Серік Мырзалы философия оқу құралы


Абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу



Pdf көрінісі
бет392/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу
әдісі – ғылымдағы кең 
қолданылатын және де қиын тәсіл. Оны жете түсіну үшін «сезімдік 
нақтылық», «ой нақтылығы» деген ұғымдардың мәнін ашып алуымыз 
керек. 
Көз алдымызда күнбе-күн кездесетіннің бәрін біз түйсіктеріміз 
арқылы біртұтас зат ретінде қабылдаймыз. Оны біз сезімдік нақтылық 
дейміз. Ол бізге заттың терең ішкі мәні жөнінде ештеңе айтпайды.
Ой нақтылығы дегеніміз зерттелген заттың дерексіз ұғымдар 
арқылы ішкі жан-жақты байланыстары мен қатынастарының бірлігін, 
олай болса, оның мәнін ашатын әдіс болып табылады.
Ой нақтылығына жету үшін ең алдымен сезімдік нақтылықтан 
дерексіз ұғымдарды жасауға өрлеу қажет. Ол үшін жоғарыдағы 
көрсетілген біршама тәсілдерді пайдаланып, белгілі бір тектегі 
заттардың ішкі қасиеттерін бөлек-бөлек көрсететін дерексіз ұғымдарды 
жинақтаймыз. Яғни сол саланы бейнелейтін санаттық (ұғымдық) 
жүйе жасалуы қажет. Бірақ бұл жасалған жүйенің кемшілігі – оның 
дерексіздігінде. Мысалы, бүгінгі таңдағы саясаттану ғылымында 
жүздеген ұғымы бар дерексіз демократия теориясы бар. Ал осы демо-
кратия теориясын нақтылай келгенде, ол әр елде әртүрлі келбетімен 
көрінеді. Өйткені әр елдің өз тарихи жолы, мемлекет жөнінде 
жинақтаған тәжірибесі, әдет-ғұрпы, соған сәйкес ділі (ой өрісі) т.с.с. бар. 


464
Сондықтан қазақ еліндегі демократиялық үдерістің нақтылы теориялық 
үлгісін жасау үшін, сол дерексіз ұғымдарды пайдаланып, дерексіздіктен 
нақтылыққа өтуге болады. Сонда ғана біз ой нақтылығына өтеміз.
Диалектика және метафизика
Енді танымдағы 
ең жалпы (жан-жақты, яғни философиялық) 
әдістемеге
келер болсақ, ол: 
А) барлық ғылым саласында қолданылады;
В) оның негізгі қағидалары нақтылы жүріп жатқан зерттеудің басы-
нан аяғына дейін басшылыққа алынады.
Ғылымда жан-жақты әдістеме қағидаларының болуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет