.
§ 3. Үнді мәдениеті аясындағы философия
Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты, 4-5 мыңжылдық өрке-
ниеттік тарихы бар. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері біршама. 
Үнді елінің ғажап ерекшелігі – оның әлеуметтік ұйымдастыры-
луында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. 
Оны – 
варна
, я болмаса 
каста
дейді.
Негізінен алғанда, Үндістан қоғамында тарихи тұрғыда 4 каста 
пайда болды. Олар: 
Брахмандар (ақтар): айналысатын істері – ой еңбегі, негізінен, діни 
қызметкерлер, ел басқарушылар.
Кшатрилер (қызылдар): айналысатын істері – жауынгерлік істер.
Вайшьилер (сарылар): еңбек ететін адамдар, негізінен, егін егу, мал 
бағу, қолөнермен айналысу т.с.с.
Шудралар (қаралар) – ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.
Тарихи алғы үш каста – б.ғ.д. 1500 жылдары Үнді еліне басқа жақтан 
келген арий тайпалары. Шудралар – сол жерде пайда болған жергілікті 
аборигендер (ab orіgіne – латын сөзі, басынан бастап) болып есептеледі.
Әрбір кастаның өзінің әдет-ғұрыптары және басқа касталар-
мен қандай қатынаста болу керектігі жөніндегі ережелері бар. Үлкен 
касталардың өзі іштей әртүрлі топтарға бөлінеді.


55
Басқа жақтан келген адамдар бірде-бір кастаның ішіне кіре алма-
ғаннан кейін, өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды.
Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған қандай себептердің 
әкелгені белгісіз болса да, оның негізінде жатқан үш принципті 
көрсетуге болады. Олар:
– әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты 
бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі;
– касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен 
төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлілігін сезінуге 
мүмкіндік алады;
– реинкарнация, яғни адамның жан дүниесінің келесі өмірде 
басқаға ауысып кету мүмкіндігі.
Әрбір адамның негізгі құндылығы сол – өзі туып-өскен каста 
болғаннан кейін, индустар қоғамның саяси өміріне, жерге, билікке 
онша көп мән бермеген. Үнді еліне жер ауып келген басқа халықтар 
ерекше каста болып, өзінің әдет-ғұрыптарын, тілін сақтауға жақсы 
мүмкіндік алып, сол қоғамның ерекше құрамдас бөлігі ретінде жеңіл 
сіңісіп кетеді.
Үнді халқының тағы бір орасан зор ерекшелігі – оның өте бай 
мифологиясында. Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді 
аңыздарымен салыстыруға болмайды.
Үнді аңыздарында үш мыңнан артық Құдай кейіптері суреттелген! 
Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, қартаяды, соғысады, 
бір-біріне көмектеседі т.с.с.
Үнді мифологиясындағы негізгі Құдайлар мен негізгі ұғымдар:
Индра – найзағайдың, күн күркіреудің Құдайы;
Митра – күн Құдайы;
Варуна – аспан Құдайы;
Агни – от Құдайы;
Яма – өлім Құдайы;
Тапас – дене іңкары, жылылық;
Рита – ғарыштағы тәртіп;
Пуруша – ғарыш адамы, рух, жан;
Карма – адамның тағдырын құрайтын жан-дүние;
Сансара – ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі;
Мокша – бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа 
қосылуға мүмкіншілік алу;
Дхарма – заң мен әділет Құдайы.
Үнді мифологиясындағы негізгі кітаптар: Ригведа, Упани-шада, 
Махабхарата, Бхагавадгита т.с.с.
Үнді космогониясына (Дүниенің пайда болуы) келер болсақ, онда 
ол Пуруша – ғарыш адамымен байланыстырылады. Құдайлар оны 
құрбандыққа шалып, оның денесінен бүкіл Әлем пайда болады.


56
«Пуруша неше бөлікке бөлінді? Оның аузы мен бөксесі, қолы мен 
аяғы не нәрсеге айналды? Оның аузы – Брахманға, қолы – кшатриге, 
бөксесі – вайшьиге, аяғы – шудраға айналды. Ай – ойынан, Күн – 
көзінен, кіндігінен – кеңістік, тынысынан – жел, басынан – аспан, 
аяғынан – жер. Осылай Әлем жаратылды», – дейді Ригведа.
Ал Упанишадаға келер болсақ, дүниені жаратқан Брахман болып 
саналады. «Брахман – ең бірінші Құдай, бәрін жаратқан, бәрін 
сақтайды. Ол – дүниенің ең басы, себебі байланыстырушы». Оны қалай 
танып-білуге болатыны туралы сұраққа, «нети-нети» (ол емес, ол емес) 
деген жауап береді. «ол танылмайды, бұзылмайды, байланбайды, ауыс-
пайды ...».
Үнді мифологиясында адам – табиғаттың өсімдіктер мен жануар-
лар сияқты ажырамас бөлігі ретінде қаралады. Адам дене мен жаннан 
тұрады. Адам дүниеге келгенде, оның бойына жан келіп кіреді және 
ол сол адамның кармасын анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне 
қылмыскердің жан дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы 
мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын 
сақтаса, мокшаға (құтылу) – сансарадан құтылу дәрежесіне көтеріліп, 
бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке 
жетуі мүмкін.
Мифологиядағы моральдық мәселелерге келер болсақ, онда дүниеге 
байланбау, кемдерге көмектесу, еш нәрсені жәбірлемеу, өтірік айт-
пау сияқты талаптарға көп көңіл бөлінген. «Адам байлыққа қуанбауы 
керек: біз байлыққа ие бола аламыз ба, егер сені көрсек – Яма!»
(Яма – өлім Құдайы).
«Менің білетінім – байлықта тұрақтылық жоқ, өйткені мәңгілікке 
уақытшамен жетуге болмайды» деген дана сөздерді үнді мифологиясы-
нан табуға болады.
Үнді мифологиясының негізгі қағидалары соңынан пайда болған 
философиялық көзқарастарға өзінің зор әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет